Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ халқының дәстүрлі көшпелі мәдениетін, қолөнер түрлеріне және көшпелі, жартылай көшпелі шаруашылық түрлері және олардың ерекшеліктеріне байланысты деректер мен зерттеу еңбектер бойынша ауызша талдау жасалынады. Студент қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салтына байланысты ерекшеліктеріне талдау жасап, қолөнер түрлеріне түсінік береді. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікір алмасып, дөңгелек үстел ұйымдастырады. Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі шешендік өнер, ауызша тарих айту дәстүрі, халық шығармашылығындағы батырлар бейнесіне зерттеу еңбектері негізінде талдау жасалынады. Мұхаммед Хайдар Дулати мен Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің еңбектерінің маңызын ашып көрсету. Сонымен қатар, қалалық мәдениеттің және қала мен даланың өзара байланысын ашып көрсету. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымының ерекшеліктеріне байланысты кесте дайындалады. XVII ғ. – XVIII ғ. басындағы қалалық мәдениеттің құлдырауы туралы материалдарды сабақта пайдалана отырып, ауызша баяндайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В 5-ти томах. – Том 2. – Алматы: Атамұра, 1997. – 345 с.
2. Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар», 2014. – 520 б.
3. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. –Астана: Астана Даму, 2006. – 256 с.
4. Кляшторный С.Г., Султанов Т. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. – СПб.: Петербургское Вос, 2004. – 368 с.
5. Қазақстан тарихы (Қазақ елі). 1-2 кітап. – Алматы: Қазақ унив., 2016. – 458 б.
6. Бартольд В.В. Сочинения. Т.1: Туркестан в эпоху Монгольского нашествия. – М.: Издат. восточ. лит-ры, 1963. – 760 с.
7. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. – Алма-Ата: Ғылым, 1989. – 296 с.
8. Оразбаева А.И. Формула государственности казахов. – М.: ИП Лысенко А.Д. «PRESS-BOOK.RU», 2017. – 376 с.
9. Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. – Алматы: Елтаным, 2014. – 360 б.
10. Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы: Ғылым, 1998. – 216 с.
Достарыңызбен бөлісу: |