Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж



Pdf көрінісі
бет59/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

СИЦИЛИЯ.
Ежелгі Грекияның бір бөлігі – Сицилияда мим деп аталатын 
қойылымдар пайда болған. Мимнің мəні – халықтың күнделікті тұрмысын күлкілі 
түрде бейнелеу. Бұл қойылымдар əртүрлі күлкілі қимылдар мен іс-əрекеттерге толы 
еді. Жалпы сицилиялық комедиялардың негізінде сол мимдер жатыр деген ғылыми 
болжам бар. Бір айқын нəрсе – осы халық арасында туындап, дамыған мим кейінгі 
əдеби мимнің өмірге келуіне ықпал етті. əдеби мимнің тарихта аттары қалған өкілдері 
– б.э.д. Ү ғасырда өмір сүрген Софрон мен Ксенарх. Олар өткір прозалық əрі күлкілі 
диалогтық қойылымдар жазған. Мысалы, Софронның «Балықшы», «Шалдар», «Киім 
тігушілер», «Айды аулаған əйелдер», «Сиқыршы əйелдер» атты қойылымдарының 
үзінділері бізге жеткен. Сицилиялық комедияның бізге белгілі тағы бір өкілі – 
Эпихарм.
3.
АТТИКА.
Ежелгі Грекияның Аттика атты аймағында грек комедиясы өз 
дамуының шырқау шыңына жетті деуге болады. Мұнда комедия трагедияның 
ықпалынсыз бөлек жанр ретінде өз алдына жеке даму жолына түсті. Осы Аттика 
аймағында алғаш рет Дионисий мейрамдары кезінде комедия жарысы өткізіле 
бастады. Мұндай оң өзгерістер комедия жанрын күшейтіп, оның жеке əдеби жанр 
ретіндегі дамуын жеделдете түсті. Мемлекет тарапынан трагиктерге берілетіні секілді, 
комедиографтарға да қаржаттай немесе заттай көмек көрсетіле бастады. Аристофанға 
дейінгі тарихта белгілі комедиографтар – Хионид, Магнет, Кратет, Ферекрат. Хионид 
пен Магнет туралы мəліметтер мүлде жоқтың қасы. Кратет пен Ферекрат 
комедияларынан тек аз үзінділер ғана жеткен. Бірақ осы үзінділердің өздері-ақ Кратет 
пен Ферекрат шығармаларының негізі, идеясы, құрылымы, мазмұны мен сюжеті 
туралы бірқатар мағлұмат береді. 


№5 Дəріс. Тақырыбы: Көне иран-парсы əдебиеттері
Қарастырылатын сұрақтар:
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет