Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет85/144
Дата04.01.2022
өлшемі2,21 Mb.
#10910
түріСеминар
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   144
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. «Қыпшақ» атауы ең бірінші қайда кездеседі?

  2. ХІғ. ІІ ширегінің бас кезінде жазба деректерде бұрын аталып келген “Оғыздар даласының” орнына қандай атау пайда болады?

  3. Қыпшақ этникалық қауымның қазақ территориясында даму жолы неше кезеңнен тұрады?

  4. Қыпшақтардың шығыс шекарасы?

  5. Солтүстік-шығыс бетте қыпшақтар қандай халықпен мәдени-этникалық байланыста болды?

  6. Солтүстік-батыста қыпшақтар қыпшақтар қандай халықпен мәдени-этникалық байланыста болды?

Дәріс №26


Тақырыптың атауы: Қыпшақ мемлекеті.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге қыпшақтар-салжұқтар, қыпшақтар-хорезмдіктер арасындағы шиеліністер, Жент, Сауран, Хорасан, Сығанақ қалалары үшін күрес, қоғамдық ұйымы жөнінде мәліметтер берді.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Қыпшақтардың өзара саяси, әлеуметтік қарым-қатынасы. 2. Хорезм мемлекетімен және орыс княздықтарымен Дешті Қыпшақтың экономикалық, әскери-саяси, мәдени және қандастық байланыстары.

Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі-малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған, кәуділгі құқықтың(төрелік айту) нормасы олар айыпталуға тиіс деп есептеген. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері-таңбалар басылған.

Қисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берлілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктенген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған.

Қоғамның қатардағы мүшелерінің басым көпшілігі еркін де ерікті болған. Малдан айырлғаннан кейін, ол көшу-қону мүмкіндігінен де айырылатын болған, сөйтіп отырықшылар-жатақтар қатарына қосылған. Бірақ жарлы жатаққа қайтадан мал бітіп, малы көбейген соң ол көшпелі шаруашылық аясына қайта барып, еніп отырған.

Соғыс тұтқындары есебінен толықтырылып жататын құлдар-қыпшақ қоғамының ешбір құқығы жоқ тобы болған. Олар көбінесе сатылып отырған, олардың тек бір бөлігі ғана шаруашылықта жалшы малай ретінде пайдаланылған.

1065ж. салжықтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жортуылға шығады. Осынау соғыс науқанынан кейін қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжықтарына тәуелді болып қалады.

ХІғ. соңғы ширегінде Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында қыпшақтар бұрынғыша өз өктемділігін жүргізіп тұрады, оғыз бен түркмен тайпаларының кейбір топтары оларға саяси жағынан кіріптар болады. 1096ж. “құдыретті” хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады. Бірақ, хорезмшахтар қамқоршысы болып келген салжықтар оларды Маңғыстауға қайтып кетуге күшпен көндіреді.

ХІғ. аяғы мен ХІІғ. алғашқы жартысында Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның т.б. қалалары да қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Алайда ХІІғ алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келгенОрта Азияның мұсылмандық әулеттері арасында қиян-кескі күрес жүрді. Ислам дінін таратуды ту қылып көтерген Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап алады, сосын солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады.

1133ж. Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді.

ХІІғ. екінші жартысынан әсіресе Текеш(1172-1200жж.) билеген дәуірден бастап, Хорезм ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен арнаулы саясат жүргізеді.

Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мұхаммед(1200-1220жж.) мемлекеті құрамына ХІІІғ. бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Мұхаммед Хорезмшах бірнеше рет жорық жасайды. 1216ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет