Семинар сабағының тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Қазақстан аумағындағы тарихқа дейінгі адамдардың мәдениеті


апта. 3 семинар. 1 сағат. 1 б. 2 семинар сабағының тақырыбы



бет2/17
Дата04.11.2022
өлшемі57,04 Kb.
#156523
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.

2 апта. 3 семинар. 1 сағат. 1 б.
2 семинар сабағының тақырыбы: Көшпелілер өркениетінің қалыптасуы. Атқа міну мәдениеті.

Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары, ерекшеліктері мен таралу аймағын, энеолит, қола дәуірінің бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы, материалдық және рухани мәдениеті, мал шаруашылығының генезисі туралы ауызша төменде түзілген сұрақтар бойынша пікірталас, дисскусия.


Семинар сабағының жоспары:
1. Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасу кезеңдері мен негізгі ошақтары. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуіріндегі шаруашылық ерекшеліктері.
2. Қола дәуіріндегі рухани және материалдық мәдениеттің ерекшелігі мен таралу аймағы. Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар.
3. Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Мал шаруашылығының рөлі мен маңызы, табиғи ерекшеліктері.
4. Атқа міну мәдениеті. Төрт түлік түрлері мен дала, жартылай дала және шөлейтті аймақтарды игеру.


Семинар сабағының мақсаты: Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары, ерекшеліктері мен таралу аймағын, энеолит, қола дәуірінің кезеңдерінің ерекшеліктері мен сабақтастығы, мал шаруашылығының генезисінің тарихи маңызын ашып көрсету. Көшпелілер тарихын кезеңдеу мен көшпеліліктің тарихи алғышарттарын анықтап, шаруашылық түрлері мен ерекшеліктерін, төрт түлік түрлерін, атқа міну мәдениетін, табиғи ерекшеліктерін зерттеу еңбектері негізінде талдап, кешенді түрде қарастыру.


Әдістемелік нұсқаулар: Қола дәуіріндегі металлды өңдеу мен көшпелі өркениеттің қалыптасуының тарихи маңызы және зерттелу мәселесіне байланысты зерттеу еңбектеріне ауызша талдау жасалынады. Сонымен қатар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының антропологиялық түрі, қоғамдық құрылымы мен рухани, материалдық мәдениетінің зерделенуі, қалалық мәдениеттің қалыптасуына байланысты жаңа көзқарастарды талдап, тұрақтар мен ескерткіштерге сипаттама жасау қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікірталас, картамен жұмыс жасайды.
Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторларды қарастыра отырып, студенттер мал шаруашылығының рөлі мен маңызын анықтап, шаруашылық түрлерінің ерекшеліктерін талдайды, көшпеліліктің бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы туралы ауызша төменде түзілген сұрақтар бойынша пікір талас, дисскусия.
Көшпелі өркениеттің қалыптасуы мен даму кезеңдерін, малды қолға үйрету мен шаруашылықта пайдалану, табиғи ерекшеліктерге сай дала, жартылай дала және шөлейтті аймақтарды игеру мәселесінің тарихи маңызын анықтап және көшпелі өркениетке байланысты деректер мен зерттеу еңбектеріндегі көзқарастар мен тұжырымдарға ауызша талдау жасалынады. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікірталас, дисскусия жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет