Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


№11 дəріс. Тақырыбы: Əзірбайжан əдебиеті



Pdf көрінісі
бет65/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

№11 дəріс. Тақырыбы: Əзірбайжан əдебиеті 
Қарастырылатын сұрақтар: 
Əзербайжан халқының ауыз əдебиеті. Əзербайжан халқының жазба əдебиеті. 
Кезеңдері. Низами Ганжауи /1141-1209/. Низами /Əбу Мұхаммед Ілияс Жүсіпұлы/ - 
əзербайжан əдебиетінің классигі.
Дəріс мақсаты: 
Əзірбайжан əдебиетінің дамуы барысынан мағлұмат беру.
Дəріс мазмұны:
Азербайжан əдебиеті бай тарихы бар көне əдебиеттің бірі. Ол б.з.б. 7-6 ғ-да туған. 
Таяу жəне Орта шығыс халықтарының ежелгі ескерткіші «Авеста» (ескі қолжазбалар 
кітабы) – Азербайжан əдебиеті көне шығармаларының бірі. Басқа да түркі халықтары 
сияқты А-да ауыз əдебиеті кең дамыған. Ертегілердің басты кейіпкері – тазша бала 
(тазша Ахмед) болып келуі жəне Молла Насреддин атынан айтылатын сатиралық – 
юмористік аңыздардың көптігі көне А əд-ін Орта Азия жерін мекендеген халықтар 
əдебиетімен туыстастырады. 
А. əд-ң көне тарихы туралы мəліметтер аз сақталған. Б.з-дың Ү-ғасырында А-
ның солтүстік-шығыс бөлігінде өмір сүрген Албан мемлекетінің өз алфавиті болып, 
соның негізінде діни кітаптар мен əдеби шығармалар жазылған. Бірақ арабтардың 
шабуылы (ҮІІ ғ.) Албан мемлекетін құлатып, азербайжандардың мəдениетіне көп 


тежеу жасады. ҮІІ-ХІ ғ-да А. мəден-ң көрнекті қайраткерлері – философ Бахманер 
(1066 ж.ө.), ақындар Қатран Тебризи (1010-80), Хатиб Тебризи (1030-1108) т.б-лар 
шығармаларын араб-парсы тілдерінде жазған. Бұл дəуірде туған Шығыс 
халықтарының ортақ мұрасы «Китаби Дəде Қорқұд» эпосының А. халықтық 
əдебиетіне едəуір қатысы бар. Бұл Х-ХІ ғ-да Кавказға өткен оғыз руларының 
туындысы. Оғыздар кейін азербайжан жəне түркі тұқымдас халықтарға сіңіскен. ХІ ғ-
дан бастап А ақындары парсы тілінде қасида, ғазол үлгілерін жазған. ХІІІ ғ-да 
азербайжан тілінде əдебиет пайда бола бастайды (ақын Изаддин Гасан оғлының 
өлеңдері). Шығармаларында халық өмірін арқау еткен осы тұстағы ақындардың 
көрнектілері: Əбу-л-
Аьла Гəнжауи 
(«ақындар патшасы» атанған), Фелеки Шируани 
(1118-1181), Эфзелиддин Хагани (1120-1119). ХІІ ғасырлардағы Азербайжан əдеб-ң 
биік шыңы – Низами Тəнжауидің (1141-1209) шығармашылығы. ХІІІ ғас-дан бастап А-
да софизм ықпалымен туған поэзия өрістеді. ХІҮ ғасырларда А-да діни-саяси ағым- 
хуруфизм кеңінен тарай бастады. Хуруфизмді жақтаушылар ислам дініне, Темір 
үстемдігіне қарсы наразылық білдірді. Осы ағымның көрнекті ақыны Имадеддин 
Несими хуруфизмге қарсылар қолынан қаза тапқан. Несими азербайжан тілінде 
лирикалық өлеңдер жанрын (диуан) қалдырған ірі ақын. ХҮ ғ-да А-да махаббат
тақырыбына жазылған лирика кең өріс ала бастады. ХҮІ ғ-дың белгілі ақындары 
Хатам (Исмаил шаһтың лақап аты), Хабиби, Мұхаммед Физули (1494-1556) А əд-не 
елеулі үлес қосқан. Əсіресе Физули лирикасы мен ғазолдары Шығыс халықтарына кең 
тараған. Ол да «Лəйлі – Мəжнүн» атты романтикалық поэма жазған. ХҮІІ ғ-да түріктер 
шабуылының ықпалымен А-ның жазба əдебиеті біраз тежеліп, халықтық дастандар 
кең жайылған. «
Ашиг-Гариб
», «Шаһ-Исмаил», «Асли мен Керім», «
Көроғлы
», «
Аббас 
пен Гюльгаз
» дастандары – дəуірдің тарихи шындығын танытатын едəуір маңызды 
туындылар. Əсіресе «Көроғлы» сыртқы жауға қарсы тəуелсіздік идеясын кең 
бейнелейді. ХҮІІІ ғ-да екі үлкен ақын Видади (1709-1809) мен Вагиф (1717-1797) 
халық поэзиясы əсерімен əдебиеттегі демократиялық бағытты дамытты. Феод. 
құрылысқа қарсы күресе отырып, реалистік поэзияға жол ашты. А-ның Россияға 
қосылуы əд-те жаңа кезең туғызды. Аса көрнекті жазушы, философ-материалист, 
драматург Мирза Фатоли Ахундов (1812-1878) дəуірдің жаңа идеясының басы болды.
ХІХ ғасырлардың сатирик ақындары Касумбек Закир (1784-1857) Селд Азим 
Шируани (1835-1888) патша шенеуніктері мен жергілікті озбырларды сынады. Сатира 
дəстүрін дамытуда Ж. Мамедкулизаде (1856-1932) шығарған «Молла Насреддин» 
журналының (1906-30) үлкен мəні болды. Онда А.Сабирдің (1862-1911) сатиралық 
туындылары басылды. Төңкеріс алдындағы А əд-ті негізінен реалистік бағытта 
дамыды. 
Аббас
Сиххат (1874-1918) Крылов, Пушкин, Лермонтов, Горький шығ-рын 
аударды. А-да кеңес Үкіметінің орнауына байланысты аға буын жазушылар Ж. 
Момедкулизаде, Н.Нариманов (1871-1925), А. Ахвердов (1870-1933), С. Ахундов 
(1875-1939), М.
Ордубады
(1872-1950), Абдолла Шомк (1881-1959) жаңа əдебиет 
жасауға белсене ат салысты. Олар рев-қ шығ-р туғызды. Поэзияның көрнекті 
өкілдерінен Самед Вургунді (1906-1956) ерекше атауға болады. Расул Рзаның (1910 
ж.т.) Мамед Рагимнің (1907 ж.т.), О. Сарывелли (1905 ж.т.), А. Джамиль (1913 ж.т.), З. 
Холиль (1914 ж.т.), М. Дильбози (1913 ж.т.), М. Сеитзиде (1907 ж.т.) т.б. ақындардың 
əр тақырыпқа жазған патриоттық лирикалық туындылары – А əдебиеттің елеулі 
табысы. Соғыстан соңғы дəуірде де Н. Бабаев, Г. Гусейзаде, К. Касумзаде, И. Сафарли, 
З. Джабарзаде, А. Керимов т.б. талантты ақындар тобы өсті.
А. проза-ң табыстары М. Ордубадының «Тұманды Тавриз» (1933-48), «Бакудегі 
астыртын жұмыс» (1940), С. Регимнің (1900 ж.т.), «Шомо» (1-3, 1931-64), «Сачлы» 


(1940-48), М. Гусейннің (1909 ж.т.), «Таңертең», «Аплирон», А. Абульгасонның (1906 
ж.т.) «Достық қаламы», М. Ибрагимовтың (1911 ж.т.) «Туады күн», «Тоғысқан су» 
тəрізді романдарымен өлшенеді.
А. кеңес драматургиясының негізін қалаған аса көрнекті драматург Джафар 
Джабарлы (1899-1934 ж) болды. А. драмат-ң табыстарына М. Ибрагимовтың, С. 
Вургунның, Сабит Рахманның туындылары қосылды. 
А. əдебиеттің басқа жанрлары да кең өркендеді. 3 томдық «А. əдебиеттің 
тарихы» (1957-60), А. классиктері (Низами, Физули т.б.) туралы туындылар жарық 
көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет