Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының қозғаушы күштерінің
Тапсырманы орындау түрі:Рower point форматында презентация жасау.
Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындау критерийлері, бағалау талаптары: Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.
Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.
Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.
Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.
Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.