Семинар Музей мекемесінің кадрлық ресурсы. Орындаған: Қыдырхан Санжар Қазіргі уақытта еліміздегі музей мекемесінің алдында тұрған өзекті мсәелелерді бірі – экономикалық жүйеге арнайы модернизация саласына ену. Бұл мазмұнның негізі музей жұмысын басқару және ұйымдастыру үшін қазіргі замани жолдар іздестіру бұл ұғым арнайы әдебиетте «музей менеджменті» деп аталады, сол сияқты музей мекемесімен қосымша қаражаттық меңгере алушылық, музей экономикасы жақсы дамыған елдерде «музей маркетингі» деген атауға ие болды.
Бұл терминдер нарықтық заман талаптарына сай музей iciнiң теориясы мен практикасына да менеджмент және маркетинг ұғымдарының енгізілгенін көрсетеді. Яғни мұнда, «Менеджмент», яғни «басқару» ұғымы өндірістi, мекемені басқарудың принциптерін, әдістерін, формалары мен түрлерін және интеллектуалдық, қаражаттық, кадрлық ресурстарды басқаруды білдіреді. Егер музей жұмысының нәтижелігін қамтамасыз eтетін маңызды фактор – адам ресурсы болып табылатынын ескеретін болсақ, онда музейдің нәтижелі жұмыс icтетy үшін музей кызметкерлері бip команда болып жұмыс icтeyгe ұмтылуып, музей қызметкерлері музей қызметтің барлық салаларынан хабардар болып отыруы, мекеме шеңберінде өткізіліп жатқан барлык icіне катысуы және іскерлікті дамытудың бip жолы ретінде қоғаммен тығыз байланыс орната отырып, заманауи технологияларды еркін меңгеріп, оны өз жұмыстарында тиімді пайдалана білуілері керек. Бұл өз кезегінде музей қызметін жарнамалауда, яғни музей маркетингінде аса қажет.
Музейлердің қызметі туралы кезінде Халықаралық музейлер кеңесінің Жарғысында «музей – жәдігерлер жинақтаумен, сақтаумен, зерттеумен, насихаттаумен айналысатын бұқара қауымға ашық қоғамның дамуына тұрақты қызмет ететін табыссыз мекеме» – деп деп қарастырылса, бүгінгі таңдағы музейлердің қызметі заман талабына сай өзгергені айқын. Бұл музей саласында «фандрейзинг» (ағыл. fund – ақшалай жабдықтау, raise – табу) деген терминнің туындауына әкелді. Бұл термин шет елдік музейлерде 1970-ші жылдардан бастап кең тарай бастаған. Фандрейзинг – коммерциялық емес жобаларды жүзеге асыру барысында қаржымен қамтамасыз етуді ұйымдастыратын кешенді жұмыс түрі. Яғни экономика саласында қолданылатын терминдерідің адамдардың қоғамдық-рухани құндылықтарын дамытатын, танымдық қабілеттерін арттыратын музей саласында да қолданылуы, бұл қоғамдық өзгерістерге байланысты туындап отырған заңдылық. Бұл істе шет елдігі ірі музейлерде маркетинг саласын жақсы дамығанын көруге болады. Ол үшін музей қызметіндегі маркетингтік жүйелерді қалыптастыру үшін музей аумағының құрылымы мен оның айналасындағы инфрақұрылымды ұйымдастырудың қажеттілігі жоғары. Бұл жағдайда қалалық басшылықпен жергілікті кәсіпкерлік ұйымдармен тығыз байланыс орнату қажеттігі лемдік тәжірибеден белгілі.
Мысалы, Италия мамандарының айтуынша, Пизаға келген туристер мұнараны ғана көріп қана қоймай, қала ішіндегі мейрамханалар, кафелер және дүкендердегі бағасының төмен болуына байланысты, туристік орталыққа деген қызығушылықты арттыра түссе, ал көптеген еуропалық қалаларда туристердің қызы,ушылығын арттыру мақсатында «туристтің қалалық картасын» ұсынады. Оның бағасына арнайы туристік автобустармен бірге қала ішіндегі серуен, сонымен бірге музейлерді аралау, мейрамханалар мен дүкендерге жеңілдіктер жасалады екен.
Ал Ресей ауамғындағы музей аумағында 3D, 4D, 5D форматтардағы қысқа метражды фильмдер, аннимациялық фильмдер, ғылыми көпшілік фильмдер көрсетіліп, музей дүкендерінде музей экспозициясына байланысты жасалған сувенирлер мен тауарлар сатылады. Бұл істер өз кезігінде музейге келушілердің, қала қонақтарының қызығушылығын арттыратыны белгілі.
Яғни музей маркетингі – музей ісін жандандыруда, оған көрермендерді тартуда, тек музей қызметкерлерінің музейді жарнамалауы, буклет таратуы, ғылыми басылымдарда мақала жариялауы, БАҚ-да жарнамалық мағұлматтар беруімен ғана шектелмейтінін, керісінше, қала басшылығымен және кәсіпкерлермен бірге жүзеге асырылатын музей қызметінің бір саласы болып табылады.