Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Қарахан әулетінің негізін салушы?
2. Саманилер мемлекеті қашан және қай территорияда өмір сүрген мемлекет?
3. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген тайпалар?
4. Қарахан мемлекеті қашан батыс және шығыс болып бөлінеді?
5.Қарахандарда мемлекеттік дін ислам діні болып кімнің тұсында және қашан қабылданды?
Қарахандарда салық жинаушының лауазымы қандай?
Қарахандардың екі хандығының да билігі қарақытайлар қолына қашан көшті?
Дәріс №23
Тақырыптың атауы:Қарақытайлар мемлекеті.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік өңірлеріне қидандардың жорықтары, Елұй Дашының мемлекеттің негізін қалаудағы рөлі, мемлекет басқарудағы ерекшеліктер туралы мәліметтер беру.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Қидандар, олардың Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Қазақстанға жорықтары. 2. Жетісуда қарақытайлар мемлекетінің орнауы. Елұй Дашы. 3. Қарқытай мемлекетінің басқару құрылымының ерекшеліктері.
Қарақытайлар мемлекетінің құрылуына қидандар б.з.б. ІҮғ. жазба деректерінде монғол тілдес тайпа деп аталатын Орталық Азиядағы тайпа басты рөл атқарады. Олар Қытайдың солтүстігінде, Маньчжурия мен Уссури өлкесі аумағында өмір сүрген. 924ж. Алтайдан Тынық мұхитқа дейінгі кең-байтақ өлке қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына қарады. Қидандардың билеуші әулеті Солтүстік Қытайда тұрды.
1125ж. жауларының шабуылынан Ляо империясы құлады. Қидандар қолбасшы Елұй Дашының басшылығымен Еміл өзенінің жағасына қашып барып, сол жерде қала тұрғызады. Жетісудағы билікті қолына алып, жергілікті түркі тілдес халықпен араласа бастаған қидандар осы кезден бастап қарақытайлар деп аталып кетеді.
1128ж. қарахандықтар әулетінің Баласағұндағы билеушісі өздерімен жауласып отырған қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы күресте қарақытайлармен одақ жасасты. Елұй Дашы Баласағұнға енген соң оның қарахандық билеушісін құлатып, Жетісуда өз мемлекетін орнатты. Содан кейін жаулаушылық жорықтар жасап. өз мемлекетінің шекарасын шығыста Енисейге, батыста Таласқа дейін кеңейтеді. Бұдан кейін қарақытайлар қаңлыларды бағындырып, Шығыс Түркістанды да өздеріне қосып алады. 1137ж. олар Мауереннахрдың билеушісі Махмуд ханды, ал 1141ж. селжұқ-қарахандықтар әскерін жеңеді. Сөйтіп, қарақытайлар Бұхарды және бүкіл орталық Мауереннахрды бағындырып, Хорезм шахын жылына 3 мың динар алтын алым-салық төлеп тұруға міндеттеді.
Қарақытайлар мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласы болды. Басшысы горхан атағын иеленді. Мемлекетте түтін басына салық салу жүйесі жұмыс істеді, әрбір үйден бір динардан жиналды.
1208ж. монғолдардан ығыстырылған наймандар Күшілік ханның басшылығымен Жетісуға ауып келеді. Ол елдегі алауыздықты пайдаланып 1211ж. қарақытайлар билеушісін құлатып, Жетісудағы билікті түгелдей тартып алады. Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Қарақытай мемлекеті қай жылдар аралығында өмір сүрді?
Қарақытай мемлекетінің құрылуында басты роль атқарған қандай тайпалар?
Қарақытай мемлекетінің негізін қалаушы қолбасшы кім?
Қарақытай мемлекетіндегі басшының орталығы?
Қарақытайлар дегеніміз кімдер?
Достарыңызбен бөлісу: |