қуушылардың бірі – «Декамеронның» авторы атақты Боккачоның гуманистік
идеяларға толы реалистік новеллалары – дүниежүзілік əдебиет
саласындағы соны
құбылыс боп саналады.
Қайта жаңғыру құбылысының басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам
бойындағы ірі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дəрежеге көтеру жəне
оның ар-намысын, абыройын қорғау басты орынға қойылды. Бірақ осындай ұлы
бастамалардың жаршысы болған Италия елінде алғаш рет католиктік реакция
басталды, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. ХҮІ
ғ. 40-ж. инквизиция басталды. Еркін ой иелерін қудалап, айыптау мақсатында ІҮ-ші
Павлдың бастамасымен тыйым салынған кітаптардың тізімі жасалды. Бұл тізімге
христиан дінінің қағидаларына қайшы келетін, адамдардың сана сезіміне əсер
ететін
шығармалар енді. Оның қатарына Джованни Боккачо сияқты Италияның ұлы
гуманистерінің шығармалары да жатқызылды. Тыйым салынған кітаптар отқа
жағылды.
Германияда гуманизм идеялары ХҮ ғ. ортасына қарай тарай бастады жəне
оларды негізінен прогрессивтік интеллигенция мен жоғары оқу орындарының
ұстаздары қолдады. Мартин Лютердің Библияны неміс тіліне аударуы – Германиядағы
Қайта жаңғыру дəуірінің бастамасы болды. Библияның неміс тіліне аударылуы –
немістің ортақ əдеби тілінің қалыптасуына да əсерін тигізді. Германиядағы Қайта
жаңғыру Реформациямен тығыз байланысты болды (католиктік шіркеуді реформалау
қозғалысы).
Немістің гуманистік əдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі – Иоганн Рейхлин
(1455-1522 ж.ж.) – «Письма темных людей» деп
аталатын атақты сатиралық
шығарманың авторы. Ол бұл еңбегінде ғылыми атақтары бар магистр мен
бакалаврлардың қара ниетін айыптап, қоғамдық өмірді сынға алды, Сондай-ақ
Себастьян Бранттың «Ақымақтар кемесі», Ульрих фон Гуттеннің, Ганс Санстың
шығармалары да осы кезең туындылары. «Халық кітаптары»
деп аталатын жалпы
əдебиет саласындағы соны құбылыс та Германияда Қайта өрлеу дəуірінде пайда
болды. Бұл жинаққа жалпы халық құрметіне бөленген шығармалар енді. Олар: «Тиль
Эйленшпигель», «Доктор Фауст», «Шильдбюргерлер» жəне т.б.. Олардың авторлары
белгісіз.
Нидерландыдағы Қайта жаңғыру қозғалысының алыбы Эразм Роттердамский
болды. Оның «Есерсоқтықты мақтаған сөз», «Үйдегі əңгіме» сияқты өмірдің сан-
саласын қамтитын сатиралық шығармалары Германияға, Францияға,
Италияға,
Англияға кеңінен тарады. Ол өз шығармаларында корольдер мен княздердің,
феодалдардың саяси озбырлықтарын əшкерелеп, халыққа қайғы-қасірет əкелетін
соғыстарды сынға алды. Бұл тұста Нидерландының ұлттық гимнінің авторы Филип
Альхонде жəне т.б. баға жетпес туындылар берді. Нидерландының мəдени өмірінің
басты ерекшелігі – қалаларда ғана емес, шағын деревняларда да риторикалық
қоғамдардың құрылуы болды. Бұл қоғамдардың мүшелері өлең, əн, пьесса, əңгіме
шығарудан өнер сайысына түсетін болды.
Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мəдени дəрежесінің көтерілуіне үлкен
үлес қосты.
Англияда гуманистік идеялардың орталығы – Оксфорд университетінде өз
заманының алдыңғы қатарлы ғалымдары – Гросин, Линанр, Конет жəне т.б.
жемісті
еңбек етті. Əлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы
«Утопияның» авторы. Томас Мордың есімімен тығыз байланысты. ХҮІ ғ. бірінші
жартысында көркем əлебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты.
«Қаңғыбастар» ретінде қатаң жазалану қаупіне қарамастан елде актерлердің
«Қыдырма» топтары көбейе түсті. Ағылшын Ренессансының алыбы, ағылшын
халқының ұлы драматургы – Вильям Шекспир болды. Оның қаламынан шыққан
«Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға тұсау», «Генрих ҮІ»,
«Ричард ІІІ» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік
даңқ пен
құрметке ие болды. Жалпы алғанда, жаңғыру дəуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдің
есімімен тығыз байланысты.
Еуропаның басқа бір елі – Испанияда Қайта жаңғыру дəуірі басқа елдерге
қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Сегіз ғасыр бойы арабтардың қол
астында болған испандықтардың ұлттық тəуелсіздігі үшін күресі жеңіспен аяқталды.
Осы бір азаттық күрес заманында «рыцарьлық» романдар кеңінен тарады. Бұл
жанрдың негізін қалаушы атақты трагедиялық комедияның «Селестинаның» авторы
Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша əдеби дəстүрді Испанияның ұлы жазушысы «Дон
Кихоттың» авторы Мигель де Сервантес пен «История жизни пройдохи» романының
авторы сыншы-жазушы Франческо де Кеведо одан əрі жалғастырды.
Испанияның ұлттық драматургиясының негізін қалаушы, Шекспирмен қатар
«Дəуір алыбы» деген құрметті атаққа ие болған, екі мыңдай əдеби
шығармалардың
авторы ұлы Лопе де Вега дүниежүзілік драматургия саласында алдыңғы қатарда
болды. Оның атақты туындылары «Би мұғалімі», «Вакенсия жесірі», «Құмыра
көтерген қыз», «Ақымақ қыз» - халық көңілінен шықты.
Францияда гуманистік қозғалыс тек ХҮІ ғ. басында ғана етек алды. Француз
гуманизмінің тамаша өкілі – ұлы сыншы Франсуа Рабле болды. Ол өзінің «Гаргантюа
мен Пантагрюель» атты белгілі романында өзі өмір сүрген қоғамды сынға алды.
Достарыңызбен бөлісу: