Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж


АРИСТОФАНҒА ДЕЙІНГІ КОМЕДИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖƏНЕ



Pdf көрінісі
бет57/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

 
АРИСТОФАНҒА ДЕЙІНГІ КОМЕДИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖƏНЕ 
ДАМУЫ. КОМЕДИЯНЫҢ БАСТАУЛАРЫ

Ежелгі грек комедиясы б.э.д. ҮІ ғасырда пайда болды. Оның пайда болуына төрт 
түрлі элемент себепкер болды: 
1.
 
Пародиялық немесе карикатуралық мағынадағы шулы да көңілді 
қойылымдар; 
2.
 
Ауылдық тұрғындардың Дионис мейрамдарында қалаларға барып, қала 
тұрғындарын келемеждеп айтатын əндері. 
 
3.
 
Құрамында оргиастикалық элементтері мен құрбандық рəсімі бар Дионис 
құдайға бағышталған мистериялар
 
4.
 
Дионис мейрамдарында айтылатын табиғаттың гүлденуне ықпалы бар 
Олимп құдайларына арналып айтылатын əндер. 
 
Осы төрт элементтің бірігуінен көңілді де шулы меркелік шерулер – карнавалдық 
қойылымдар туындады. Мұндай шерулер көңілді əндерге, əзілгі, тіпті кейде дөрекі 
қылықтарға да толы болды. Оған қатысушылар əртүрлі жан-жануарлардың кейпіне 
еніп, солардың табиғи мінез-құлықтарын бейнеледі. Жалпы «комедия» сөзінің төркіні 
бірнешеу: 1. комос – мерекелік көңілді тобыр, 2. соме – деревня немесе ауыл жəне оде 
- əн деген сөздердің бірігуінен шыққан деп те саналады. 
 
КОМЕДИЯНЫҢ ТАРИХИ-ƏЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ. 
Мұндай түрлі-түсті киінген, өздерін еркін ұстайтын ауыл тұрғындарының бұл 
мерекелік ойындары жүре-бара біртіндеп əлеуметтік – саяси мағынаға ие бола 
бастады. Енді бұл мерекелерді тек ойын деп қана түсінбей, оларды ауыл 
тұрғындарының байыған қала кəсіпкерлеріне қарсы көрсеткен саяси қарс үні деген 
көзқарас қалыптасты. Себебі байыған қала шонжарлары мен кəсіпкерлері елді қайта-
қайта жаңа жаулап алушылық соғыстарға итермелей бастады. Екіншіден, олар қалалық 
экономикалық күштерді одан əрі қарай дамытып, қала мен даланың арасындағы 
экономикалық теңсіздікті күшейтті. Осының салдарынан ауылдардың өндіргіш 
күштерінің ел экономикасына деген ықпалы күрт азайды. Сол себепті қала мен ауыл 
секторларының арасындағы саяси антагонизм одан əрі өрши түсті. Осындай қоғамдық-
саяси катаклизмдер əдебиет пен мəдениет салаларына өз əсерін тигізбей қоймады. 
Мысалы, ежелгі аттикалық комедия біртіндеп демократия мен софистерге қарсы 
бағытталған өткір драмалық шығармаға айналды.
Сөйтіп, классикалық комедия қарсыласқан екі саяси күштердің ықпалының 
астында дамыды. Олардың бірі – еркін жəне ұсақ жер иелері (шаруалар мен 
консервативтік аритократия), екіншісі – қалалық əскери жəне сауда-өндірістік 
демократия. Бұл екінші күш грек-парсы соғысынан кейін Ү ғасырдың ортасында пайда 
болған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет