Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Семинар сабақ Тақырыбы: «Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу. Идеалды және реалды эксперименттер.»
Орындаған: Жетпісбаева Б.Н
Тексерген:Нуркасинова Л. М
Топ: ППФ 208
Алматы 2021 жыл
Эксперименталды психология – эксперименттік әдістерді қолдану арқылы психикалық құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының саласы.
Эксперимент (лат. Experimentum -“эксперименттеу” тәжірибе, сынау, бақылау, көру деген мағынаны береді) – ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру;
Теориялық білім адам психологиясы, әрекеті санасына байланысты мәселелерді жалпы талап бойынша шешуде қолданылатын жалпы ғылыми бағыт болып табылады. Ал, қолданбалы салада адамның іс – әрекетін жетілдіруде, оның әрекетін жақсартуға, психологиялық дамуын жоғарлатуға, практикалық – кеңестік сипаттама жасауға байланысты практикалық міндеттерді ғылыми негізде қою және шешу болып табылады. Қолданбалы саладағы бұл міндеттер эксперимент арқылы шешіледі.
Эксперименталды психология пәні – психологияның теориялық және эмпирикалық білім туралы мәселелерді, психологиялық эксперименттік психологиясын іс – әрекеттің табиғи және жасанды түрлері туралы сондай-ақ жеке адамның санасының эксперименттік психологиясын қарастырады.