Семинар сабағының мақсаты: Қазақстан территориясындағы темір дәуіріндегі тайпалардың этникалық, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-шаруашылық, мәдени дамуына талдау жасау. Үйсіндер мен қаңлылардың ішкі және сыртқы саяси құрылымының ерекшеліктеріне, тайпалардың этникалық және әлеуметтік, мәдени тарихына жазба деректер мен зерттеу еңбектері негізінде талдау жасау.
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер семинар барысында басты назарды тарихи деректерге және картаға аударады. Оқытушы семинарда бірнеше кіші топтарға бөлінген студенттерге деректер жайлы мәліметтер береді (мысалы, Герадот, Бехустин жазбалары, қытай деректері, Сыма-Цянның мәліметтері және т.б.). Сақтардың Ахеменидтер державасы, Александр Македонскийді жаулап алуына қарсы күресі мен грек-парсы соғыстарына қатысуы жайлы мәліметтерге талдау жасайды. Оқытушы деректер бойынша сұрақтар береді, берілген семинар сұхбат алу түрінде жүргізіледі, студенттердің деректермен жұмыс істеу қабілеті бағаланады. Ғұн империясының әлемдік тарихтағы орны анықталады. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, картамен жұмыс жасайды. Студенттер үйсіндер мен қаңлылардың тарихына қатысты жазба деректерді қарастырып, зерттеушілердің көзқарастарымен танысады. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктерінің айырмашылығына тоқталып, тайпалардың рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктеріне, сыртқы саяси, сауда байланыстарына, урбандалуы мәселесіне талдау жасап, қытай деректеріндегі мәліметтері бойынша ауызша баяндайды. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, жазбаша жұмыс жасайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы (Қазақ елі). 1-2 кітап. – Алматы:Қазақ университеті, 2016 – 458б.
2. Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. - СПб.: Петербургское Востоковедение2004 -368 с.,
3. Толеубаев, А. Т. Раннесакская шиликтинская культура [Текст]: научное издание / А. Т. Толеубаев. - Алматы: ИП «Садвакасов А. К.», 2018. - 528 с.
4. Китов Е.П., Тур С.С., Иванов С.С. Палеоантропология сакских культур Притяншанья (VIII – первая половина II в.до н.э.). – Алматы: «Хикари», 2019. 300 с.
5. Акишев А. Искусство и мифология саков. Ин-т истории, археологии и этнографии Академии наук Казахской ССР. - Алма-Ата: Наука, 1984. - 176 с.
6. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – Т. 1 том. – Алматы: Атамұра, 2010.
7. Самашев З. Берел. - Алматы: Таймас, 2011. - 236 б.
8. Омаров Ғ.Қ. Сақ-скиф археологиясы: хрестоматия. – Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 342 б.
9. Ежелгі Үйсін елі. Қытай деректері мен зертеулер. /Құрастырушы: Ш. Ахметұлы. – ҚХР Үрімжі, «Шыңжаң Халық Баспасы», 2005.
10. Акишев К. А., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. - 298 с.
Достарыңызбен бөлісу: |