Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 21 сағат СӨЖ 45 сағат Рейтинг 2 Емтихан 2 Барлығы 70 сағат



бет10/12
Дата01.06.2017
өлшемі2,05 Mb.
#17455
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тексеру сұрақтары:

Аристофан – комедияның атасы. Өмір жолы. Шығармалары.

“Ахарндықтар”, “Салт аттылар”, “Бұлттар”, “Құстар”, “Лисистрата”, “Әйелдер мейрамда”, “Құрбақалар”, “Халық жиналысындағы әйелдер”, “Байлық” және т.б.

Комедиялардың мазмұндық, сюжеттік, идеялық ерекшеліктері.

Аристофан – ежелгі грек комедиясының көрнекті өкілі.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

23 Дәріс. Шекспир шығармашылығы.



Қарастырылатын сұрақтар: Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир. Өмір және шығармашылық жолы. Драматургиясы.

Дәріс мақсаты: Студенттерді ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспирдің өмір және шығармашылық жолымен, драматургиясымен таныс ету.

Дәріс мазмұны:

Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир 1564 жылы 23 апрельде Эвон өзені бойындағы Старфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген.Болашақ драматургтың әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді.

Жас ақын осы туған қаласындағы «Грамматикалық мектепте» оқиды.Бұл мектеп негізінен латын тілін,қала берді көне грек тілін оқытушы еді.Бірақ әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай,16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады.Сөйтіп,ол бірде ет сатушының шәкірті болса,енді бірде ауылдық мектепте репетитор қызметін атқарады.

Шекспирді жергілікті ірі помещик Томаса Люси қорығындағы бұғыларды жасырын түрде ауладың және сатиралық балладаңа іліктірдің деген сылтаумен жазалауға бұйырады.Осы кезде туған қаласы Стратфордты тастап Лондонға кетеді.

Лондонға келгеннен кейін Шекспир өзі жақсы көретін театрды төңіректейді.Әуелде театрға келушілердің атын бағушының міндетін атқарса,соңынын бірте-бірте актерлікпен,одан әрі дрматургиямен шұғылданады.

Лондонға келген алғашқы күндерінен-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланыста болады.Оның пьесалары алғаш рет осы қаладағы студент-жастардың күшімен қойылып,соңынан театр сахнасына ауысып отырады.Ол өзі жзаған пьесаларының театрда орындалуына басшылық етеді,сонымен қатар өзі де актер болып ойнайды.

1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа оралады да,1616 жылы 23 апрельде қайтыс болып,осы қалаға жерленеді.

Шекспир жайлы бізге келіп жеткен мәліметтер тым аз.Оның шығармаларынан бізге белгілі «Венера мен Адонис» 1593 және «Лукреций» 1595 атты екі поэмасы мен «Асауға тұсау»,»Оттело»,»Ромео мен Джульетта» сияқты 36 пьесасы және 154 сонеті бар.

Жалпы алғанда,Шекспирді біз дүние жүзінің ұлы драматургтарының бірі ретінде танимыз.Оның «Оттелосы»,»Король Лирі»,»Гамлеті»,»Дауыл», «Қысқы ертегі» пьесалары мен еңбектері Шекспирдің үлкен ақын әрі жазушы екенін танытады.

Шекспир пьесалары республиканың көптеген театрларында күні бүгінге дейін үздіксіз қойылып келеді.»Оттело»,»Асауға тұсау»,»Ромео мен Джульетта»,»Гамлет»,»Ричард 111» трагедиясы және соннттері қазақ тіліне аударылып басылды.



Тексеру сұрақтары:

Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир.

Өмір және шығармашылық жолы. Драматургиясы.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
25 Дәріс. Сервантес шығармашылығы.

Қарастырылатын сұрақтар: Мигель де Сервантес Сааведра. Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары.

Дәріс мақсаты: Студенттерге Мигель де Сервантес Сааведраның өмір және шығармашылық жолы, шығармалары туралы мәлімет беру.

Дәріс мазмұны:

Мигель де Сервантес Сааведра 1547 жылы 9 октябрьде Мадрид қаласына жақын жердегі Алькала-де-Энарес деген бір шағын қалада дүниеге келеді.Оның әкесі дәрігерлікпен күн көрген,әбден кедейленіп біткен бір идальго еді.Мигелдің жас шағынан білім алуына кедейлік кесірін тигізеді.Сөйтсе де оның балалық шағынан әдебиет пен театрға құштарлығы мектепте алған мардымсыз білімін өздігінен дамытуға жетеледі.Ол тіпті кішкене кезінен-ақ ақын,драматург,жазушы болуды армандады.Мигельді Мадрид қаласында оқытқан,адамгершілігі мол ұстазы оның бұл дарының дами түсуіне барынша көмектеседі.Осы кезде жоқшылықтың ащы зардабы Сервантесті еріксіз қызмет іздеуге мәжбүр етті.Әйтсе де ол Испанияда қызметке орналаса алмады.Сондықтан 1569 жылы кардинал Аквавиваның нөкеріндегі жай қызметші болып Италияға,Римге кетеді.Адамгершілігін қорлаған бұл қызметке де көне алмай,папа,Испания королы Филипп 11 және Венеция республикасы түріктерге қарсы жариялаған соғыста соғысып жатқан армияға өз еркімен кіріп,4 жыл соғысқа қатысады.Ол өзінің қахармандығы арқасында полкте жақсы атаққа ие болса,жалынды рухы мен жайдары мінезі үшін достары арасында да зор құрметке бөленеді.Мигель осы соғыста кеудесінен ауыр жараланып,соның салдарынан сол қолы істен шығады.Ол кейінгі кезде «Оң қолымның даңқын асыру үшін сол қолымды құрбан еттім» ,-деп әзіл айтатын.

Соғыс басылған соң,1575 жылы Сервантес туған еліне қайтпақ болады.Испанияда,Римде және Неапольде болады.Итальян гуманистерінің маңдай алды шығармаларымен танысу арқылы көптеген әдеби жоспарлар құрумен,қайткенде де соны іске асыру ниетімен өз еліне,Мадридке қайтады.Жолда Сервантес отырған кемені маврдың теңіз қарақшылары қолына түсіріп,Алжирға алып кетеді.Сөйтіп,Сервантес 5 жыл тұтқында жүреді.Өлімге басын байлап,қашуға қаншама рет әрекет жасаса да,ештеңе шықпайды.Ең ақырында 1580 жылы көп құн төлеп босанады да,Испанияға жетеді.Отаны оны көңілсіз қарсы алып,ерлігімен даңқы шыққан мүгедек жауынгерді көшеде қалдырады.Ал Мигельдің әке-шешесі де бұл кезде жартылай қайыршылықта өмір сүретін.

Осы кезде Сервантес әдебиетпен қатты шұғылданады.Бірақ шығармалары ескі әдеби үлгімен жазылғандықтан ылғи сәтсіздікке ұшырайды.Оның өзіне тән дарындылығы шарықтап өспейді,өлеңдері де елеусіз қалады.Ал «Галатея» 1585 атты қойшы өмірінен жазған романы да сәтсіздікке ұшырайды.20-дан астам драма жазса да,олар сахнаға бір-ақ рет қойылудан ары бармайды.Сөйтіп,Сервантес қайыршылыққа тап болады.1587 жылы ол Мадридтен кетіп,астық және салық жинаушы болып істей жүріп,Испанияның шалғай түкпірінднгі шаруалар мен байлардың және дворяндардың салт-сана,әдет-ғұрпымен танысады.1597 жылы Сервантес қазынаның көп ақшасынан айрылып,сол үшін 1604 жылға дейін дүркін-дүркін түрмеге түсіп,бұрынғыдан жаман қайыршыланады.Сонда да қажымас қайратты Сервантестің рухы бір төмендейді.Ол осы жылдарда 1605 өзінің «Дон Кихотының» бірінші бөлімін жазып шығады.Бұл шығарма оқушы жұртшылыққа ұнайды.Сонымен бірге бұл еңбек дүние жүзі ұлттарының тіліне аударылып,кітап болып шыға бастайды.Сөйтіп,Сервантес данышпандығы бірден білініп,күллі оқушы жұртшылықты өзіне керемет баурап алады.Ол «Дон Кихоттың» екінші бөлімін жазудан басқа 1615,көптеген құнды новеллалар,»Парнасқа саяхат» 1614 деген сықақ поэма,оннан астам күлдіргі шығармалар жазып,ең соңында фантастикалы жаңа романын жазып жүргенде аяқтай алмай,1616 жылы 23 апрельде Мадрид қаласында қайтыс болады.

1605 жылы Испанияда жұртшылықтың назарын бірден өзіне аударып алған бір кітап шықты.Бұл кітап сол кезде бүкіл ел құмартып оқыған серілер жөніндегі романдарға жазылған өткір әрі қызық сықақ еді.Бұл кітапты жазуда Сервнтес өз алдына «Қисынсыз серілік тарихтарды оқудан жұртшылықты бездіру» ісін міндет етіп қойды. Ол мақсатына автор жетті де «Дон Кихоттан» кейін серілер жөнінде жазылған романдар сәннен шығып қалды да оның орнына сол романдарға жазылған осы сықақ өмір сүріп қала берді.

Сервантес өзінің «Дон Кихотында» өмрір шындығымен санаса алмайтын адамның бейнесін шебер көрсетеді. Қайғылы бейненің серісі – ең жақсы ниетпен рухтанған адам. Ол жәбір – жапа шеккендерді және тепкіде жүргендерді қорғағысы келеді. Дүние жүзіндегі зорлық – зомбылықты, езушілікті жойғысы келеді. Бүкіл дүние жүзіне әділдік пен бостандық орнауын арман етеді.

Дон Кихот осы ұлы идеяны жүзеге асыру жолында асқан жан қиярлық, қаһармандық, ерлік көрсетеді. Ұлы ісі үшін өзін құрбан етуге әзір екендігі жағынан оны еріксіз құрметтейсіз.

Сервантестің «Дон Кихоты» қазақшаға аударылып, 1952 жылы жеке кітап болып шықты.



Тексеру сұрақтары:

Мигель де Сервантес Сааведра.

Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
27 Дәріс. Данте шығармашылығы.

Қарастырылатын сұрақтар: Ренессанс дәуірінің алғашқы ұлы өкілі – Данте Алигьери. Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары. «Құдіретті комедия».

Дәріс мақсаты: Студенттерге Ренессанс дәуірінің алғашқы ұлы өкілі – Данте Алигьери өмірі және шығармашылық жолы, шығармалары туралы толық мағлұмат беру.

Дәріс мазмұны:

Итальяның қайта өрлеу дәуіріндегі әдебиетті зерттеуде ең алдымен аталатын есім – Ренессанс дәуірінің алғашқы ұлы өкілі – Данте Алигьери. Ол 1265-1321 жж. өмір сүрген. Данте екі ұлы тарихи кезең аралығында тұрған ауыспалы уақыт ақыны.

Европаның ортағасырлардағы елдерінің алдыңғы қатарында Италия тұрды. Батыс Европа мен шығыс елдерінің арасын байланыстырып тұрған сауданың ерте дамуы Жерорта теңізінің бассейінде орналасқан Италия елі үшін өте қалайлы георафиялық жағдай болды. Шығыс елімен сауда арақатынасы қалалардың тез дамып, өркендеуіне әсерін тигізді. Басшылықтың республикалық әдісімен басқарылған Европада феодальдық сеньорлардың қол астынынан бөлініп шығады.

Қалалық коммуналардың құрылуы Италияның шығыс бөлігінде XI ғ. басында басталып, XII ғасырдың соңында аяқталады.

Италияның бос қала-республикалары тауар-ақша шаруашылығының алғашқы орталығы болды.

XIV ғасырдың өзінде – ақ капиталистік мінез-құлыққа ие болған сыртқы шығынға есептелген өндіріс Италияның шығыс қалалары Флоренцияда, Миланда ерте дами бастады. Тез арада өзгерген көпестік капиталдар, жайлап – жайлап өндіріске араласып бастады. Сөйтіп, италияндық көнесі өндіруші – капиталистке, ал өндіруші – капиталистен көпеске айналады.

Италияның экономикалық дамуындағы айтылған процесстеритальян қоғамының әлеуметтік құрылымында айтулы өзгерістер әкелді.

Италиялық барлық қала- комунналар бір-бірімен жиі қараласып тұрды. Елдің феодалдық дәуірдегі экономикалық және саяси жағдайы осылардың әсерінен жемісті түрде дамыды. Әсіресе, саяси күрес сауда өндірістік Флоренцияда жақсы өрістеді. Италияның XII- XIV ғғ. Мәдени орталығы саналған Флоренция ұлы ақын Дантенің отаны болатын. Флоренцияның қоғамдық өміріндегі барлық жағдай тек ақын ғана емес, Флоренцияның белгілі саяси ағартушысы болған Дантенің өмірі мен шығармашылығымен тығыз байланысты болатын. Данте 1265 ж. Флоренцияда дүниеге келеді. Оның әкесі гвельдтер партиясында болатын. Кәмелеттік жасқа жеткеннен кейін Данте 1283 ж. цехқа дәріханашы және дәрігер болып жазылады. Бұл цех Флоренциядағы ең үлкен жеті цехтің бірі еді. Ол ортағасырлық мектепте білім алады. Осы мектеп жасында жүріп-ақ Данте шет ел әдебиетімен әдістенеді. Алайда, басқа ортағасыр ақындарымен салыстырғанда Данте ең алдымен антикалық ақындарды зерттейді. Поэзияны сүйген Данте өленді жазуды ерте бастады. XIII ғ. 80 жылдарында ақ махаббат лирикасына көптеген өлеңдер жазды. 18 жасында Дантенің өмірінде үлкен психологиялық кризис болады. Ол әкесінің досы флорентийлік Фолько Портинарийдің қызы Беатричеге ғашық болады. Сол қыз Дантенің 18 жасында 1290 ж. дворян Симоне де Бадиге тұрмысқа шығып кетеді. Данте өзінің Беатричеге деген махаббатының тарихын өзіне үлкен әдеби атақ әкелген “Жаңа өмір” деген кітабында баяндайды. Беатриченің өлімінен кейін ақын философия, теология, сондай-ақ ортағасыр схоластикасымен айналысты. Сөйтіп жүріп, Данте өз заманының ұлы адамдарының бірі болатын. Гвельфтердің қатарында гибелмендіктерге қарсы флорентиялік коммунаның әскер болған Данте жас кезінен саяси өмірге араласты. 90 жылдары Данте қалалық кеңестерге қатысып, дипломатиялық тапсырмалар орындайды. Ал, әдебиетке араласуында Данте ең алғашқы әйгілі туындысы “Жаңа өмір” деген атпен 1291 жылы соңы мен 1292 жылдың басында жызылған болатын. Бұл еңбек бір-бірімен прозалық әңгімелер арқылы байланысқан, 30 өлеңннен тұрады. Ол өлеңдердің ең тұнғышы саналатыны 1283 жылғы жазылған, одан кейін хронологиялық қатар бойынша жазылған 1283-1291 жылдар аралығындағы өлеңдер. Сондай-ақ, бұлардың барлығында Дантенің Беатричеге деген махаббаты түстері мен армандары сөз болады.

Данте “Жаңа өмірә еңбегіне барлық өлеңдерін емес, солардың ішінде Беатричеге туралы жақсы елес қалдырған өлендерін ғана енгізген. “Жаңа өмір” – батыс европа әдебиетін тарихындағы ең алғашқы автобиографиялық повесть. Данте бұл шығармада жаны нәзік, жүрегі уайымға толы ғашық жанның образын көрсетеді. Беатричинің өлімінен кейін Данте өз-өзін ғылыми және философиялық зерттеулермен айналысып жұбатқандай болады. Дантеге әлемдік атақ әкелген негізгі туындысы – “Құдіретті комедия” Бұл поэма Дантенің тек идеялық- саяси және шығармашылық ойы ғана беріліп қоймай, сонымен қатар оның философиялық ортағасыр мәдениеті танылады. Данте “Құдіретті комедияны” жаза отырып, ортағасырдың соңғы, ал жаңа дәуірдің алғашқы ақыны ретінде көрінді.

Бұл шығарманың “Құдіретті комедия” деген атауы түсіндіруді қажет етеді. Дантенің өзі оны “Комедия” деп атаған және бұл сөзді ортағасырлардағы қолдану дәрежесінде алған. Ол кездегі поэтикада жақсы басталып, қайғы, көз жасымен аяқталатын шығармалар трагедия деп аталса, мұнды оқиғалармен басталып, бақытпен, қуанышпен аяқталады. Барлық шығармалар комедия деп аталған болатын.

Міне, осы тұрғыдан алғанда, Дантенің дәуірінде комедия сөзі арқылы ешқандай драматургиялық специфика да, күлкілі оқиға да ұғындырылмайды.

Дантенің өзге шығармалары сияқты “Құдіретті комедия” да бір-бірімен тығыз байланысты көп оқиғаның бір желігі бағындырылған композициясымен ерекшеленеді.

Поэма үлкен үш бөлімге бөлінген. Бұл бөлімдер, яғни “контиктердің” әрқайсысы 33 өлеңнен тұрады. Сондай-ақ, біріншісінің ішінде бүкіл поэманың прологы саналатын тағы бір ән бар. Жалпы алғанда, 100 өлеңнен тұратын “Құдіретті комедия” көптеген ортағасырлық және антикалық заманның қайнар көзі болып табылады.

Фантастикалық болып саналғанымен Дантенің “Құдіретті комедия” деген туындысы реалдық өмірден алынған. Автор қайнап жатқан смолағы лақтырылған лихоимдіктердің қайғы-мұнын бейнелей отырып, Венециялық теңіз арсендалдарын еске түсіреді.

Оның материалдардың әлемге деген қызығушылығы көркемөнерлік шеберлік арқылы айқын танылады. Ақын Дантенің поэмасындағы үш кантигінің әрқайсысы өзіне тән негізгі түрлі түсті бояуға ие. “Құдіретті комедияның” әрбір кейіпкері скульптуралық форма түрінде көрінеді. Мысалы, қорқынышты мұнарада көрген азабын әңгімілеген Уголинаның сөзі “Құдіретті комедияның” ең бір шиеленіскен тұсы болатын. Уголинаның әңгімесі бойынша оның көзінше төрт бірдей ұлы бірінен соң бірі аштан өліп, соңында анасы аштыққа төзі алмай ұдарының өліктеріне тап береді. Данте бұл поэмасындағы алғашқы өлеңінде өзінің ну орманда адасып кетіп,үш аң-арыстан, қасқыр және пантераның қоршауында қалады. Осы қоршаудан Дантенің Беатриче жіберген Виргилий құтқарып алып шығады. Поэманың алғашқы өлеңі бастан – аяқ аллегориясы толы.

Моральдық-религиялық негізден өзге “Құдіретті комедияның” көптеген образдары мен ситуациялары саяси негіз де байқалады. Алайда, моральдық религиялық және саяси мағына аралығындағы қарама-қайшылық екі ұлы тарихи дәуірдің арақатынасын көрсетеді.

Бұл ұлы поэма “Құдіретті комедияның” халықтығын Дантенің замандастары мойындайды. Бірақ сол дәуірдің ұлы оқымыстары Дантенің итальян тілінде жазғандығына қарсы болып, латын тіліне көшуді ұсынады. Өз оқырмандарының кең көлемде басуы үшін бұл кеңесті мақұлдаған жоқ.

Кан Гранде делла Скалаға жазған хатында Данте итальян тілі туралы “ол- халық тілі, итальян тілінде тіпті әйелдер де сөйлеседі” – дейді. Итальян оқымыстыларына қарағанда Дантенің поэмасын итальян халқы жоғары бағалап, аса зор сүйіспеншілікпен оқитын туындыларының біріне айналдырды. “Құдіретті комедиясындағы” автор образын оның тірі кезінде –ақ ел арасында түрлі аңыздар тарады. Дантенің өлімінен кейін комментарийлер мен еліктеулер пайда бола бастайды. XIV ғ. “Комедияның” терциндері алаңдарда жырлана бастайды. Сонымен поэманы публикалық таңдаулар басталады. Данте туралы алғаш болып публикалық лекция оұыған комментаторлардың бірі Боккаччо болды. Боккаччо Италияда күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан традицияны ойлап тапты. Дантенің халық құрттай қабылдап, итальян халқының өзіндік барометріне айналған поэмасы сол халық үшін жазылған болатын.



Тексеру сұрақтары:

Ренессанс дәуірінің алғашқы ұлы өкілі – Данте Алигьери.

Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары. «Құдіретті комедия».

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

28 дәріс сабақ. Тақырыбы: Түрік әдебиеті.



Қарастырылатын сұрақтар:

Түрік әдебиетінің пайда болуы мен даму белестері. Торік классикалық поэзиясы және оныі әлем әдебиетінде қалдырған іздері. Түрік – қазақ әдебиеттерінің байланысы.



Дәріс мазмұны:

Түрік әдебиетінің тууына түріктердің ата- тегі , яғни оғыз тобына жататын түркі тайпаларының Кіші Азияға басып кіруі әсер етті және сол кезден бастап түрік халқының , мемлекетінің құрылуы басталды. ( ХІ – ХІІІ ғғ) . Түрік әдебиетінің қалыптасуы және дамуы басқа түркі халықтарымен тығыз байланыста жүрді. Азия мен Заквказьяде түріктердің түркі халықтарымен мәдени араласуы орта ғасырға тән қасиет. Осы кезде түрік тілінің дамуының бір факторы – үлкен мәдени орталықты құрудағы канондық тілдер: Парсы және араб тілдерін жедел үйрену болып табылады. Осы орталықтың ішінде қалыптасқан байланыстар бір жазу жүйесі ( араб графикасы) , оның құрамына кіретін түркі тілдеріне әдеби тілдің жақындығы жеңілдетті. ХІ – ХІІІ ғғ Кіші Азия және Византия империясын жаулаған және сол жерлерде түркі мемлекеттерін қалыптастырған (Сельджук сұлтандығы) түркі тайпаларында феодалдық құрылыс дамудың ерте кезеңіне жатты. Оларда көшпелі өмір басым болды. Бірақ Кіші Азияға келгннің өзінде- ақ түркі –оғыздар ислам дінін қабылдағанмен , оларда көптеген сақталып қалды. Оғыз тайпалары түрік әдебиетінің тууына әсер еткен өздерінің бай ауызша поэтикалық салт- дәстүрлерін жаңа отандарына алып келді. Оғыздар арасында мифологиялық – тарихи аңыздар және ауыз әдебиеті « Оғыз- наме » деген атпен тарады. Бұл да ата- бабалардың барлық рухани мұрасы, Оғыз қаған туралы жазылған. Сельджүк сұлтандығы кезінде заң күшінде сақталған, әртүрлі тілдерде жазылған және бірнеше ескерткіштер мен тарихи хроникалардан әр түрлі кезеңде құралған ( ХІҮ – ХҮІІ ғғ) оғыз наменің бөлек өсиеттері Араб елдерінде, Түркияда, Иранда; Орта Азияда табылды. Космологиялық мифтердің және тотемдік аңыздардың белгілері оғыздың (өгіз) шығуы туралы аңызда жазылған. Оның балалары ғарыштық атқа ие: үлкендері, аспан – Анадан туылғандар – Күн, Ай , Жұлдыз ; кішілері жер – Анадан туылғандар – Аспан, Тау, Теңіз . Осы оғыздың балаларынан генеологиялық аңыз бойынша , 24 оғыз тайпалары тарайды. Эпикалық аңыздардың кейіпкерлері болып оғыз батырлары шықты. Олардың көшпелі өмірлерінің ескі образдары жаңаға ауысты. Оғыз эпостарын орындаушысы деп – қобызда ойнайтын тайпа жыршысын атаған. ХҮ – ХҮІ ғғ батырлық жырлар ең алғаш болып « Китаб – и дәдем қорқуд» деген кітапқа біріктіріліп жазылды. Бұл шығарма – барлық түркі халықтарына ортақ ескерткіш. Кітапқа мақал- мәтелдер, жоқтау т.б кіші дидактикалық жанр түрлері кірістірілген. Түрік әдебиетінің жазу дәстүрінің маңыздылығы – миссионерлік сопылық уағыз. Оппозициялық ортодоксальды діндер ( сунна түріндегі ислам), ағымдар әсіресе Кіші Азияда көп тарады. Бізге дейін жеткен сопылық уағыздаушы Ахмед Факихтың « Чарх- наме» ( ХІІІ ғ) шығармасы жатады. Поэма монғол басқыншылығы кезінде жазылды. Ол « Өлім - барлқық тірілердің өтетін қақпасы , онда бәрі тең» дейді. Атақты ақын Джалалад- Дин Румидің өлеңдері миссионерлік мақсатта жазылды. ( 1207 – 1279 жж ). Ол Сельджук сұлтандығының астанасы – Кошия қаласында өмір сүрді, бұл қала Кіші Азияда сопылық идеологиялық таралуына үлкен ықпал етті. Д. Руми өлеңдерін парсы және түрік тілдерінде жазған. Оның ақындық дәтүрін оның баласы Сұлтан Уелет ( 1226 – 1312 жж ) жалғастырды. Оның уағыздары көбінесе парсы тілінде жазылып , көп кешікпей 1301 ж поэтикалық трилоиясы – « », « Ребаб- наме », « Имтиха- наме» жарыққа келді. ХІІІ ғасырға Шейад Хамзаның « Иосиф прекрасныйдың » библио- құрандық тарихы туралы бірінші романтикалық түрік поэмасы жатады. Бұл парсы тілдік және бірінші түркі тілдік « Қисса- и юсуф» поэмасында халық шығармашылығының бас нұсқасы көрсетілген.

Осы ғасырдың мықты ақындарының бірі Юнус Эмре ( 1250 – 1320 ) . Аңыз бойынша , ақын сарыкей ауылында өмірге келіп, көп жылдар бойы сопы шейх Тантуктың оқушысы болған. Содан кейін ол көп жерлерді аралап, уағыз айтады. Ю. Эмре сопылық поэзиясында махаббат пен қайғы арқылы рахат алуды жазады және ол өзін құдайға теңеп «от болып жанып, су болып тасиды». Бір өлеңінде « Мен құдайды адамнан таптып» дейді.



Тексеру сұрақтары:

Түрік әдебиетінің пайда болуы мен даму белестері. Торік классикалық поэзиясы және оныі әлем әдебиетінде қалдырған іздері. Түрік – қазақ әдебиеттерінің байланысы.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
29 Дәріс. Боккаччо шығармашылығы.

Қарастырылатын сұрақтар: Ренессанс дәуірінің ұлы өкілі – Боккаччо. Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары. «Декамерон».

Дәріс мақсаты: Студенттерге Ренессанс дәуірінің ұлы өкілдерінің бірі – Боккаччо өмірі және шығармашылық жолы, шығармалары туралы толық мағлұмат беру.

Дәріс мазмұны:

Боккаччо өз кезеңінде Петрарка сияқты жоғары атаққа және құрметке ие болған жоқ. Оның шығармашылығы әлемдік деңгейге жеткен жоқ. Ол европалық гуманизмнің басшысы болған емес, ол тек «төменгі», яғни сол кездегі новелла жанрын дамытқан талантты итальян жазушысы болды. Бірақта Боккаччо шығармаларында итальяның Қайта өрлеу дәуірінің толық және бірінші демократиялық этаптың ерекшеліктері айқындалып бейнеленген. Жан - жақты Қайта өрлеу дәуірінің Италья мәдениеті Боккаччо шығармасында ерекше айқын ұлттық аспектер арқылы бейнеленген .

Боккаччоның негізгі мақсаты - ескі махаббат туралы повесті жаңа көркем әдеби түрінде көрініс беру. Ол антика құдайларын негізгі әрекет етуші етеді және романында мифологиялық түрді кең қолданады, сонымен қатар ортағасырлық элементінде сақтаған. «Филоколо» шығармасынан кейін шағын «Филострато» поэмасын жазады. Онда ол бірінші рет итальяндық әншілердің халықтық сегізжолдық шумағын - октаваны қолданады. «Филострато» сюжеті «Троя туралы романынан» Итальяда латын тілінде айтып жүрген Бенуа да Сент - Мора труверінен осы романындағы Троил мен Бризеиданың махаббатын эпизоды етіп алып, кейінен Шекспир өзінің Троил мен Прессида комедиясын драма үлгісінде жазады. Бокаччоның жас кезіндегі үшінші шығармасы антикалық сюжетке құрылған поэма - «Тезеида» (1339). Бұл шығарманың атауы классикалық эпопеяны еске түсіруі, «Марстың қиын жұмыстары» яғни Грециядағы әйгілі эпостың туындауына қарсы екенін куәландырады. Келесі ығармасы «Амето» (1341) Флоренцияда өлең және проза түрінде жазылған. Бұнда тек сезімді суреттемей - ақ, малшының өмірін антикалық буколикалық поэзияны қолданып, бейнелейді. Оны нағыз суретші - реалист түрінде бейнелейтін жастық шағындағы елеулі шығармасы «Фьяметта» . Проза түрінде жазылған повесть батыс Европа әдебиетінде алғашқы психологиялық роман болып табылады. Боккаччо сүйіктісінен айырылған әйелдердің қайғы - мұның , сезімін шебер суреттейді. Бұнда монологиялық әңгімелеу формасын қолданады. ұрын адамдар тек құдайға сенген,олардың ойынша политейзм философтар мен ақындар еңбегі арқылы пайда болды. «Әйгілі әйелдер»деген еңбегінде Петрарканың «Әйгілі адамдар» атты кітабының жалғасы іспетті. Ол осы шығармалары арқылы әйелдердің өмірі, Евадан бастап Роберт неополитан қызы Джованнадан аяқтайды. Шығарманың көп бөлігі антикалық әлемнің кейіпкерлеріне арналады .

Тексеру сұрақтары:

Ренессанс дәуірінің ұлы өкілі – Боккаччо. Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары. «Декамерон».



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

30 дәріс сабақ. Тақырыбы: Татар әдебиеті.



Қарастырылатын сұрақтар:

Жазба әдебиеті бастаулары.Ең көне үлгілері – Ғалидың ізгі махаббатты жырлаған «Жүсіп және Зылиха» (13 ғ-дың басы) поэмасы мен авторы белгісіз діни-эпикалық «Кесікбас» («Кисекбаш») жыры, «Сопыларға өсиет» атты дидактикалық шығарма т.б.



Дәріс мазмұны:

Жазба әдебиеті көне дәуірден басталады. Ең көне үлгілері – Ғалидың ізгі махаббаты жырлаған «Жүсіп және Зылиха» (13 ғ-дың басы) поэмасы мен авторы белгісіз діни-эпикалық «Кесікбас» («Кисекбаш») жыры, «Сопыларға өсиет» атты дидактикалық шығарма т.б. сондай-ақ Алтын Орда дәуірінде жазылған. Құтбтың (14ғ) «Хұсрау және Шырын» (1342) поэмасы мен Хорезмидің «Махаббат кітабы»(1354),беріректегі Махмұт Бұлғаридің «Жұмаққа жолы» (1370) мен Мұхамедиярдың әр алуан поэмаларын (16ғ.) атауға болады. Феодализм дәуіріндегі татар жазба әдеиеті суфизмге негізделген діни-дидактикалық сипатта дамыды. Мұның өкілдері: Мавля Кули (17ғ.2-жартысы), Утыз Имяни(1754-1834), Шамсетдин Заки (1825-65) және т.б. болды. 18 ғ-дағы әдебиетте саяхатнамалар (Ғали Чокри, 1826-89) басым болса, 19ғ-да діни мадақ өлеңдер, хат, әңгімелердің авторларымен қатар, Әбділманих Ғабдессалямолв –Қарғалы (1782-1828), Ғабделжаббар Қандали(1797-1860), Мифтахетдин Ақмолла (1831-95), Яков Емельянов (1848-99) тәрізді татардың реалистік поэзиясының қалыптасыуна елеулі үлес қосқан бір топ ағартушы ақын-жазушылар әдебиет майданына келді.



19ғ. әдебиетінде мұсылмандық схоластикаға қарсы ағартушы-демократиялық бағыт кең өріс алды.бұл тұста Әбунасыр Курсави (1776-1818) бастаған антифеод. күресті Шигабутдин Маржани (1813-89) одан әрі жалғастырадлы. Каюм Насыри (1825-1902) өзінің әдеби, ғылыми пед.еңбектерімен ттардың қазіргі әдеби тілінің негізін қалады. Ақмолла, Загир Бигеев (1870-1902), Ғадірахман Ильяси (1856-95), Фатих Халиди (1851-1923) шығармаларында адамгершілік, ізгілік пен зұлымдық, надандықтың бітіспес күресі сипатталады. Закир Хади (1863-1933), Шакир Мұхаммедов (1865-1923) бастаған бұл күрес 20ғ-дың басындағы әдебиетте революциялық-демократиялық бағытқа келіп ұласты. 1905-07 жылдардағы революция тұсында татар тілінде газет,журналдар шыға бастады, әдеби-сын, революциялық публистицтика дамыды. Дәл осы тұста бүкіл халықтық демократиялық қозғалысқа Ғабдулла Тоқай (1886-1913), Ғалымжан Ибрагимов (1887-1938), Мажит Ғафури (1880-1934),Ғ.Камал (1879-1933), Ф.Амирхан (1886-1926), Ш.Камал (1884-1942) тәрізді ақын, жазушылар жігерлі үн қосты. Рев.-демокр. идеология мен либералдық-буржуазия күшейе түсуі пролет.әдебиеттің тууына жол салды. Бұл жағдай революционер – жазушы Ғ. Құлахметов (1881-1918) творчествосынан айқын көрініс тапты. әдебиетке С.Рамиев (1880-1926), З.Ярмаки (1890-1965),Ш.Бабич (1895-1919), Мұхаммед Ғали (1893-1952),Ф.Валиев (1892-1914), М.Файзи (1891-1928), К.Тинчурин (1887-1947) тәрізді ақын, жазушылар қосылып, Ұлы Октябрь революциясын құшақ жая қарсы алды. Азамат соғысы жылдары әдебиет майданына Ш.Усманов (1898-1937), М.Мақсұт (1900-62), Қ.Нажми (1901-57), Мұса Жалил (1906-44), Х.Такташ (1901-31), А.Шамов (1901ж.т.), Б.Рахмат(1897-1957) тәрізді жауынгер жазушылар келіп қосылды. Татар совет әдебиетінің 20 жылдардағы туындылары Ғ.Ибрагимовтың «Қызыл гүлдар» (1922) повесі мен «Терең тамырлар» (1928) романында, Ш.Камалдың «Таң сәріде» (1927) романы мен Қ.Нажмидың «Шұғылалы соқпақ», «Күн астындағы жаңбыр» (1930) повестреніде, сондай-ақ Ф.Бурнаш (1898-1946), Х.Туфан (1900 ж.т.) шығармаларында жаңа өмірдің жалынды күрескерлерінің бейнелері жасалып, дәір көріністері эпикалық сипат алды. 30 жылдары татар әдебиетінде соц.реализм қалыптаса бастады. Еңбек, коллективтендіру, өндіріс тақырыбы өз шешімін тапты. Осы тұста Ш.Камалдың «Жақсылық пайда болғанда» (1937), М.Ғаляудың (1887-1938) «Мұхаджар» (1934), М.Амирдің (1907 ж.т.) «Ақ Еділ»(1936), Ғ.Башировтің (1901ж.т.) «Сиваш» (1937) роман, повестері жарық көрді. Бұл кезең әдебиетінен адамның рузани өмірін филос.мәнмен жырлайтын А.Файдидің (1903 – 58) «Флейталар» поэмасы мен «Тоқай» драмасы елеулі орын алды. Әдебиеттің өзге жанрлары да даму, өолеу үстінде болды. Комедия жанрларында К.Тинчурин (1887-1947), Хұсни, Н.Исанбет (1900ж.т.) тәріздес жазушылар көзге түсті. Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген ақын, жазушылар майданға аттанып, жауға қарсы күресте қаламымен де, қаруымен де қажырлы еңбек етті. Мұса Жалил, Ф.Карим, С.Хаким (19911 ж.т.), М.Садри (1903 ж.т.), З. Нұри (1921ж.т.), С.Баттал (1925ж.т.) жырлары мен Нәжми, Ғази, Х.Усманов (1908ж.т.), Т.Гиззат (1895-1955). Н.Исанбет (1900ж.т.) шығармалары соғыс жылдарының әдеби жылнамасына айналды. Мұса Жалилдің «Моабит дәптері» кейін тарихи өшпес даңққа бөленді.

Тексеру сұрақтары:

Жазба әдебиеті бастаулары. Ең көне үлгілері – Ғалидың ізгі махаббатты жырлаған «Жүсіп және Зылиха» (13 ғ-дың басы) поэмасы мен авторы белгісіз діни-эпикалық «Кесікбас» («Кисекбаш») жыры, «Сопыларға өсиет» атты дидактикалық шығарма т.б.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

6. Семинар сабақтардың жоспары.
1. Семинар сабақтың басты мақсаты студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту және тәжірибе жүзінде қолдана білуді қалыптастыру.
1.1 Ұйымдастыру талаптары:

- Семинар сабақтың оқу пәнінің жоспарына сәйкестілігі.

- Семинар сабақтардың дәріс, лабораториялық жұмыстар, курстық жобалар және т.б. байланысын білдіретін құжаттардың болуы.

- Семинар сабақтардың қазіргі әдіс-тәсілдерді және техникалық құралдарды қолдана отырып өткізу.

- Семинар сабақтарға қажетті ғылыми әдебиеттерді жинақтау.

- Семинар сабақтар бойынша студенттердің білімдерін бағалауды ұйымдастыру.


1.2. Тәжірибелік сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Семинар сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы.

- Пәннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету.

- Сабақтарда студенттердің өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту.

- Тапсырмаларды орындаудың оңай тәсілдерін қарастыру.

1.3. Әдістемелік талаптар:

- Дәріс және басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету.

- Сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.

- Студенттердің жеке жұмыстарын жүргізуде басшылық ету.







Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Көне Египет әдебиеті.

Көне дәуірлердегі шығыс елдеріндегі тарихи жағдай. Ежелгі Египет әдебиетінің қалыптасу тарихы. Діни әдебиет. «Пирамидалар кітабы» - ежелгі египет әдебиетінің көрнекті ескерткіші. Байырғы мысырлықтардың наным-сенімдері. Гор, Сет, Осирис, Исида, Нефтида – көне мысырлықтардың құдайлар пантеонының басты образдары. «Өлілер кітабы» - ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейін жеткен әдеби ескерткіш

1

  1. Веселовский А.Н. Сравнительное литературведение, Москва, 1990.

  2. Интернациональное и национальное в литературах Востока. Москва, 1972.

  3. История литератур народов Средней Азии и Казахстана. Москва, I960.

  4. Шәлекенов У.Х., Шәлекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы. - Алматы, 2002.

  5. История мировой литературы в 9 томах.

  6. Әлем халықтарының ертегілері: 2 томдық / Ауд. Е.Әбілмәжінов. - Алматы, 1992.

  7. Кумисбаев У. Казахская поэзия и Восток. - Алматы, 1999.




2

Араб әдебиеті.

Ежелгі ауызша араб поэзиясы. (Өсиет, мақал-мәтел, шешендік өнер). VII ғ. Араб жазба әдебиетінің пайда болуы, 3-кезеңнен өтуі: біріншісі — ерте орта ғасырлық (VII ғ. - ортасынан VIII ғ. оргасына дсйін); екіншісі - классикалық ( VIII ғ.-ХІІ ғ. ортасы), үшіншісі — кейінгі орта ғасырлық (ХІІІ— XVIII гғ.). Араб поэзиясындагы дәстүрлік, шешендік-риторикалық мазмұнды иелену" бағыты.

Ежелгі арабтардың сөз өнері (VI гасырдан VII ғ. ортасына дейін). Б.з.д. 1 мыңжылдықтың бірінші ғасырындагы Сабей мемлекетінің жоғары мәдениеті. "Муаллақ" атанган үздік өлендерін жазған ақындар: Имруль-кайс, Тарафа, Зухайра, Аль-Хариса, Амра ибн Кульсума, Антара, Лабила шығармаларын VIII ғ-да Хаммадтың "аль-Муаллакат" атты ерекше жинақта жинауы. Муаллақ өлеңінің өзге авторлары: аль-Муфалдалем ад-Даббидың) VIII ғ. екінші жартысы), аль Асманидың (740—825/31) және ақындар Әбу Таммам мен аль-Бухтурилар жинағы.




2

  1. Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінік / Ауд. Халифа Алтай. — Медине, Мүнаууара Сауд Арабия: Қүран Шәриф басым комбинаты. \һіжри 1411 Мілади 1991. — 604 б.

  2. Араб хикаялары / Құраст. С. Ищанов. - Алматы, 1958.

  3. Арабша-қазақша салыстырмалы қүран хатим / Ауд. Ж.ІІ. Ескі сагат. — Алматы, 1991.

  4. Әлем халықтарының ертегілері: 2 томдық / Ауд. Е.Әбілмәжінов. — Алматы, 1992.

  5. Мың бір түн: төрт томдық / Ауд. Қ. Әбдіқадыров. - Алматы, 1995.

  6. Аравия. Материалы по истории открытия, Москва, 1981. Арабская средевековая культура и литература. Сборник статей зарубежных ученых. — Москва, 1978.

  7. Аттая М. О. Очерк по истории арабской литературы, Москва, 1903.

3

Иран-тәжік әдебиетінің дәуірленуі.

Б.з.д. екінші мыңжылдықтағы Евразия кеңістігіндегі (Гиндукуштан Еділге және Оралдан Парсы шығанағына дсйін) иран тайпаларының мәдениеті. Орта Азиядагы Шығыс ирандары (қазіргі Ауғанстанның Гиндукуш үстіртінің біраз бөлігі). Шығыс ирандарының басым орналасқан жерлері. Ферғана, Хорезм, Согда, Бактрия, Памир, Хорасан.

Батыс ирандары: Месопотамия, Жсрорта теңізі, Миди, Фарс. Гаттар" ("Жыр жырлау") - он жеті мүнәжат дүғаларының жинағынан тұратын "Авестаның" көне бір бөлігі. Қасиетті кітап "Авеста" — ежелгі иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі, оның бірнеше бөлімдерден тұратыны.

Геродот, Ктесия және т.б. антикалық авторлардың жазбаларындағы ежелгі ирандардың, оның осіресе көшпелілерінің салт-санасы туралы (атап айтқанда, скифтердің) мәліметтер. "Гаттар" (жыр жырлау) мүнәжат дүғаларының жинағы). Авторы — ежелгі иран дінінің негізін салушы Заратуштра (немесе грекшс бсрілуінде Зороастру).

Б.з.д. мыңжылдықтың бірінші ғасырларындагы отырықшы, бақташылық, жер өңдеу жұмыстарының қалыптасуы. Көшпелі және отырықшы мәдениет.




3

  1. Тәжіктің халық ертегілері. /Ауд. М. Модиева. - Алматы, 1956.

  2. Кумисбаев У. Казахская поэзия и Восток. — Алматы, 1999.

  3. Күмісбаев Ө. Иран әдебиетінің тарихы // Күмісбаев Ө. -Алматы, 2001.

  4. 2.Интернациональное и национальное в литературах Востока. Москва, 1972.

  5. История литератур народов Средней Азии и Казахстана. Москва, I960.

  6. Шәлекенов У.Х., Шәлекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы. - Алматы, 2002.

  7. История мировой литературы в 9 томах.




4

Көне үнді әдебиеті ескерткіштері


Б. з. I мыңжылдығындағы ежелгі үнді әдебиетіндегі драмалық, лирикалық поэзияның, прозаның дамуы. Жаңа үнді тіліндегі әдебиетке көне әдеби үлгілердің әсері. Б. з. д. III мыңжылдықтағы Инд жазығындағы арий, дравидий, мунд атты тайпалар мен халықтар араласуыныц әдебиеттері. Ежелгі үнді әдебиеті — қазіргі Пәкстан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра. Ежелгі үнді әдебиетіндегі тайпалық тілдср. Веда тілі — ритуалдық әнұрандар тілі; Санскрит, пали - буддистер тілі; джайндар - пракриттер /артхамагадхи, шаурасени, махарашпри/ және апабхраншу /діни қауымдастық/ тілі.

Ежелгі үнді әдебиетіндегі поэзия мен проза арасындағы айырманың аздығы. Кез келген тақырыптың - діни, ғылыми, ертегілік, эпикалық, тарихи — бәрінің де өлеңмен де, прозалық түрде де жазыла бергені. Пәлсапа, дәрігерлік, грамматика, астрономия, сәулет туралы бәрі де өлеңмен жазылған. Ежелгі үнділік романның нақыш-өрнек қолөнері араласқан поэзия түрінде де жазылғаны.

Веда әдебиеті "веда" — сөзі — "білім", "нақты, жоғары қасиетті білім" ұғымдарын береді. "Ригведа" — веда әдебиеті /әнұрандары ведасы/ негізін құрайды /"риг" сөзі "әнұран" ұғымын береді/. "Самаведа" — салтанатты өлең айту ведасы ("саман - әуен"). "Яджурведа" — құрбандық нақылдарыныц ведасы (яджус — "құрбан", "құрбандық" формуласы). "Атхарваведа" — дуалау, арбау ведасы (атхарван — "арбау", магиялық формула).


4

  1. Индия ертегілері / Ауд. Ш. Сулейменов, Р. Рүстембекова, Ф. Дінисламов. Алматы, 1958.

  2. Тебегенов Т. Үнді әдебиеті // Тебегенов Т. Шетел әдебиеттері тарихы. Алматы, 1996.

  3. История мировой литературы в 9 томах.

  4. Шәлекенов У. X., Шәлекенов М. У. Әлем халықтарының этнологиясы. — Алматы, 2002.

  5. Әлем халықтарының ертегілері: 2 томдық / Ауд. Е.Әбілмәжінов. — Алматы, 1992.

  6. История мировой литературы в 9 томах.




5

Көне қытай әдебиеті

Ежелгі Қытай әдебиеті. Б. з. д. II мың жылдықтан б. з. III ғ. дейінгі үш кезеңі. Шань-иньдік тайпалық одақ /б. з. д. XVIII-XII ғғ./; Империялық дәуір / б. з. д. III ғ. дан б. з. д. II ғ./.

"Шан-шу" /"Ежелгілік туралы жазу"/ — декларациялар, указдар және мемлекеттік істер туралы тарихи аңыздық мазмұнды мәдени ескерткіш. Ескерткіштегі риторикалық сөздер. Сыма Цянның 'Тарихи жазбалары".

Б. з. д. Қытай ІІатшалығының тарихы - өркениеттің тез дамуының тарихы. Конфуций /551—479 жж./. Мо Ди /479-400 жж./ - адамды сүю. Гуманизм өкілдері.

"Луньюй" /тұжырымдар мен сұхбаттар/ — қытай ойшылдығындағы адамды ардақтау туралы.

"Дао-цзы" /"Дао және табиғаттың болмысы туралы"/ — метрикалық ырғақтық өлшемдегі сөйлеу мазмұны.


5

  1. Интернациональное и национальное в литературах Востока. Москва, 1972.

  2. История литератур народов Средней Азии и Казахстана. Москва, I960.

  3. Шәлекенов У.Х., Шәлекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы. - Алматы, 2002.

  4. История мировой литературы в 9 томах.

  5. Әлем халықтарының ертегілері: 2 томдық / Ауд. Е.Әбілмәжінов. — Алматы, 1992.

  6. Кумисбаев У. Казахская поэзия и Восток. — Алматы, 1999.

  7. Литература стран зарубежного Востока 70-х годов: Реализм на новом этапе. — Москва, 1982.

  8. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – А., 1986.

  9. Мағауин М. Ғасырлар бедері. Әдеби зерттеулер, - А., 1991

6

Әзірбайжан әдебиеті.

Әзербайжан халқының ауыз әдебиеті. Әзербайжан халқының XII гасырдағы әдебиеті. Низами Ганжауи /1141-1209/. Низами /Әбу Мұхаммед Ілияс Жүсіпұлы/ - әзербайжан әдебиетінің классигі. Фирдоуси және Низами. Шығыс халықтарының әдебиетіне Низами шығармашылығының тигізген әсері. Низами - "Хамса" үлгісінің негізін салушы /"Сырлар қазынасы", "Құсрау мен Шырын", "Ләйлі-Мәжнүн", "Жеті сұлу", "Ескендір-нама".

XX ғ. екінші жартысындағы, XXI ғ. басындағы әзербайжан әдебиетінің дамуы.



6

  1. Интернациональное и национальное в литературах Востока. Москва, 1972.

  2. Литература зарубежной Азии в современную эпоху. — Москва, 1975.

  3. Литература стран зарубежного Востока 70-х годов: Реализм на новом этапе. — Москва,

  4. Сөз зергерлері. Алматы, 1966.

  5. История литератур народов Средней Азии и Казахстана. Москва, I960.

  6. Шәлекенов У.Х., Шәлекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы. - Алматы, 2002.

  7. История мировой литературы в 9 томах.

  8. Кумисбаев У. Казахская поэзия и Восток. — Алматы, 1999.

  9. Келімбетов Н. Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы. – А., 1998.

  10. Антология азербайжанская поэзия в 3-х томах. М., 1960.

  11. Бургун С. Таңдамалы. өлеңдер мен поэмалары. А., 1959.

  12. Бердібаев Р. Шығыс қазынасы. Кітапта: Достық кемесінде. А., 1970.




7

Өзбек әдебиетінің даму баспалдақтары

Өзбек халқының қалыптасу тарихы. Ауыз әдебиеті, жырау, шайырлары, олардың дәстүрлері. XV ғасырдағы рухани мәдениеттің дамуы. Әдеби жанрлар, ұлттық Саккоки, Атойи, Лугфи. Науаи Низамаддин Мир Әлішер /1441 — 1501/ — өзбек және басқа түркі халықтарына opтaқ, ақын, ойшыл, мемлекет қайраткері. Өлеңдерін байырғы түркі және парсы тілдерінде жазған. Герат қаласында өмір сүрген. Хусейн Байқара сұлтанның уәзірі болған, ақындар мен өнер иелеріне қамқорлық жасаған. Әдеби мұрасы: 1. Лирикалық өлеңдері төрт жинақ — диуанға топтастырылған /1498— 1499 жж./. 2. Дастандарының топтамасы "Бестік" /"Хамса", 1483-1485 жж.//: "Әділдердің абыржуы","Ләйлі мен Мәжнүн", "Фархад және Шырын", "Жеті планета", "Ескендір қорғаны".

Науаи шыгармашылығының түркі халықтары өдебиеттерінің дамуына игі ықпалы.




7

  1. Кор-оглы X. Г. Узбекская литература. Москва, 1976.

  2. Мүшайра / Өзбск поэзиясының антологиясы/. — Алматы, 1972.

  3. Өзбек халқының ертегілері. Алматы, 1957.

  4. Өзбек өлеңдері. Өзбек ақындарының өлеңдері. Құраст. К.Қайырысов. Алматы, I960.

  5. История литератур народов Средней Азии и Казахстана. Москва, I960.

  6. Сөз зергерлері. — Алматы, 1966.

  7. СССР халықтарының әдебиеті. Хрестоматия. - Алматы, 1976.

  8. История мировой литературы в 9 томах.




8

Қырғыз әдебиетінің даму белестері

Фольклоры, оның түрлері. "Манас" — эпикалық шығарма. Манасшылар өнері. "Манас" жырының халықтығы, сюжеттік желісі, идеясы, кейіпкерлері көркемдік ұлағаты.

Қырғыз әдебиетінің қалыптасуына қазақ, татар әдебиетінің ықпалы. Әдеби жанрларының қалыптасуы. Ауызша және жазбаша поэзияның бір-біріне әсері. Әдебиеттегі тақырып шеңберінің кеңеюі. Қырғыз әдебиетінде сюжетті дастандардың шыға бастауы.



8

  1. Манас. Қыргыз халқының батырлық дастаны. I,II,III,IV кітап. Алматы, 1951.

  2. Әуезов М.О. "Манас" - героическая поэма киргизского народа; Қиргазский героический эпос - Манас //

  3. Әуезов М. О. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1985. Т. 19. Б. 60-162.

  4. Мусанов А. Казахско-киргизские литературные связи. Алматы,1974.

  5. Рахматуллин П. Великий патриот легендарный Манас. Фрунзе,1943.

  6. История мировой литературы в 9 томах.

  7. Шәлекенов У. X., Шәлекенов М. У. Әлем халықтарының этнологиясы. — Алматы, 2002.

  8. Әлем халықтарының ертегілері: 2 томдық / Ауд. Е.Әбілмәжінов. — Алматы, 1992.

  9. Кумисбаев У. Казахская поэзия и Восток. — Алматы, 1999.




9

Түркімен әдебиетінің тарихи беттері

Түркмен әдебиетінің қалыптасуы. XVIII ғасырдағы түрікмен әдебиеті. Ауыз әдебиетінің үлгілері.

Түркмен әдебиетінде XX ғ. 30-40-жылдарынан бастап проза, драматургия жанрының пайда болуы, еуропалық әдебиеттің ықпалы. Ақын, жазушылар тобының молаюы.

XX г. аяғы мен XXI ғ. басындағы түркмен әдебиетінің даму ерекшеліктері.


9

  1. Антология туркменской поэзии. М., 1969.

  2. Түркмен өлендері. Құрастырған М. Әлімбаев. Алматы, 1961.

  3. Түркмен ертегілері. / Ауд. F. Айдаров. Алматы, 1962.

  4. Түркмен жырлары / Түрікмен ақындарының өлеңдері. Алматы, 1963.

  5. Сөз зергерлері. Алматы, 1966.

  6. История литератур народов Средней Азии и Казахстана. Москва, I960.

  7. Шәлекенов У.Х., Шәлекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы. - Алматы, 2002.

  8. История мировой литературы в 9 томах.

  9. Әлем халықтарының ертегілері: 2 томдық / Ауд. Е.Әбілмәжінов. — Алматы, 1992.




10

Қарақалпақ әдебиеті: тарихи шолу

Қарақалпақ халқының қалыптасу тарихы. Қарақалпақ халқының фольклоры. "Қырық қыз" эпосы. Қысқаша сюжеті. Гүләйім, Арыслан, Жұрынтаз бейнелері. Эпостың көркемдік маңызы.

XVIII ғасырдағы жазба әдебиеті. Жиен жырау Тағайұлы шығармашылығы. "Күйзелген халық" дастаны. Дастанда қарақалпақ халқының ауыр тұрмысының бейнеленуі. Қазақ жөне қарақалпақ өдебиетінің байланыстары.




10

  1. Қарақалпақ поэзияның антологиясы / Құраст. Ә. Ахметов. Алматы, 1979.

  2. Мақсетов Қ., Тәжимұратов А. Қарақалпақ фольклоры. -Нокис, 1979.

  3. Сагитов И. Т. Қарақалпақ халқының қахарманлық эпосы. -Нокис, 1986.

  4. Сөз зергерлері. Алматы, 1966.

  5. История литератур народов Средней Азии и Казахстана. Москва, I960.

  6. Шәлекенов У.Х., Шәлекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы. - Алматы, 2002.

  7. История мировой литературы в 9 томах.

  8. Қарақалпақ жырлары. А., 1961.

  9. Тойшыбаев С. Қазақ-қарақалпақ әдебиеттерінің байланысы. А., 1977.




11

Құран – кәрім

Құран — араб жоне әлем әдебиеттерінің классикалық үлы ескерткіші. Ислам дінінің пайда болуы. Мүхаммед пайғамбар. Қүранның 114 сүреден тұратындығы. Қүранның ең үзақ (екінші сүре 286 аят) ең қысқа сүрелері (103,109,110: үш-ақ аяттан). Құран кітабының ішіндегі тарихи естелік тәрізді оқиғалы көркем әңгімелер. Осы көркем әңгімелердегі Адам Ата мен Хауа Анадан бастап, ең соңғы Мұхаммед пайғамбарға дейінгі адамзат тарихының елеулі оқиғаларының суреттелуі.


11

  1. Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінік / Ауд. Халифа Алтай. — Медине, Мүнаууара Сауд Араоия: Қүран Шәриф басым комбинаты. \һіжри 1411 Мілади 1991. — 604 б.

  2. Араб хикаялары / Құраст. С. Ищанов. - Алматы, 1958.

  3. Арабша-қазақша салыстырмалы қүран хатим / Ауд. Ж.ІІ. Ескі сагат. — Алматы, 1991.

  4. Әлем халықтарының ертегілері: 2 томдық / Ауд. Е.Әбілмәжінов. — Алматы, 1992.

  5. Мың бір түн: төрт томдық / Ауд. Қ. Әбдіқадыров. - Алматы, 1995.

  6. Аравия. Материалы по истории открытия, Москва, 1981. Арабская средевековая культура и литература. Сборник статей зарубежных ученых. — Москва, 1978.

  7. Аттая М. О. Очерк по истории арабской литературы, Москва, 1903.

  8. Беляев В. И. Основные черты арабской поэзии в начале аббасидского периода (VIII в. первая половина IX века) // Труды XXV международного конгресса востоковедов. Т. II, Москва, 1963.

  9. Бертельс Е. Э. Суфизм и суфииская литература. — Избранные труды, Т. III, Москва, 1965.




12

Көне еврей әдебиеті.


Библия – көне еврей әдебиетінің мәңгі өшпес мұрасы. Ветхий завет (Көне өсиет) және Новый завет (Жаңа өсиет) - христиан діні мен христиан әдебиетінің бастауы.


12

  1. Шәлекенов У.Х., Шәлекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы. - Алматы, 2002.

  2. История мировой литературы в 9 томах.

  3. Әлем халықтарының ертегілері: 2 томдық / Ауд. Е.Әбілмәжінов. — Алматы, 1992.

  4. Кумисбаев У. Казахская поэзия и Восток. — Алматы, 1999.

  5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – А., 1986.




13

«Махабхарата» және «Рамаяна». Панчатантра


«Махабхарата» және «Рамаяна», «Панчатантра» - көне үнді поэзиясының ескерткіштері. Шығармалардың пайда болу және зерттелу тарихы.


13

  1. Шәлекенов У.Х., Шәлекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы. - Алматы, 2002.

  2. История мировой литературы в 9 томах.

  3. Әлем халықтарының ертегілері: 2 томдық / Ауд. Е.Әбілмәжінов. — Алматы, 1992.

  4. Кумисбаев У. Казахская поэзия и Восток. — Алматы, 1999.

  5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – А., 1986.

  6. Мағауин М. Ғасырлар бедері. Әдеби зерттеулер, - А., 1991




14

Түрік әдебиеті.

Түрік әдебиетінің пайда болуы мен даму белестері. Түрік классикалық поэзиясы және оның әлем әдебиетінде қалдырған іздері. Түрік – қазақ әдебиеттерінің байланысы.

14

  1. Плач лани: Турецкая народная поэзия. Москва: Художественная литература, 1964.

  2. Турецкая ашыкская поэзия. Пер. с тур. (Сост., предисл., коммент. Х.Корогяы. - Москва: Худож.-лит. 1983.

  3. Айзен штейн Н. А. Из истории турецкого реализма. Москва, 1968.

  4. Алкаева Л. Очерки истории турецкой литературы (1908—1939). - Москва: ИВЛ, 1958.

  5. Алькаева Л.О. Сюжеты и герой в турецком романе (конец XIX - начала XX в), М., 1996.

  6. Гарбузова B.C. Поэты Турции: очерки жизни и деятельности, Вып. 2, 1970, 116 с. Вып., 3, 1975, 75 с.

  7. Крымский А. История Турции и ее литературы. Москва, 1910.

  8. Кямилев X. У истоков современной турецкого литературы, Москва, 1967.

  9. Тебегенов Т. Түрік әдебиеті// Тебегенов Т. Шетел әдебиеттерінің тарихы. Алматы. РБК, 1996.

  10. История мировой литературы в 9 томах.




15

Татар әдебиеті

Жазба әдебиеті бастаулары.Ең көне үлгілері – Ғалидың ізгі махаббатты жырлаған «Жүсіп және Зылиха» (13 ғ-дың басы) поэмасы мен авторы белгісіз діни-эпикалық «Кесікбас» («Кисекбаш») жыры, «Сопыларға өсиет» атты дидактикалық шығарма т.б.

15

  1. История литератур народов Средней Азии и Казахстана. Москва, I960.

  2. Шәлекенов У.Х., Шәлекенов М.У. Әлем халықтарының этнологиясы. - Алматы, 2002.

  3. История мировой литературы в 9 томах.

  4. Әлем халықтарының ертегілері: 2 томдық / Ауд. Е.Әбілмәжінов. — Алматы, 1992.

  5. Кумисбаев У. Казахская поэзия и Восток. — Алматы, 1999.





7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: 1. Ежелгі грек мифтері. Гректердің құдайлар пантеоны

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Антикалық теогония (яғни құдайлардың пайда болуы, өсіп-өрбуі). Хаос (тұңғиық, түпсіздік, тәртіпсіздік), Космос (тәртіп, әлем, сұлулық, үйлесім). Құдайлардың бірінші ұрпағы. Гея (Жер), Никта (Түн), Эреб (Қараңғылық), Тартар (Тұңғиық), Эрос (Махаббат), Уран (Аспан), Понт (Теңіз). Құдайлардың екінші, үшінші және төртінші ұрпақтары. Космогония.



Әдістемелік нұсқау:

Сабақты белсенді ұйымдастыру дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

Тақырыбы: 2. Көне грек әдебиетінің дәуірленуі. Классикалық кезеңдегі антикалық әдебиет. Өкілдері.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

І – кезең –“Классикаға дейінгі” немесе көне (архаикалық) кезең. ІІ – кезең – Ежелгі Грекияның құлиеленушілік құрылысының гүлденіп, дамыған уақытына сәйкес келеді. Ол біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІ - ІҮ ғасырлар аралығын қамтиды. (Сократ, Платон, Демокрит, Эпикур және т.б. ІІІ – кезең. “Эллинизм дәуірі” немесе “эллиндік кезең”. “эллиндік-римдік дәуір”.



Әдістемелік нұсқау:

Белсенді өрбіген әңгімені ұйымдастыру, яғни дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 3. Эсхил, Софокл, Еврипид – грек трагедиясының негізін қалаушылар.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Эсхил – ұлы трагик, адам жанының білгірі. Трагедиялары: “Жалбарынушылар”, ”Парсылар”, “Фивге қарсы жетеу”, “Бұғауланған Прометей”, “Орестея” трилогиясы. Эсхил мұрасының әлем әдебиеті үшін маңызы. Софокл. Өмірбаяны. Шығармашылық мұрасы. Трагедиялары: “Аякс”, “Антигона”, “Трахндық әйелдер”, “Эдип-патша”, “Электра”, “Із кесушілер”, “Эдип Колонда” және т.б. трагедиялардың тақырыптық аумағы. Идеялары. Софокл шығармаларының гуманистік маңызы. Еврипид – трагедия дәстүрін дамытушы. өмірі туралы деректер. Еврипидөмір сүрген тарихи кезең. Трагедиялары: “Алкестида”, “Медея”, “Ипполит”, “Есінен ауысқан Геракл”, “Трояндық әйелдер”, “Электра”, “Елена”, “Ион”, “Ифигения Авлидте”, “Вакханкалар” және т.б. Еврипид шығармаларындағы басты идеялар. Трагедиялардағы гуманизм сарыны.



Әдістемелік нұсқау:

  1. Ауызша баяндау. Әдебиеттер тізімінде берілген шығармалармен толығырақ танысу.

  2. Ғалымдар зерттеулерінен өзіне керекті, маңызды жерлерін конспекті жазу

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 4. Ортағасырлардағы батырлық эпос

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Батырлық эпос. Француз батырлық эпосы. Шансон де Жест. “Роланд туралы жыр”. өзге жырлар. “Гильом де Оранж туралы жыр”, “Гудруна”, “Дитрихтың қашуы” және “Равенн соғысы”. Трубадурлар лирикасы. Трубадурлар лирикасы. Миннезанг – махаббат әні. Куртуаздық және халықтық бағыттар. Бертран де Борн шығармашылығы. Рыцарлық романның пайда болуы. “Александр Македонский туралы роман”, “Эней туралы роман”, “Троя туралы роман”, “Тристан мен Изольда туралы роман”.



Әдістемелік нұсқау:

Ауызша сұрақ, жауап, жаңа ұғымдарды жазу түрінде өткізуге болады.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 5. Қайта Өрлеу алыптары – Петрарка

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Франческо Петрарка творчествосы. Өмірі туралы деректер. Шығармашылық жолы. “Филология” комедиясы. “Африка” комедиясы. “Канцоньера” –“Ән кітабы” – сонеттер жинағы.



Әдістемелік нұсқау:

Франческо Петрарка творчествосын зерделеген ғалымдар еңбектерімен танысу, конспектілеу.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 6. Классицизм – ХҮІІ ғасыр әдебиетіндегі басты әдеби ағым. Өкілдері.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Классицизм. Декарт философиясы. Ришелье Академиясы. Классицизмнің негізгі принциптері. Сұлулық идеалының абсолюттігі, мәңгілігі – классицизм бағытының философиялық негізі. “Үш бірлік” теориясы. Көркем шындықтың басты анықтауышы – парасат. Француз классицизмінің теоретигі – Никлоа Буало-Депрео. Оның “Ақындық өнер” поэмасы.



Әдістемелік нұсқау: Осы тақырыптардағы білімін кеңейтуге және тереңдетуге және студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін дамыту үшін қосымша оқу әдебиеттерімен жұмыстануы керек.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 7. ХҮІІІ ғасыр – Ағартушылық дәуір. Ж.Ж.Руссо.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Жан Жак Руссо. Шығармалары. Философиялық көзқарастары. “Жаңа Элоиза” романы. “Эмиль” – философиялық роман. “Сыр”. Руссоизм. Руссо көзқарастарының әлем мәдениеті мен әдебиетіне ықпалы.



Әдістемелік нұсқау: Жан Жак Руссо шығармалары, философиялық көзқарастарының басты ұғымдарын, төл ерекшеліктерін бағамдау.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 8. ХІХ ғасыр романтиктері.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Эрнст Теодор Амадей Гофман шығармашылығы. Өмір жолы. Алғашқы шығармашылық еңбектері: “Жәндіктер әміршісі” – фантастикалық новелласы. “Брамбилл ханшайымы”, “Алтын тостақ”, “Мурр мысықтың дүниетанымы” – ирониялық новелла. Генрих Гейне шығармашылық жолының өту кезеңдері. Байрон, Шелли, Скотт шығармашылығы. Француз романтиктері: Франсуа Рене де Шатобриан, Анна Луиза Жермена де Сталь, Бенжамен Констан, Жорж Санд (Люсиль Аврора Дюпен). Виктор Гюго – француз ұлы қаламгері. Поляк романтизмі: Адам Мицкевич – поляк романтизмінің көрнекті өкілі.



Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап, семинар сұрақтарына, материалдарды өз алдына талдауға негізделеді.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

Тақырыбы: 9. Реалистік әдебиет алыптары.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Ипполит Тэн – француз ойшылы. Оның тарихи, тарихи-әдеби және эсттикалық еңбектері. Француз натурализмі. Оның жарқын өкілдері: Гюстав Флобер, Мопассан, Золя, ағалы-інілі Госмурлер, Шанфлери, Дюранти және т..б. Эмиль Золя – француз натурализмінің теоретигі (“Тәжірибелік роман”). Золя жариялаған натурализм принциптері. Француз декадансы. Ницше, Артур Шопенгауер, Анри Бергсон философияларының француз әдебиетіндегі декаданс бағытының таралуына тигізген әсерІ. Француз символизмі және модернизмі



Әдістемелік нұсқау: Сабақтың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға дайындалу және жазушылар шығармашылығын талдау.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 10. Гомер шығармашылығы. «Илиада» мен «Одиссеяның» сюжеттік арналары.

Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Гомер. Оның “Илиада” және “Одиссея” поэмалары. Гомер сұрағы. Оның туындау себептері мен тарихы.



Әдістемелік нұсқау: Тақырыптың мазмұнымен танысып, ауызша баяндай отырып талдау. Гомер поэмаларының тарихилығы.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
Тақырыбы: 11 Аристофан комедияларының өзекті тақырыптары.

Семинарлық сабақтың мазмұны:

Аристофан – комедияның атасы. Өмір жолы. Шығармалары. “Ахарндықтар”, “Салт аттылар”, “Бұлттар”, “Құстар”, “Лисистрата”, “Әйелдер мейрамда”, “Құрбақалар”, “Халық жиналысындағы әйелдер”, “Байлық” және т.б. комедиялардың мазмұндық, сюжеттік, идеялық ерекшеліктері. Аристофан – ежелгі грек комедиясының көрнекті өкілі.



Мақсаты: Студенттердің тақырып туралы толықтай хабардар болып, бұл туралы ақпарат бере білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет