Семинар сабақ 15 Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат СӨЖ 30 сағат



бет3/4
Дата17.02.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9657
түріСеминар
1   2   3   4

Бекіту сұрақтары:

1. Финляндия Республикасының әкімшілік территориялық жағынан бөлінуі...

2. Финляндия Республикасының әрбір тұрғынына қанша гектар орманнан

келеді?


3. Фьорд – дегеніміз не?

4. Ең үлкен фьорд, оның ұзындығы...

5. Финляндия Республикасының астанасы – Хельсенкиде қаңтардың орташа

температурасы...

6. Финляндия Республикасында қанша көл бар?

7. Финляндия Республикасының ең үлкен көлі, оның ауданы...

8. Финляндия Республикасындағы бірінші унивеситет қай қаласында, қашан

ашылған?


9. Финляндия Республикасында Европада алғашқылардың бірі болып электр

жарығы 1882 жылы берілген қала...



Әдебиеттер: 7, 9, 16.
7 дәріс.

Дәріс тақырыбы: Америка Құрама Штаттары.

Мақсаты: Әлемдегі экономикасы ең дамыған елдердің бірі Америка Құрама Штаттарымен таныстырып, оның жоғарғы дамыған ел болу себебін географиялық орны, табиғи жағдайы және халқының ерекшеліктерімен байланыстыра түсіндіру.

Дәріс мазмұны: 1. Географиялық орыны. 2. Табиғат жағдайы.

3. Табиғат жағдайы. 4. Халқы. 5. Мәдениеті.

АҚШ-тың құрамы үш бөліктен тұрады: 1) «АҚШ-тың өзі» шығыстан батысқа қарай 4,7мың, солтүстіктен оңтүстікке қарай 3000 шақырымға созылып жатқан төртбұрыш тәрізді. Ол 20гр 30 мин пен 49 гр 23 мин с.е. пен 66 гр 57 мин және 124 гр 45 мин б.б. арасында жатқан, ауданы 7,83 млн ш.ш. 2) Аляска - ауданы 1,53 млн ш.ш., оны 1867 жылы орыс патшасы Александр II-ден 7,2 млн долларға шын мәнінде тегін алған. 3) Гавай Тынық мұхитындағы 24 арал, оның жалпы ауданы 16,7 мың ш.ш. Осы үш бөлігінің жалпы ауданы – 9363,2 мың ш.ш. Географиялық орны өте ұтымды. Ол елдің дамуына қолайлы, теңіз шекарасы 8000 шақырым. АҚШ-тың астанасы Вашингтон.

АҚШ-тың қазіргі табиғат жағдайының қалыптасуына мезозой дәуірінің ролі күшті болды. Пайдалы қазбалары отын энергетика шикізаттарына, темір, түсті металдарға т.б. бай. Ал техникалық алмас, хром, қалайы өте аз. Климаты солтүстік ендіктің 40 гр-нан солтүстікте қоңыржай, бұдан оңтүстікке қарай субтропикалық, ал Флоридада тропикалық. Қаңтардың орташа температурасы солтүстік және орталықта -18 гр. Ал оңтүстік батыста +12 гр. Жылдық орташа жауын-шашын орталық бөлікте 400-700 мм, ал солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жылдық жауын-шашын 1200-1500 мм.

Халқы 270 млн-дай адам. Оның ішінде 74,1% ақтар, 12,5% қаралар, 13,4% басқа этникалық топтар, ресми тілі ағылшын. Халқтың мұндай құрамы ХYII ғасыр басында Британ аралдарының тұрғындары – ағылшындар, шотландықтар, ирландықтар, француздар мен голландиялықтар Солтүстік Американың Атлант жағалауын өз отарларына айналдыруының нәтижесінде қалыптасқан және қазіргі иммигранттардан құралған. 1776 жылы 13 Британ колониясы жеке мемлекет Америка Құрама Штаттарын жариялады.

Бекіту сұрақтары:


  1. АҚШ территориясы қандай ендіктерде орналасқан?

  2. АҚШ территориясының ауданы қанша?

  3. Қай жылы АҚШ жеке мемлекет – Америка Құрама Штаттары деп

жарияланды?

  1. АҚШ территориясындағы өте аз пайдалы қазбаларды ата?

  2. АҚШ территориясының қай жерінде қоңыржай климат?

  3. АҚШ территориясының қай жерінде субтропикалық климат?

  4. Флорида түбегінен оңтүстікте қандай климат белдеуі орналасқан?

  5. АҚШ-тың оңтүстік-батысында қаңтардың орташа температурасы?

  6. АҚШ-тың солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жылдық жауын-

шашын мөлшері қандай?

Әдебиеттер: 6, 7, 9, 12.
8 дәріс.

Дәріс тақырыбы: Канада.

Мақсаты: Арктика, субарктика, оңтүстігі қоңыржай климат белдеуінде орналасқан Канада Федерациясының табиғат ерекшелігі туралы айтып, дүние жүзінде дамыған өнеркәсібі бар «үлкен жетілікке» кіретін елдің халқы мен шаруашылығына тоқталу.

Дәріс мазмұны: 1. Географиялық орыны. 2. Табиғат жағдайы.

3. Табиғат ресурстары. 4. Халқы. 5. Өнеркәсібі. 6. Ауыл шаруашылығы.

Солтүстік Америка материгінің солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхит, Тынық, Атлант суларымен шайылып жатыр. Оңтүстігі АҚШ-пен шектеседі, жер көлемі 9,971 млн ш.ш. Кордильер тау жүйесінің Канада жеріндегі ең биік жері – Логан тауы 6050 м. Қаңтардың орта температурасы солтүстігінде -35 -30 гр, оңтүстігінде -18 гр. Шілде солтүстігінде +4 +7 гр, оңтүстігінде +21 гр. Жауын-шашын солтүстікте 150 мм, батыс жағалауда 2500 мм. Канада көлдердің жалпы саны жөнінен дүние жүзінде 1-орын алады. Үлкендерінің өзі 200-ден астам. Елдегі орманның жалпы ауданы 440 млн га, оның 240 млн-ның өндірістік маңызы бар. Табиғатын 31 ұлттық парк қорғайды.

Канада дүние жүзіндегі дамыған өнеркәсібі бар «үлкен жетілікке» кіретін ел. Елде жылына 20 млн тоннадан астам қағаз өндіріледі. Ірі өнеркәсіп қаласы – Монреаль. Оны «Солтүстік Америкадағы Париж» деп атайды. Өйткені оның тұрғындарының 70% франко-канадалықтар. Батыс Канададағы үлкен экономикалық маңызды қала – Ванкувер. Бүкіл Канададағы ең жұмсақ климат осы қалада. Қала маңындағы ылғал климатқа байланысты ағаштар Канаданың басқа жеріне қарағанда 3 есе тез өседі. Мұндағы алып туяның биіктігі 80 метр. Дуглас қойнауында Китимат қаласы орналасқан, мұнда үлкен алюминий заводы қолдан жасалған сарқырамадан қуат алады. Лабрадорда темір рудасын өндіретін жерде дүние жүзіндегі ең автоматтандырылған темір жол бар. Лабрадор кен орыны игерілгеннен кейін Канада дүние жүзінде экспортқа темірді шығарудан 1-орынға шықты. Канада ауыл шаруашылығы құнының 60%-н мал шаруашылығы береді.



Бекіту сұрақтары:

1. Жер көлемі жөнінен Ресейден кейін екінші орындағы мемлекет...

2. Алғашқы европалықтар Канадаға қашан келген?

3. Қаңтардың орта температурасы Канаданың солтүстігінде ...

4. Канаданың батыс жағалауындағы жылдық орташа жпуын-шашын

мөлшері...

5. Канада көлдердің саны жөнінен дүние жүзінде алатын орны...

6. Канада табиғаты қанша ұлттық паркте қорғалады?

7. Канаданың қай қаласында жылдың 10 айы бойына мұхит суына шомылуға

болады?


8. Темір рудасын өндіретін жердегі дүние жүзіндегі ең автоматтандырылған

темір жол қай елде?

9. Дүние жүзінде темірді экспортқа шығарудан Канада...

10. Канададағы орман алқабының жалпы ауданы?



Әдебиеттер: 1, 6, 7, 9, 12.
9 дәріс.

Дәріс тақырыбы: Бразилия Федеративті Республикасы.

Мақсаты: Оңтүстік Америка материгінің 10 мемлекетімен шектесетін жер көлемі жөнінен 5-орын алатын Бразилия Федеративті Республикасының өзіндік ерекшелігімен орналасқан ендігіне байланысты табиғат жағдайларын айту.

Дәріс мазмұны: 1. Географиялық жағдайы. 2. Табиғат жағдайы.

3. Табиғат ресурстары. 4. Халқы. 5. Шаруашылығы.

Оңтүстік Америка материгінің шығыс және орталық бөлігінде 10 мемлекетпен шектеседі. Елдің Бразилия атауы жергілікті тұрғындар ашық-қызыл бояу алу үшін пайдаланатын пау-бразил шағын ағашынан шыққан Оңтүстік Америкадағы ең үлкен мемлекет, жер көлемі 8,5 млн ш.ш. Астанасы Бразилиа. Жері экваторлық, субэкваторлық және қиыр оңтүстік шығысы субтропикалық ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр, ең биік нүктесі Бандейра – 2890 м.Табиғат байлықтарынан теңіз қайраңынан мұнай өндіріледі, ол ел қажеттілігінің 50% өтейді, ағаштың қоры жөнінен дүние жүзінде 1-орында.

Халқы 175 млн адам, оның 157,2 млн – бразилиялықтар, этникалық құрамында ақтар 54,7%, негрлер 5,89%, мулаттар 38,45%. Елде 3 млн эмигранттар (жапондар, итальяндықтар, неміс, араб, француздар). Халықтың сирек қоныстанған жері Амазонка алабы, мұнда ел халқының 2% тұрады.

Бразилия экономикасының барынша дамыған саласы машина жасау. Жылына қант қамысынан алынатын этил спиртімен жұмыс жасайтын 1 млн-нан артық автомобиль шығарылады. Табиғат байлығының негізі темір рудасы. Осы отандық темірдің негізінде бүкіл Оңтүстік Америкадағы ең үлкен металлургия комбинаты Рио-де-Женейродан 150 шақырым жердегі Волта-Редондада. Бразилияда мата өндірудің орталығы Сан-Паулу. Бразилия ауыл шаруашылығында халқының 30% еңбек етеді. Оның өнімдерін шетке шығарудан АҚШ пен Франциядан ғана артта.

Бекіту сұрақтары:

1.Парамарибо Бразилия Федеративті Республикасымен шектесетін қай елдің астанасы?

2. Бразилия Федеративті Республикасы жер көлемі...

3. Бразилия Федеративті Республикасындағы мемлекеттік тіл...

4. Мұнай өндіру Бразилия Федеративті Республикасында ел қажеттілігінің қанша прцентін өтейді?

5. Ағаштың қоры жөнінен 1-орын алатын Оңтүстік Америкадағы ел?

6. Бразилия Федеративті Республикасында экономиканың барынша дамыған саласы?

7. 1960 жылға дейінгі Бразилия Федеративті Республикасының астанасы?

8. Бразилия Федеративті Республикасында халықтың қанша пайызы ауыл шаруашылығында еңбек етеді?

9. Ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығарудан Бразилия...

10. Бразилия Федеративті Республикасына жылына қанша туристтер келеді?

Әдебиеттер: 6, 7, 9.
10 дәріс.

Дәріс тақырыбы: Аргентина Республикасы.

Мақсаты: Оңтүстік Америка материгіндегі жер көлемі жөнінен екінші, халқының санынан үшінші орын алатын алып үшбұрыш формалы (оның табаны оңтүстік тропик белдеуінде, ал үшбұрыш төбесі Антарктиданың мұзды тынысын сезіп тұрады) елдің табиғатының өзіндік ерекшелігімен таныстырып, халқы мен шаруашылығына тоқталу.

Дәріс мазмұны: 1. Географиялық жағдайы. 2. Табиғат жағдайы.

3. Табиғат ресурстары. 4. Халқы. 5. Мәдениеті.

Оңтүстік Американың оңтүстік шығысындағы мемлекет. Астанасы Буэнос-Айрес. Елдің территориясы 22 провинция, астаналық федералдық округ және бір ұлттық территория – Отты жерден тұрады. Аргентинаның солтүстік шығысында Гран-Чако, Ла-Плата жазықтары орналасқан. Батысында Анд тауының биік шыңы Аканкагуа 6960 м. Анд тауының солтүстігінде таулы шөлді жерге тән климат, оңтүстігіде қоңыржай салқын. Жазық бөлігінің солтүстігіде қаңтардың орта температурасы 20-30 гр. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 900 мм. Патагония жағалауы кеме қатынасына қолайсыз, суы мол өзендері – Парана-Парагвай, Урагвай өзендерінде кеме жүзеді. Экономикасының дамуы жөнінен Аргентина Латын Америкасында Бразилия мен Мексикадан кейін 3-орында. Ағаш сүрегін өндіруден Бразилия мен Чилиден кейін. Өндіруші өнеркәсіппен басты орынды мұнай өндіру алады, бұдан регионда 3-орында. Ұлттық өндіріс өз халқының ішкі сұраныстарының негізгі бөлігін қамтиды. Өнеркәсіптің жиынтық өнімі құнының 1/3-ін металлургия, машина жасау, мұнай өңдеу алып отыр. Ауыл шаруашылық өнімдері экспорттың 70%, елге келетін ақшаның 75%, сонымен қатар ауыл шаруашылығы елдің тамаққа, өнеркәсіпке деген сұранысын түгел қамтамасыз етеді. Малшыларды Аргентинада гаучо деп атайды. Халқы негізінен Европадан көшіп келгендердің ұрпағы. Көпшілігі испандар мен итальяндар, басқа да Орталық Европа елдерінен келгендер. Жергілікті халық үндістер 30 мыңдай адам, олар кечуа және аймара тайпалары.

Бекіту сұрақтары:

1. Аргентина Республикасының мемлекеттік тілі...

2. Аргентина халқының 60% қай жерінде қоныстанған?

3. Аргентина Республикасының аз игерілгендіктен жабайы жануарлары

жақсы сақталған территориясы?

4. Аргентина Республикасының ауыл шаруашылығы ел халқының тамаққа

деген сұранысын қалай қамтамасыз етеді?

5. Жер көлемі жөнінен Латын Америкасы елдері ішінде екінші, халқы саны

жөнінен үшінші орын алатын мемлекет...

6. Аргентинаның урбандалу көрсеткіші қандай?

7. Аргентина Республикасының солтүстігінің қанша бөлігін тропиктік

ормандар алып жатыр?

8. Аргентина Республикасының қанша территориясы мал жаюға қолайлы?

9. Аргентина Республикасында жүзім мен бау шаруашылығы қай

провинциясында дамыған?

Әдебиеттер: 6, 7, 9.
11 дәріс.

Дәріс тақырыбы: Араб Республикасы Египет.

Мақсаты: Африка материгінің солтүстік-шығысында және Азиядағы Синай түбегінде орналасқан Араб Республикасы Египеттің географиялық орнына байланысты табиғатының өзіндік ерекшелігіне тоқталып, халқы және шаруашылығымен таныстыру.

Дәріс мазмұны: 1. Географиялық жағдайы. 2. Табиғат жағдайы.

3. Табиғат ресурстары. 4. Халқы. 5. Шаруашылығы.

Египеттің жер көлемі – 1001,4 мың ш.ш. Әкімшілік жағынан 27 мухафазаға бөлінеді. Египет тропиктік шөлді аймақта, Сахараның шығыс бөлігін ала орналасқан. Жердің 96% - шөл, қалғаны Ніл өзенінің аңғары мен атырабындағы шұрайлы аймақтар. Елдің ең ойпаң жері – Каттарда – теңіз деңгейінен 133 метр төмен, ең биік жері – Катерин тауы биіктігі 2637 метр Синай түбегінің оңтүстігінде. Көп жерінің климаты тропиктік ыстық, құрғақ континенттік, солтүстік бөлігі – субтропиктік. Жауын – шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде 200-400 мм, ал оңтүстігінде көп жылдар бойы тамшы тамбайды. Сирек оазистерде – тұщы судың жер бетіне жақын жатқан жерлеріндегі ойпаңдарда финика пальмасы, цитрустар өседі. Сахарадағы сирек елді мекендер осы оазистер маңында қоныстанады.

Қазіргі экономикасы нарықтық бағытта дамуда. Ауыл шаруашылығында өңделетін елдің 5% жері. Ол тамаққа деген сұраныстың бар болғаны 40%-н ғана қамтамасыз етеді. Еңбек ететін халықтың 40% осы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Жерде жұмыс істейтін шаруаны – феллах деп атайды. Өнеркәсібі басқа араб елдерімен салыстырғанда біршама дамыған. Оның басты салалары мұнай өңдеу, тамақ, тоқыма, металлургия. 1958 жылы елдегі алғашқы металлургия комбинаты Хеллунда іске қосылды. Мата тоқу орталықтары Махалла-әл-Кубра, Александрия т.б. қалаларында бар.

Халқының 98 % арабтар. Олардан басқа көшпелі бәдеуилер, берберлер (шөлді бөлігінде), түріктер, армияндар, итальяндар, ағылшындар, француздар, гректер көбіне қалаларда тұрады. Діні – ислам, 90% жуығы мұсылман, суниттер. Мемлекеттік тілі – араб, ақша бірлігі Египет фунты.

Бекіту сұрақтары:

1. Араб Республикасы Египет солтүстік-шығысында қай елмен шектеседі?

2. Араб Республикасы Египет халқының қанша пайызы арабтар?

3. Қай жылы Египет Республика болды?

4. Араб Республикасы Египет жерінің қанша пайызы шөл ?

5. Араб Республикасы Египеттің ең ойпаң жері...

6. Араб Республикасы Египеттің ең биік жері...

7. Араб Республикасы Египетте жауын-шашынның жылдық мөлшері

солтүстік бөлігінде – 200-400 мм болса, оңтүстігінде...

8. Араб Республикасы Египетте ауыл шаруашылығына өңделетін жер ел

территориясының қанша пайызын алып жатыр?

9. Қандай ауыл шаруашылығының өнімін өндіруден Араб Республикасы

Египет дүние жүзінде бірінші орын алады?

10. Бүкіл Африкадағы ірі университет қай қалада?



Әдебиеттер: 6, 7, 9, 18.
12 дәріс.

Дәріс тақырыбы: Оңтүстік Африка Республикасы.

Мақсаты: Географиялық орнының қолайлылығын, табиғат ресурстарын шаруашылыққа пайдалану дәрежесі, халқы мәдениетімен таныстыру.

Дәріс мазмұны: 1. Географиялық жағдайы.

2. Табиғат жағдайы.

3. Табиғат ресурстары.

4. Халқы.

5. Шаруашылығы.

Африка материгінің оңтүстігінде Атлант және Үнді мұхиттарының суларымен шайылып, 5 Африка мемлекеттерімен шектесіп, өзі Лесото Корольдігін қоршап тұр. Жер көлемі 1221 ш.ш. Астанасы – Претория 1,5 млн-нан астам халық тұрады. Оңтүстік Африка Республикасы таулы үстірттің оңтүстік шетін ала орналасқан. Шығысында Дракон таулары биіктігі – 3482 м. Оңтүстігінде Қап таулары. Пайдалы қазбаларынан алтын, уран, қалайы, марганец т.б. климаты ыстық және ылғалды. Жаз айларының орташа температурасы +18 +27, қыс айлары +7 +18. Жылдық жауын – шашын үстіртте 150-750 мм. Елдің шығыс жағына қарай саванна, Дракон тауларында мәңгі жасыл субтропиктік бұталар. Қап территориясынан бүкіл дүние жүзіне әр түрлі сәнді өсімдіктер тараған, Европадан мұнда астық тұқымдастар, жүзім шыбығы, алма, алмұрт т.б. әкелінген.

Халқы 42 млн. Байырғы тұрғындары банту тіл семьясына жататын халықтар, европалықтар 5,1 млн, олардың ішінде африканерлер – бурлар негізінен ХIХ ғасырда қоныстанған голландиялықтар ұрпағы. Мемлекеттік тілі – африкаанс және ағылшын тілі. Ресми тіл болып елдегі халықтың негізгі 11 тобының тілі болып есептеледі.

Оңтүстік Африка Республикасы экономикасы барынша дамыған индустриялы – аграрлы ел. Кейбір көрсеткіштері дамыған елдерге сәйкес келсе, ал кейбір көрсеткіштері «үшінші дүние» елдеріне жатады. Оған Африка континентіндегі өнеркәсіптің 40%, ауыл шаруашылығының 30% келеді. ОАР жүнді экспортқа шығарудан дүние жүзінде 4-орында. ОАР импорты машиналар мен жабдықтар. Экспорты пайдалы қазбалар, металл, химия және ауыл шаруашылық өнімдері.



Бекіту сұрақтары:

1. Оңтүстік Африка Республикасы солтүстігінде неше мемлекетпен

шектеседі?

2. Африканерлер дегеніміз кімдер ?

3. Ранд – қай Африка елінің ақшасы.

4. Оңтүстік Африка Республикасында халықтың тығыздығы қанша?

5. Қап колониясының негізі қай жылы қаланды?

6. Оңтүстік Африка Республикасында елдегі тұңғыш нәсілшілдіктің

жойылған жылы?

7. Оңтүстік Африка Республикасында қандай ұлттық парк бар?



Әдебиеттер: 6, 7, 9, 17.
13 дәріс.

Дәріс тақырыбы: Түркия Республикасы.

Мақсаты: Үш дүние бөлігінің қиылысында орналасқан, үш теңіздің суымен шайылып жатқан ел табиғатының ерекшеліктеріне тоқталып, табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығымен таныстыру.

Дәріс мазмұны: 1. Географиялық жағдайы. 2. Табиғат жағдайы.

3. Табиғат ресурстары. 4. Халқы. 5. Шаруашылығы.

Түркия территориясы және жағалық сулары арқылы су, құрлық, әуе жолдары өтеді. Түркия Батыс Азия мен Оңтүстік Шығыс Европадағы мемлекет. Территориясының 97% Кіші Азия түбегінде, 3% Европада. Солтүстігінде Қара, батысында Эгей, оңтүстігінде Жерорта теңізі шаяды. Жер көлемі 779,4 мың ш.ш. оның Европадағысы 23,7 мың ш.ш. Астанасы Анкара. Түркия Кіші Азия және Армян таулы қыраттары шегінде жатқан таулы ел. Жері батыстан шығысқа қарай 1600 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 500-600ш, ал теңіздік жағасы 7000 ш. Оңтүстігінде Тавр тау жүйесі оның биік нүктесі Демирқазық – 3726 м. Пайдалы қазбалардан хромит өндіруден ОАР, Оңтүстік Радезия, Финляндиядан кейін 4-орында, сынаптан Испания, Италиядан кейін 3-орында. Климаты субтропиктік, жерортатеңіздік. Қаңтардың орташа температурасы ойпатты бөлігінде солтүстікте +5 гр-тан оңтүстігінде +10 гр-қа дейін.

Халқы астанасы Анкарада қала маңымен қосқанда 4 млн халық тұрады, ал Стамбул қаласында 10 млн-нан астам халық тұрады. Халқы 63 млн-дай, оның 90%-ке жуығы түріктер, олардан басқа курд, араб, черкес, адыгей т.б. Ресми тілі - түрік тілі. Халықтың орташа тығыздығы 1 ш.ш.-ға 52 адамнан.

Түркия индустриялы аграрлы ел. Ел жылына 100 млрд квт/сағ қуат өндіріп, 75 мыңнан астам жүк, 250 мыңдай жеңіл машина шығарады. Ауыл шаруашылығында елдің егетін негізгі дақылы - бидай. Жерорта теңізі жағалауында цитрустар мен оливка өсіріледі. Ол елдегі ең басты майлы дақыл. Мал шаруашылығы жақсы дамыған. Ангор ешкілерінің түбіті өте бағалы. Елге жыл сайын 9 млн-нан астам туристтер келеді. Ел экспортының 80%-тен астамы өңдеуші өнеркәсіп өнімдері. Импорттың негізін мұнай, өнеркәсіп шикізаты, машина мен жабдықтар.

Бекіту сұрақтары:

1. Түркия Республикасының географиялық орнының ерекшелігі қандай?

2. Түркия территориясының Европада жатқаны жерінің пайызы...

3. Түркияның жер көлемі қанша?

4. Түрік Республикасы батыстан шығысқа 1600 шақырымға созылса,

солтүстіктен оңтүстікке қаншаға созылып жатыр?

5. Тавр тауының биік нүктесі...

6. Түркия климаты...

7. Түркия жерінде түгел жатқан өзен?

8. Анкара қаласы қашан Түрік Республикасының астанасы болып

жарияланды?

9. Түрік Республикасына жылына қанша туристтер келеді?

10. «Жылнамалар жинағы» деген еңбектің авторы?

Әдебиеттер: 7, 9, 13.
14 дәріс.

Дәріс тақырыбы: Жапония.

Мақсаты: Тынық мұхитының 4 мыңға жуық аралдарын, соның ішінде 4 ірі аралды қоныстанған Нихон - «Таң шапағы елі» аталған экономикасы жоғары дамыған елдің табиғаты, халқы, шаруашылығымен таныстыру.

Дәріс мазмұны: 1. Географиялық жағдайы. 2. Табиғат жағдайы.

3. Табиғат ресурстары. 4. Халқы. 5. Шаруашылығы.

Шығыс Азиядағы 4000-ға жуық аралдар мен оның ішінде ірі 4 аралды мекендеген ел. Ең үлкен арал – Хонсю – «басты» деген мағына береді. Евразия материгінің шығысында солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа қарай 3000 шақырымнан артық созылған, жер көлемі 372,2 мың ш.ш. жағалау сызығының жалпы ұзындығы жөнінен ол бүкіл Африкамен тең түседі. Азия – Тынық мұхит регионының орталығында орналасқандығы елдің халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне зор мүмкіншіліктер береді. Мемлекет басшысы импиратор. Ол мемлекеттің және ұлт бірлігінің символы.

Жапония жері биіктігі орташа және аласа таулы, ең биік жері – Фудзияма, биіктігі 3776 метр. Жыл сайын 5000-ға дейін жер сілкіну, орташа күніне 4 дүмпу болып тұрады. Территориясының 20%-ке жуығы жазық. Жапонияда қыстың орташа температурасы сол ендіктегі жердің басқа бөліктерінен едәуір төмен, бұл Азия максимумы әсерінен. Жапонияда өсімдіктің 5500түрі, ағаштардың 160 түрі өседі. Жануарларынан сүтқоректілер – 270 түрлі.

Жапония экономикасы жоғары дамыған ел. Дүние жүзінде АҚШ-тан кейін 2-орында. Өткен ғасырдың 80 жылдарында ол дүниедегі ең көп несие беруші елге айналды. Жапонияның үлесіне дүние жүзілік өнеркәсіп өнімінің 12% келеді. Ел кеме жасаудан 1-орында. Автотмобиль, трактор, металл өңдейтін құрал-жабдықтар, тұрмыс электроникасын, роботтар шығарады. Жапония энерго ресурстарға кедей. Ауыл шаруашылығында елдің 5,4 млн га немесе 14,3 % жері ғана өңделеді. Балық аулау жоғары дамыған. Бұл көрсеткіштен де дүние жүзінде 1-орында. Елдің алтын қоры – кез келген басқа елдерден артық. Жапонияның ешбір басқа елге қарызы жоқ. Жапония әкімшілік территориялық жағынан 47 префектурадан тұрады. Астанасы Токио (12 млн.).

Бекіту сұрақтары:

1. Жапония мемлекеті солтүстік – шығыстан оңтүстік – батысқа қаншаға

созылып жатыр?

2. Жапонияда халықтың орташа тығыздығы қанша?

3. Жапонияның урбандалу дәрежесі қандай?

4. Жапонияның ең биік жері – Фудзияма, биіктігі...

5. Жапония территориясының қанша жері жазық?

6. Жапонияда сөнбеген жанартаулардың саны – 40, ал жалпы саны қанша?

7. Жапонияда қыстың орташа температурасы сол ендіктегі жердің басқа

бөліктерінен...

8. Жапония территориясының орман...

9. Жапония қашаннан дүниедегі ең көп несие беретін елге айналды?

10. Жапония жерінің қанша пайызы ауыл шаруашылығына өңделеді?

Әдебиеттер: 6, 7, 9, 14.
15 дәріс.

Дәріс тақырыбы: Австралия Одағы.

Мақсаты: Австралия мемлекетінің материк-аралдық географиялық орнының ерекшелігіне байланысты табиғат жағдайлары және халқы мен шаруашылығы туралы айту.

Дәріс мазмұны: 1. Географиялық жағдайы. 2. Табиғат жағдайы.

3. Табиғат ресурстары. 4. Халқы. 5. Шаруашылығы.

Австралия – Австралия материгінде орналасқан жалғыз мемлекет. Оның құрамына Тасмания және басқа да көптеген аралдар кіреді. «Австралиа» - латын тілінен аударғанда оңтүстік дегенді білдіреді. Территориясы 7,7 млн ш.ш. Астанасы – Канберра, ерекше әкімшілік территория ретінде бөлінеді.

Жерінің басым көпшілігі жазық. Жер бетінің 95%-нің биіктігі 600 метрден аспайды немесе ең ежелгі, ең жазық материк. Орографиясына қарай 3-ке бөлінеді: 1) Батыс Австралия таулы үстірті, онда Вудрофф тауы 1440 м, Зил 1510 м, солтүстігінде Кемберлий тауы орналасқан. 2) Орталық ойпат биіктігі 100 метрден аспайды. Эйр көлі маңы Австралиядағы ең төмен жер, мұхит деңгейінен -12 м төмен жатыр. 3) Үлкен Суайрық жота – биік жері Косцюшка 2230 м. Австралия түгелдей дерлік +20-28 гр жазғы және +12-20гр қысқы изотермалар арасында жатыр. Өсімдік түрлерінің 75% - эндемиктер. Ормандар құрлықтың 2%.

Экономикасы жоғары дамыған индустриялы ел. Халықтың тұрмыс деңгейі жоғары. Химия, электроника, металлургия, автотмобиль жасау дамыған. Ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер 5%. Дүние жүзінде жоғары сапалы қой жүнін шығарудан 1-орында. Ауыл шаруашылығына қояндар көп зиян келтіреді, кактустан да зиян шегеді.

1788 жылы Австралияға ағылшындар алғаш қоныс тепті. Байырғы халқы -аборигендер 228 мыңдай адам. Қазір Австралияда 230 мыңдай бұрынғы СССР-дан қоныс аударғандар. Ресми тілі – ағылшын тілі. Ақша бірлігі – Австралия доллары. Х1Х ғасырдың 50 жылдарында Викториядан алтын кенінің ашылуы отар штаттар экономикасын көтере бастады. Осы кезде жаппай еркін имиграция басталды. Мельбурнда олимпиада стадионы бар.



Бекіту сұрақтары:

1. Тасман, Маржан, Арафур, Тимор теңіздері қай елді қоршап жатыр?

2. «Австралия» - латын тілінен аударғанда географиялық орнын бейнелейтін

қандай мағына береді?

3. Қай жылы Австралияға ағылшындар алғаш қоныс тепті ?

4. Жер бетінің 95%-ның биіктігі 600 метрден аспайтын қай материк?

5. Вудрофф, Зил, Кимберлий – Австралияның қай бөлігіндегі таулы

үстірттер?

6. Австралияда қанша көл бар?

7. Ормандар Австралия жерінің қанша пайызын алып жатыр?

8. Ауыл шаруашылығының қандай өнімін сыртқа шығарудан 1-орын

алады?


9. Австралия ауыл шаруашылығына зиян көп келтірген жануар?

10. Австралия ауыл шаруашылығына зиян келтірген өсімдік...



Әдебиеттер: 6, 7, 9, 10.


6. Практикалық сабақтардың жоспары.




Тақырыбы

Практикалық жұмыстың мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Елтану бағытындағы зерттеулердің әдістері.


а) «Елтану» анықтамасы.

б) «Елтану» мазмұны.

в) Елтану міндеттері.

г) Елтануды зерттеу әдістерін бөлу.



1

2. 45-48 б. б.


2

География ғылымдар жүйесіндегі кешенді елтану.


а) География ғылымдар жүйесіндегі кешенді елтанудың схемасын сызып талдау.

б) Геоэкожүйенің интегривтендірілген моделін құрып, схемаға талдау жасау.



2

1, 2. 17-19, 43-45 б.б., 4.


3

Кешенді елтану бағытындағы сипаттаманың негізгі тірек элементтері.


а) Жалпы жағдайын бөліп көрсету.

б) Территорияның барлық ресурстарды жинақтаудағы ролі.

в) Географиялық орыны.


3

1, 2. 94-104 б.б., 3.


4

Кешенді елтанудан сипаттама берудегі негізгі құрамдас бөліктер (элементтер).


а) Табиғаты

б) Жалпы жағдайы

в) Адам қоғамы өміріне табиғаттың әсерінің өте жоғарылығын көрсету.

г) Адам қоғамы өміріне жер беті бейнесі мен зоналылықтың әсері.



4

2. 117-126 б.б.


5

Венесуэла Республикасы.


а) Венесуэла Республикасының табиғи ресурстары.

б) Венесуэла халқы.



5

7. 459-461 б.б., 9.


6

Физикалық география және кешенді елтану.

а) Елтанудағы физикалық географияның ролін бөлу.

б) Елтану бағытында жазылған еңбектерімен танысу.

в) Кешенді елтану мен ландшафттану арасындағы байланысты ашу.


6

2. 40-41 б.б.


7

АҚШ-тың экономикалық аудандарына сипаттама.

а) АҚШ-тың бұрынғы экономикалық аудандары.

б) АҚШ-тың қазіргі экономикалық аудандарының даму ерекшеліктері мен экономикасының дамыған салаларымен танысу.

в) Елдің дамуы қалыңқы ауданымен танысып, себебін анықтау.


7

6, 7, 9.


8

Қоғамдық география және кешенді елтану.

а) Кешенді елтанудағы қоғамдық географияның ролін айқындау.

б) Кешенді елтану мен шаруашылық географиясының бір ережеге бағынатын себебін түсіну.

в) Теориялық материалды меңгеруге арналған сұрақтарға жауап беру.


8

1, 2. 41-45 б.б., 6.

9

Елтану бағытындағы территорияның «төлқұжаты».

а) Теорриторияның елтану бағытындағы «төлқұжаты» деген түсінікті талдау.

б) Осы «төлқұжаттың» кез келген аймақ пен ауданды игеру үшін қажеттілігіне көз жеткізу.

в) Географияның жаңа бағыты – географиялық сараптаудың пайда болуы үшін «төлқұжатты» нақтылай түсуіне көз жеткізіп теориялық сұрақтарға жауап беру.


9

2. 60-62 б.б.


10

Испания, Португалия елдеріне салыстырмалы сипаттама.

а) Физикалық картаны пайдаланып Испания мен Португалия еліне физикалық-географиялық сипаттама беру.

б) Экономикалық картаны пайдаланып екі елге экономикалық-географиялық сипаттама беру.

в) Нәтижелерін салыстырып, Бір ендікте, бір түбекте орналасқан елдердің табиғатындағы ұқсастық пен айырмашылықты айқындап, бұл елтану бағытында сипаттатама бергенде әр елдің «өзіндік» ерекшелігін көрсететіндігіне көз жеткізу.


10

6, 7, 9.


11

Территорияны сипаттаудағы түсініктің ролі.

а) «Әр адам белгілі бір дәрежеде елтанушы» дегенді қалай түсінесің, мысал келтір.

б) «Жердің бейнесі бір жағынан объективті, сонымен қатар субъективті» дегенді қалай түсінесің, мысал келтір.

в) Теориялық материалды оқып, сұрақтарға жауап беру.


11

1, 2. 32-34 б.б. 5, 6.

12

Үндістан Республикасына кешенді сипаттама.

а) Үндістанның мемлекеттік шекарасын кескін картада жүргізіп, көрші елдерін астаналарымен белгілеу.

б) Карталарды пайдаланып табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарын сипаттау.

в) Экономикалық картаны пайдаланып, табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарын шаруашылығында қалай пайдаланатынын анықтау.


12

6, 7, 9.


13

Сауд Аравиясы Корольдығы.

а) Карта мен әдебиеттерді пайдаланып Сауд Аравиясы корольдігінің географиялық орны мен табиғат жағдайы және табиғат ресурстарын сипаттау.

б) Табиғат ресурстарынан мұнайдың қоры жөнінен әлемде 1-орын, ал мұнайды шетке шығарудан 15-орындағы елдің экономикалық жағдайының сипатын анықтау.

в) Мемлекеттік құрылысының ерекшелігі, халқы туралы сұрақтарға жауап беру.


13

7, 9.

14

Жапонияның сыртқы экономикалық байланыстары.

а) Әдебиеттерді пайдаланып дөңгелек диаграмма арқылы Жапонияның сыртқы сауда жасайтын елдері мен олардың әрқайсысымен сауда мөлшерін пайызбен көрсету.

б) Әлем елдеріне негізгі несие беруші, өзінің ешбір елге бере жағы жоқ, инфляциясы ең төмен т.с.с. ерекшеліктерін көрсетіп, дамуының негізін тұжырымдау.



14

6, 7, 9.

15

ТМД географиясындағы елтану мектебі.

а) СССР-да елтану мектебінің негізін қалаған ғалымдарды көрсету.

б) Н.Н.Баранскийдің еңбегіндегі экономикалық географиялық әсіресе Елтанудың теориялық және практикалық жағынан дамуының бағытын талдау.



в) Географ мамандар үшін маңызды елтану курсында қаралатын мәдениет, қоғам, экология жайы мен территориялардың шаруашылығы мен халқының болашағының жайын білу маңызына түйін жасау.

15

1, 2. 32-34 б.б., 5, 6.





түсіндіруге мүмкіндігі болу.

Кешенді елтану бағытындағы сипаттамаға қойылатын бұл талаптар көлемі әр түрлі территорияларды сипаттағанда да ерекше белгілерін көрсетуге де қолданылады.

Бірақ көп жағдайда өте көп ақпарат беретін кешенді елтану сипаттама да кейде қарастырылып отырған территорияның мәселелері мен толық бейнесін бере алмайды. Мұндай сипаттаманы Н.Н.Баранский «ауыр сұмдық» (тяжелым кошмаром) деп атаған, ал Ю.К.Ефремов мұндай жұмыстарды «территорияның сыртқы белгілерін сипаттау» деп атады.


Сабақтың барысында:

  1. Теориялық бөлімде (дәрісте) өткен елдер мысалында сол елдердің әр қайсысының географиялық «төл құжатын» анықтау.

  2. Кешенді елтанудың география ғылымы мен мәдениет арасын байланыстырудағы ролін көрсету.

  3. Кешенді елтанудың елтану бағытындағы және алға мәселе қойған (проблемные или целевые) типтердің арақатынасын көрсету.

  4. Елтану бағытында сипаттама беру үшін Н.Н.Баранский қойған 3 талапты талдау.


Өткізуге әдістемелік нұсқау: Кешенді елтану бағытында сипаттама берудің географиялық әдебиеттермен қатар көркем әдебиет шығармаларында да көптеген үлгілері бар. Солардың тапқандарын материалдарға тіркей беру.
Бекітуге арналған сұрақтар.

  1. Елтану бағытындағы сипаттама неше типке бөлінеді?

  2. Н.Н.Баранскийдің 1946 жылы елтану бағытында шыққан еңбегі қалай аталады?

  3. «Страноведение и география физическая и экономическая» кітабының авторы кім?

  4. Н.Н.Баранский елтану бағытында сипаттама беру үшін жинақталған материалға қанша шарт қойды?

Әдебиеттер: 2. 13-14 б.б.
1 апта

2 кредит сағат

Тақырыбы: Картография. Картографиялық әдіс және кешенді елтану.

Мақсаты: Барлық географиялық ғылымдарды картографиядан бөліп қарауға болмайтындығын елтану пәні негізінде нақты түсіндіру.

Өткізу формасы: Сұрақ-жауап, әңгімелесу формасында.

Теориялық бөлім.

Географиялық картография және картографиялық әдіс барлық география ғылымдарының дамуында ең басты роль атқарады. Ол әр қашанда ұлы географияның даңқты дәстүрі болды. География ғылымдары жүйесінде оның географиялық картографиямен байланысы Ресей мен ТМД-да географияның дамуында әр қашанда маңызды орын алды. Оның себебі карта мен картографиялық әдістердің әмбебаптылығы ғана емес, сондай-ақ картографиялық шығармалардағы өте көп географиялық мәліметтердің болуында емес. И.П.Герасимов картография мен кешенді елтанудың теориялық, практикалық мәдени мүмкіндігін жоғары бағалаған болатын. Ол 1960 ж. географияның жаңару кезеңінде былай деп жазған болатын, бұл «два странных раздела географии... эти две самостоятельные географические дисциплины всегда играли важную роль для теоритического обобщения, практического использования ипопуляризации научных знаний». Бұл ойда ол картография мен кешенді елтану географияның ғылыми білімдерін, теориялық қорытындылармен оларды практикада пайдалануда басты роль атқаратын жеке дара салалары екенін көрсеткен.

Әрбір географиялық ғылым үшін ең бастысы картографиялық әдіс (бұдан кешенді елтану да тыс қалмайды). Әр түрлі теорияның зерттеу бірнемесе бірнеше карталарға таңдаудан басталады. Территорияны зерттеу негізінен жаңа мәліметтері бар жаңа картаны жасаумен аяқталады. В.П.Семенов Тянь-Шаньский және Н.Н.Баранский толық негізбен карталарды географиясының альфісі мен омегасы деп атаған (ежелгі грек алфавитінің бастапқы және соңғы әріптерімен).

Тақырыптық карталардың жалпыға белгілі міндеттері территорияны ғылыми танумен оның бейнесін, табиғат пен шаруашылығы және халқының арасында байланысты көрсету.

В.П. Семенов-Тянь-Шаньский картаның ерекше ролін былай көрсеткен болатын: «... в географии она все, и без нее шагу нельзя ступить». Бұл жоғары деңгейде географияны оқытуға сәйкес келеді.

Картаны құру үшін елтану материалдарымен оның білімдері өтемаңызды. Географияның әр түрлі саласындағы мамандардың бірлесіпжасаған жұмыстары елтанушылар мен картографтардың ғылыми картографиялық шығармашыларды дайындап шығаруын қамтамасыз етеді. Карта территорияның көп өлшемді географиялық моделі, мұнда жан-жақтымәліеттер беріледі. Картаны оқу, білу, олардан көптеген мәліметтер алу, оны ойланып география жағынан түсіндіру жалпы географиялық мәдениетпен және географиялық, елтанулық бағыттағы ойдыкөрсетеді.

Кешенді елтану мен географиялық картографияның арасында ортақ нәрселер аз емес. Олар белгілі бір территориядағытабиғат, шаруашылық және халықтың жүйелі түрдегі байланысының мәліметтерін жүйелейді.Кешенді елтану мен географиялық картографияның арасындағы тығыз байланысты байқағанда олардың кешенділігі аналогиясы көрінеді. Географиялық картографиялаудағы басты бағыттардың бірі көптеген тақырыптарды қамтыған тақырыптық карталар мен атластарды шығару. Олар картографиялық формада территорияны толық бейнеледі. Кешенді елтану бағытындағы сипаттамаға аймақтық және ұлттық атластар өте жақын келеді.

Кешенді елтанудағы сияқты картографиялық шығармалардың кейбір түрінің негізгі объектісі ретінде елдер саналады. Осындай картографиялық шығармалар қатарына ұлттық атластар жатады. Олар ел туралы жан-жақты өзара байланысқан мәліметтер береді.

Бұрынғы СССР-да кешенді географиялық атластар республикалар мен региондар үшін шығарылды. Сондай-ақ, АҚШ, Африка, Латын Америкасының атластары шығарылған болатын. СССР-да шығарылған және советтік мамандар қатысымен құрастырылған Куба мен Монголия атластары жоғары бағаға ие болды.

Бірақ осы уақытқа дейін Ресейдің ұлттық атласы шығарылмаған. Оны жасау Ресей ғалымдар мен картография өндірісінің алдағы міндеті. Бұл болашақтың ісі, жаңа атлас Ресей территориясын тиянақты зерттеуге мүмкіндік береді.



Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Картография мен кешенді елтанудың арасындағы байланыс жөнінде өз пікіріне жазған ғалым кім?

  2. Әр түрлі территорияны зерттеу неден басталады?

  3. Кез келген территорияның зерттелуі немен аяқталады?

  4. Картаны географияның альфісі мен омегасы деп атаған ғалымдар?

  5. «... В географии она все, и без нее шагу нельзя ступить» - деген кімнің сөзі және онда не туралы айтқан?

  6. Территорияның көп өлшемді моделі?

  7. Бұрынғы СССР-да кешенді елтану бағытында шыққан қандай картографиялық шығармаларды білесіздер?

Өткізуге әдістемелік нұсқау: Ол үшін «саяси географиядан» «халықтар географиясы» алған білімдерді пайдалана отырып, студенттердің өмір тәжірибесімен ұштастыру.

Әдебиеттер: 2. 41-45 б.б.

2 апта

4 кредит сағат

Тақырыбы: Адам мен табиғаттың арақатынасы, мысалдар келтіріп шығарма жазу.

Мақсаты: Адам мен табиғаттың арақатынасы адамзат Жер планетасын қоныстанғаннан бері келе жатқан мәселе. Ол қазіргі ҒТР заманында бұрынғыдан да өткірлігін ұғындыру.

Өткізу формасы: Конференция сабақ.

Теориялық бөлім.

Барлық география үшін адам мен табиғаттың бірлескен шеберлігі маңызды роль атқарады. Бұл жағдай адам қоныстанып, игеріп тіршілік еткен құрлықта барлық тарихи-географиялық кезеңге де тән. Қазіргі қоғамның дамуы кезеңінде бұл бірлестік жаңа өлшеммен бірігуді тереңдете түсуде. ҒТР-ның тереңдей түскен кезінде де бір жерден екінші жердің айырмашылығы азаймайды. Сондықтан кешенді елтанудың территорияларды танып-білу маңызы арта түседі.

Құрлықпен қатар бүкіл жер шары түгел дерлік топографиялық, жалпы географиялық және тақырыптық карталармен, космостан түсірген суреттермен түгел «жабылып», зерттелген сияқты.

ХХ ғасырдың басында американ зерттеушісі Р.Пири қазір тек Солтүстік және Оңтүстік полюстар маңындарын ғана зерттеу қалды деп мәлімдеген болатын. Міне, одан бері жүздеген жылдар өтсе де тіпті ертеден қоныстанып, игерілген территориялардың әлі толық зерттелмегені ақиқат болып отыр. Бұл жағдай ертеден қоныстанған территориялардың тұрақты дамуы мен ондағы туындайтын дағдарысты жағдайларды шешуге және жаңа территоияларды игеруге кедергі болып отыр. Соның ішінде соңғысы өте маңызды. Мысалы, Ресейде мұндай территория елдің 45% алып жатыр. Ресейден шыққан Бельгия ғалымы Нобель сыйлығының лауреаты Илья Пригожин өзінің бір жұмысын «Мы только начинаем понимать природу» деп атаған. Бұл бәрінен де табиғат, шаруашылық және қоғам арасындағы территориялардағы байланысты зерттеуге қатысты. Адам әрекеті іздерінің нәтижесі жер планетасында Антарктида да көрінуде. Табиғи-территориялық жүйе қазір көбіне «табиғи – антропогендік» немесе «табиғи – техногендік» жүйе болуда. География мен кешенді елтануда территорияның дамуындағы болжау сияқты жаңа міндет пайда болды. Бұл мәселе географияның тек сипаттама беретін ғылымнан іргелі, кешенді болашақты болжайтын ғылымға айналуымен байланысты біртіндеп жүзеге асады.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет