Семинар сабақтары 5 апта Жұмыс №1. Мурасиге және Скуг қоректік ортасын дайындау әдістемесі



бет5/5
Дата17.04.2023
өлшемі100 Kb.
#174740
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 2

Зерттеу объектісі: стевия регенеранттары.
Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: 5 мл пипетка, 10-50 мл стакандар, б/ДН2О, шыны қақпақтар немесе 500-1000 мл стакандар, тазартылған құм мен топырақ, желім ыдыстар.
Әдістеме. Пробиркалардан регенерант-өсімдіктерді шығарып, олардың тамырларын агар қалдықтарынан тазартып жуады. Регенерант өсімдіктерді нематадтардан тазартылған топырақ пен құмның 1:1 қатынасында араластырылған ыдыстарға көшіріледі. Топыраққа көшіру 2 әдіспен жүргізіледі. Олар: 1) өркеннің жоғарғы бөлігін 3-4 буынға қысқартып, ал қалған 1-2 буынын тамырмен қоса топыраққа көму; 2) өркеннің жоғарғы 2-3 буындарын қалдырып, төменгі және ортаңғы буындарын жапырақсыз топырақтың жоғарғы қабатына көлбеу бағытта көму.
Өсімдік регенеранттарын топыраққа көшіргеннен кейін, аздап суғарып, 2-3 аптаға шыны қақпақпен жабылады. Алғашқы күндері өсімдіктерді суғарумен қатар шыны қақпақтарды 2-3 минут ашып, өсімдіктерді желдету керек. Біраз күннен кейін, өсімдіктердің бейімделу дәрежесіне қарай желдету уақытын 20 минутқа дейін біртіндеп өсіріп, ал аяғына қарай шыны қақпақтарды аздап көтеріп ауа кіретіндей етіп саңылау қалдырады. Сыртқы ортаға біртіндеп бейімделген, жақсы дамып жетілген өсімдіктер жылы жайдағы ванналарға немесе арнайы ыдыстарға көшіріледі.
Өсімдіктерді күнделікті бақылап, тиісті мәліметтерді жұмыс дәптеріне түсіру қажет. Тәжірибе барысында өсімдіктің сыртқы ортаға бейімделуіне жоғарыда көрсетілген 2-кі әдістің қайсысы қолайлы болатынын анықтап, себебін түсіндіру керек. Тәжірибе соңында тиісті қорытындалар мен тұжырымдар қамтылған есеп құрастырылады.
Негізгі әдебиет

  1. Уәлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы. Алматы:ЖШС «Дәурен», 2009. - 336 б.

  2. Щелкунов С.Н. Генная инженерия. Новосибирск. Изд-во Новосибирского государственного университета. 2004.

  3. Загоскина Н.В., Назаренко Л.В., Е.А. Калашникова, Живухина Е.А. Биотехнология: теория и практика. Учебное пособие. Москва. «Оникс». 2009, 496 с.

  4. Тұрашева С.Қ. Клеткалық биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». 2011. – 260 бет.

  5. Асрандина С.Ш. Өсімдіктер биотехнологиясы курсы бойынша тест жинағы: оқу -әдістемелік құрал. - Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 108 бет.

Қосымша:
1. Корочкин Л.И. Биология индивидуального развития (Генетический аспект) М. МГУ, 2002, 264 с.
2. Мухамбетжанов С.К., Валиханова Г.Ж., Ережепов А.Е. Методическое руководство к лабораторным занятиям по культуре тканей и биотехнологии растений. Шымкент, 2007.
3. Мухитдинова З.Р., Мурсалиева В.К., Нам С.В., Кушнаренко С.В., Мухамбетжанов С.К., Рахимбаев И.Р. Эмбриокультура пшеницы: методические рекомендации. Алматы, 2003. – 28 с.
4. Биотехнология биологически активных веществ /под ред. Грачевой И.М. – «Элевар». – 2006. – 456 с.


Зертханалық сабақтарға арналған әдебиет:
1.Валиханова Г.Ж. Өсімдіктер физиологиясының ұлкен практикумына арналған әдістемелік нұсқау. Алматы, Республикалық баспа кабинеті, 1995, -33 бет.
2. Мухамбетжанов С.К., Валиханова Г.Ж., Ережепов А.Е. Методическое руководство к лабораторным занятиям по культуре тканей и биотехнологии растений. Шымкент, 2007.
3. Калинин Ф.Л., Сарнацкая В.В., Полищук В.Е. Методы культуры тканей в физиологии и биохимии растений. Киев, Наукова думка, 1980.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет