Психика – психологияда қарастырылатын барлық психикалық құбылыстардың жиынтығы. Қазіргі таңда адам психикасының табиғатын түсіндіретін бірнеше тәсілдер бар:
Эволюциялық теорияға және адам қалыптастырудағы іс-әрекеттің шешуші рөлін мойындауға негізделген материалистік тәсіл
Заманауи физика мен нейропсихология жетістіктерін шығыс діндерінің мистикалық тәжірибесімен ассимиляциялайтын трансперсоналдық тәсіл
Психиканың рухани негізін мойындауынан туындаған тәсіл.
Психиканы трансперсоналдық тұрғыдан түсінудің ғылыми негізіне голография, лазерлік технология , кванттық-релятивистік физика және ми нейрохирургиялық зерттеулер саласындағы жұмыстар жатады.
Ми голографиялық принцип негізінде әрекет ете отырып, өзінің әрбір бөлігінде барлық бейнелерді ұстайтын голограмма сияқты барлық ақпаратты өзінің әрбір нүктесінде сақтайды.
Негізгі бөлім
6 минут
2.1. Бала миының даму ерекшеліктері. Қалыптасу кезеңдері
2.2. Ересектер мен балалар миының ерекшеліктері
Адам миының қалыптасуы ана құрсағынан басталады. Бұл процесс шақалақтың бір жасқа дейінгі уақыт аралығында белсенді болады.
Мидың қалыптасуы қатаң белгілі бір тәртіпте жүреді. Бастапқы кезеңде өзгерістер ми діңіне, соңғы кезеңде – ми қыртысына әсер етеді.
Қалыңдығы 1,5-4,5 мм шегінде ауытқитын жоғарғы қабат бас миының қабығы деп аталады. Ми қыртысы ми нейрондарының 80% қамтиды.
Бала дүниеге келген кезде мидың осы бөлігінің даму деңгейі әрі қарай жетілуді қажет етеді. Оның жетілуі көбінесе жасөспірім шақ аяқталғанға дейін жалғасады.тап осы ми қабығы баланың сезімталдық деңгейін көрсетеді.
Кіндік кесіліп анамен физикалық байланыс үзілген сәттен-ақ ағзадағы жасушалар саны 100 миллиардтан асады. Бізде табиғат сыйлаған нейрондардың саны Жер халқының санынан шамамен 20 есе көп және Құс жолы сияқты ірі галактикаға кіретін жұлдыздар санының көрсеткішінен 10 есе асып түседі.
Мидың қалыптасу кезеңдері. Мидың даму кезеңі бірнеше сатыға бөлінуі мүмкін:
Құрсақта даму кезеңі
Сәбилік кезеңі
Балалық шақ
Жасөспірімдік кезең
Нәрестелік сатыны 2 кезеңге бөлінеді. 1-8 аптаны қамтитын бірінші кезең аса маңызды деп саналады. Едәуір ұзағырақ сензитивті кезең нәрестенің алты айлығынан басталады және шамамен 24 айға созылады. Баланың оқуға дайын кезеңін «мүмкіндіктер терезесі» деп атайды. Бұл кезеңде ақпаратты қабылдау және өңдеу процесі қарқынды жүреді.
Ми дамуының қарқынды кезеңі балалық шақ пен жасөспірім кезеңін қамтиды және өмірінің алғашқы үш жылына сәйкес келеді.
Бала миының ересек адамның миынан өзгеше жұмыс істейді: балалар басқаша ойлайды, өздерін басқаша ұстайды, басқаша оқиды. Мидың қалыптасуы мен қызмет етуін, жас ерекшеліктерін жастық когнитивті психология мен нейропсихология зерттейді. Бұл материалда «ересек» деген сөзбен 18-ден 25 жасқа дейінгі өмір сүру кезеңі қарастырылады; 11-ден 18 жасқа дейін жасөспірімдік кезең; 4-тен 10-ға дейін – балалық кезең; 4 жасқа дейін – ерте балалық кезең деп қарастырылады.
Мидың басты элементтері: Нейрондар, синапс, Миелин.
Ми зерттеулері, ересектер мен балаларда мидың мүлдем басқа аймақтары белсенді жұмыс істейтінін көрсетті. Балаларда, ең алдымен, сопақша ми мен орташа ми белсенді. Сопақша ми жүрек соғысын, артериялық қысымды және дене температурасын бақылайды. Орта ми ояну, тәбет/қанығу сезімі, сондай-ақ ұйқы үшін жауап береді.
Ересектерде негізі жұмыс аймақтарына лимбикалық жүйе мен бас миының қыртысы жатады. Лимбикалық жүйе жыныстық мінез-құлықты, эмоционалдық реакцияларды және қимыл белсенділігін бақылайды. Ми қыртысы нақты ойлауға, мағыналы мінез-құлық пен эмоцияға бай мінез-құлық үшін жауапты болады.
Сергіту сәті
3 минут
«Сегіздік әліпбиі»
Оқу дағдысы: жазу, дұрыс жазу, математикалық дағды , шетел тілін үйренуде есте сақтауды белсендендіру
Жүргізілуі:
Денеңізді өзіңізге ыңғайлы болатындай етіп орналастырыңыз.
«Жалқау сегіздіктің» суретін көз алдыңызға елестете отырып ауада салыңыз (шексіздік белгісі). Оның ортасы арқылы жоғарыдан төмен тік сызық өткізіңіз, осылай сегіздікті екі шеңберге бөліңіз
Жазу ыңғайлы болу үшін шеңбер сызықтарын пайдалана отырып, оң немесе сол шеңбер әріптерін жазуды бастаңыз. Шеңбер сызықтары сіздің әріптеріңіздің бөлігі болып табылады, оның ішінде қай әріптің бейнесі нақты болып көрінетінін өзіңіз таңдайсыз.
Бір әріпті жазып, тағы да сегіздік салыңыз және оны тік сызықпен бөліңіз. Жаттығу бір әріппен әр қолдың көмегімен 3 рет және екі қолмен бір уақытта 3 рет жасалады.
7 минут
Мидағы синаптикалық байланыстардың даму кезеңдері
Адам миының құрылымы дүниеге келген сәттен бастап үздіксіз дамиды. Адам өмірінің алғашқы жылдары нейрондар арасындағы байланыс құрылымына тікелей әсер етіп оның берік немесе нәзік болып қалыптасуына ықпал етеді.Өмірдің алғашқы жылында әр секунд сайын 700 жаңа нейрон қалыптасады.
Мидағы синаптикалық байланыстардың даму кезеңдері:
Жаңа нәрестелерде:
Автоматталған функциялар дамиды, 5 сезім және моторикалық функциялары қалыптасады
Мидың көлемі өзінің болашақтағы көлемінің 25% құрайды
Имплицитті (санасыз) жады анасы мен отбасы мүшелерін тануға мүмкіндік береді
1 жастан 3 жасқа дейін
Осы уақытта мида әр секунд сайын 2 000 000 дейін синапс дейін қалыптасады
Бұл кезеңде мидың болашақ құрылымының негізі салынады
3 жас
Мидың көлемі болашақтағы ересек адам миының көлемінің 90%-ын құрайды
Эксплициттік (саналы) ес дамиды
Осы уақытқа қарай оқуға, әлеуметтік өзара іс-қимылға және эмоциялық әрекет етуге қабілеттіліктің негізі қаланады
4-тен 10 жасқа дейін
Бұл жастағы бала миының белсенділігі ересек адам миынан екі есе артық: ересек адамның миының жұмыс істеуіне тұтынылатын оттегінің 20%-ға жуығы кетсе, ал осы жас мөлшері аралығындағы бала миының жұмыс істеуіне оттегі 50%-ға дейін кетеді
8 жастан бастап балада логикалық қабілеттер қалыптаса бастайды.
11 жастан бастап әрі қарай
Бұл жаста жүйке байланыстарын жетілдіру процесі басталады: жүйке импульсінің өтуі үшін ең тиімді жолдарды ғана қалады, ал аз пайдаланылатын байланыстар белсенділігін тоқтатады.
14 жас маңдай бөлігінде миелин қабығы пайда болады
16 жас көлік жүргізу
18 жас дауыс беру
23 жас жетілу процесі аяқталады
25 жас Миелинизация процесі аяқталады.
Әрі қарай. Ми әлі де нейрондар арасында жаңа байланыс жасай алады, әзірге оқу процесі жүріп жатыр.
Сергіту сәті
4 минут
Қуаттану (энергетизатор)
Жүргізілуі:
Үстелге отырыңыз, екі қолыңызды үстелдің үстіне созып, басыңызды сол екі қолыңыздың ортасына қойып жайғастырыңыз
Демді алу барысында басыңызды ақырындап көтеріңіз, мұрныңызды алдыға бағыттап, мойын мен арқаңыздың жоғарғы бөлігін тарту арқылы өзіңізді созасыз. Көтерілу шегі – дем алудың соңы немесе арқадағы бұлшықетке күш түсіру болып табылады. Денеміздің төменгі бөліктері мен иықтарымыз босаңсу қалпында болуы қажет
Басыңызды дәл солай жұмыс кезеңінің реттілігімен түсіріңіз: бас, мойын, арқа. Жаттығуды 3 рет қайталаңыз. Есіңізде болсын, дене жұмысы мен дем алуды бір мезгілде үйлестіру маңызды.
Нұсқа: Жаттығуды жұмсақ жерде кеудеңізбен ішке қарай жатып жасауға да болады. Жұмыс кезеңінің реттілігі дәл бұрынғысынша. Жамбас пен арқаның төменгі бөліктері босаңсулы қалыпта қалады, жатқан жерде қолғалмайтындай болу қажет.
6 минут
Үшбірлікті ми теориясы
Барлық адамдар ретикулярлық (репитилді) ми, эмоционалдық (лимбикалық) ми, неокортекс (бас ми қабығы) құрылымынан тұратын мидың үшбірлікті жүйесіне ие.
Рептильдік ми (R-кешен)
100 млн жыл қолданылады, ол ең ежелгісі болып табылады.Оның қызметі өте қарапайым: «жүгіру – қорғану – тұрып қалу» Ол дереу реакциялар үшін қажет. Алдымен біз жауап береміз, содан кейін ойлаймыз.
Лимбикалық жүйе (эмоционалдық ми)
Оның жасы 50 млн жыл, бұл ежелгі сүтқоректілерден қалған мұра. Ол ағзаның өмір сүруі, өзін-өзі сақтауы және өзін-өзі қорғауына жауап береді; әлеуметтік мінез-құлықты, ана қамқорлығын және тәрбиелеуді басқарады.Эмоционалдық ми эмоциялардың басты генераторы болып саналады, эмоционалдық және дене қызметін байланыстырады.
Неокортекс (ми қыртысы)
Бұл рационалды ақыл – ең жас құрылым. Жасы 1,5-2,5 млн жыл. Ол біз пайым деп атайтын нәрсе болып табылады: ойлану, тұжырым жасау, талдауға қабілеттілік, онда танымдық процестер жүреді және т.б.
ҰҚТ реакциясы:
ҰР – шабуылда
ҚАШ – қашып құтыл
ТАПЖЫЛМА – қозғалма
Қорытынды
2 минут
Адам психикасы – жануарлардың психикасына қарағанда жоғары сапалы деңгейде. Адамның санасы – алғашқы қауымдастықта өмір сүру жағдайының күрт өзгеруіне байланысты азық табу үшін бірлескен іс-қимылдарды іске асыру қажеттілігінен пайда болды.
Психиканы трансперсоналдық тұрғыдан түсінудің ғылыми негізіне голография, лазерлік технология, кванттық-релятивистік физика және ми нейрохирургиялық зерттеулер саласындағы жұмыстар жатады.
Ми голографиялық принцип негізінде әрекет ете отырып, өзінің әрбір бөлігінде барлық бейнелерді ұстайтын голограмма сияқты барлық ақпаратты өзінің әрбір нүктесінде сақтайды.
Қазіргі психологияда әлемнің рухани негізінің мәселелері белсенді талқылануда. Әлемнің рухани негізін және әлемнің жүйелілігін мойындау адам психикасы мен адам болмысының феномені тану мүмкіндігін кеңейтеді. Мұндай тану ми қабығының қызметі ойлаумен шектелмейді және онымен аяқталмайды, ұжымдық бейсаналық жеке тәжірибесінде пайда болмайтын психикалық материалды қамтиды, адамның рухани саласы Жер мен ғарыш энергиясында ғана емес, сонымен қатар жоғары тәртіптегі рухани салада да ашық деген жаңа ұғымдарға әкеледі. Бұл психофераның жер мен жоғары тәртіптегі рухани саланың бірлігі ретінде болуы туралы болжам айтуға мүмкіндік береді.
Кері байланыс
2 минут
«БББ» кестесін толтыру
Қатысушыларға «Білемін, Білдім, Білгім келеді» деген бағаналары бар парақ таратылады. Семинардан алған әсерлерін түйіндеп, жазу ұсынылады