ОЖСӨЖ №44, 45
ОЖСӨЖ мазмұны: Қыпшақтар шаруашылығының формасы
Мал шаруашылығы;
Қолөнер;
Отырықшылық элементтері мен жер өңдеу;
Аңшылық;
Сауда қатынастары мен тауар-ақша қаррым-қатынастары.
ОЖСӨЖ мақсаты: Команда/Ойындар/Жарыстар әдісі арқылы студенттердің қарастырып отырған мәселесі бойынша мәліметтерді тез арада жаттығып білу мүмкіндігін жетілдіру.
Әдістемелік нұсқау: Команда/Ойындар/Жарыстар
Команда/Ойындар/Жарыстар
Бұл бірлесіп жұмыс жасау құрылымы (жүйесі), онда команда мүшелері бірлесіп жұмыс жасап үйренеді де өз үйренгенін жарысқа қатысып жарысып көрсетеді. Ойын деп отырғанымыз – студенттердің өз кезегімен сұрақтарға жауап береді. Әрбір студент өзінің дұрыс жауабына ұпай алады. Жарыстың соңында олар өз ұпайларымен өздерінің байырғы тобына оралады. Әрбір бірлесіп жұмыс жасайтын топ алған ұпайларын есептейді де, жеңімпаз топтар танылады.
Студенттерде бірлесіп жұмыс жасау мүмкіндігін беру олардың ұтымды түрде оқуына және қайталануына аса қажет. Бұл бірлесіп жұмыс жасау жүйесі қалай адамдармен әлеуметтік қатыста болу(сөйлесу, сұрақ қою т.б.) және тез арада жаттығып білу мүмкіндігін де үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |