Әлеуметтік жүйе (ағылш. Social system) – өндірістік және бейөндірістік салаларды тұтас қамтитын жүйе болып, әлеуметтануда ол тұлғалар, топтар мен институттар арасында болатын, біртұтас тұтастықты құрайтын қатынастардың жүйелі желісі. Әлеуметтік жүйе салаларының құрамы осы ая салалары жіктелімінің өзгеруіне сәйкес ауысып отырады. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің жіктеліміне сәйкес бейөндірістік ая салалардың 2 тобын қамтиды:
Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын салаларды (геология және жер қойнауын барлау; су шауашылығы; басқару, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, несиелендіру, т.б.)
Қызмет көрсетуі халықтың мәдени-тұрмыстық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыратын салаларды (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, білім беру, мәдениет пен өнер, жолаушы көлігі мен байланыс, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, т.б)
БҰҰ-ның халықаралық жіктегішіне (Халықаралық стандарттық шаруашылық жіктелімі) сәйкес қызметтің барлық салалары қызметтің белгілі бір түрін қамтитын 10 салаға бөлінген, олар: кен қазу өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіп, ауыл және орман шауашылығы, аңшылық пен балық аулау, электртехника, газ және су шауашылығы, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда, қаржы, сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, коммерциялық қызметтер (20 түрі бар), көлік, қойма шауашылығы және байланыс (20 түрі бар), коммуналдық, қоғамдық және жеке басылық қызмет көрсету (49 түрі бар), т.б. Халықаралық және отандық жіктелім арасында елеулі айырмашылық бар.
Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты, бұл қатынастар қоғамдық өндірістің сипаты мен құрылымына ықпалын тигізеді. Сондықтан қазіргі кезде басқару тәжірибесінде “әлеуметтік ая”, “бейөндірістік ая” ұғымдарымен қатар “әлеуметтік инфрақұрылым” (сауда, қоғамдық тамақтандыру, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының жиынтығы) ұғымы да қолданылады.
Қазіргі таңда ең көп қолданылатын әлеуметтік желілердің қатарына Facebook, Youtube, Whatsapp желілері кіреді. Facebook-те 2 млрд белсенді қолданушылары бар, ал қалған 2-де 1,5 млрд-тан астам қолданушылары бар. Зерттеу 2018 жылы "web-canapel.ru" сайтында жарияланды.