Семинар барысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың жас кезеңдеріне сай шығармашылық топтарға бөліну арқылы жүргізіледі. Топты тьютор бағыттап, бағдарлап отырады


Тьютор: Жарайсыздар! Енді экранға назар аударайық. Жалпы серуенге тоқталып өтсек. Баяндама тақырыбы



бет5/16
Дата05.02.2022
өлшемі3,25 Mb.
#16617
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Тьютор:

  • Жарайсыздар! Енді экранға назар аударайық. Жалпы серуенге тоқталып өтсек.

Баяндама тақырыбы: «Балалардың айнала қоршаған ортаға деген эмоцияналдық қатынастарын серуен кезіндегі қимылдық ойындар негізінде арттыру».
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты.
Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа - райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым - қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады.
Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Баланың жан - жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым - қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну - танып білу - жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет.
Ол үшін тиімді әдіс - тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Төменде берілген серуен кезінде ұйымдастырылатын бақылау үлгілері тәрбиешіге баланы қоршаған ортамен таныстыруға, серуенді дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет