Семинар сабақтары 5 апта Жұмыс №1. Мурасиге және Скуг қоректік ортасын дайындау әдістемесі


Жұмыс №2. Каллусогенезді индукциялауға арналған қоректік орталарға экспланттарды (сәбіздің өзектік паренхимасын) отырғызу техникасы



бет2/5
Дата17.04.2023
өлшемі100 Kb.
#174740
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 2

Жұмыс №2. Каллусогенезді индукциялауға арналған қоректік орталарға экспланттарды (сәбіздің өзектік паренхимасын) отырғызу техникасы.


Мақсаты: сәбіздің өзектік паренхимасының каллусогенез белсенділігіне гормондардың тигізетін әсерін анықтау.
Зерттеу объектісі: сәбіздің өзектік паренхимасы.
Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: 1 л стакан немесе колба, 50 мл стакандар, 0,5-5 мл пипеткалар, 25 мл межеленген пробирка, целиндрлер, шыны таяқшалар, Петри табақшалары, пинцет, скальпель, ине, мақта, алюминь фольгасы, қайшы, шпагат, крафт қағазы. Электр плитасы, рН –метр, магнит айналдырғышы, таразы, автоклав, ламинар боксы, ультракулгін сәулелі шам, спирт шамы, сіріңке. Тұздардың ерітінділері, мезоинозит, витаминдер, 2,4 Д ерітіндісі, сахароза, агар, спирт, 2,6%-натрий гипохлорид ерітіндісі ерітіндісі, б/ДН2О.
Әдістеме. Жұмыс орнын дайындау, қажетті химиялық ыдыстарды, инструменттерді жиыстыру және оларды жуып тазалау. Құрамында 0,7 % агар, 3 % сахароза, 2,4 Д (4 мг/л, 8 мг/л) және кинетин (1 мг/л, 2 мг/л) қосылған Мурасиге Скуг қоректік ортасын дайындау.
Зерттеу объектісін залалсыздандыру тәртібі: сәбізді ағынды сумен 20 минут жуу; KMnO4 -әлсіз ерітіндісімен 30 минут өңдеу; дистильденген сумен 3 рет 5 минуттан шаю; 2,6 %-натрий гипохлорид ерітіндісімен 15 минут залалсыздандыру (ламинар бокстың астында); дистильденген сумен 3 рет шаю.
Залалсыздандырылған сәбізді ламинар бокстың ішінде Петри табақшасына салады. Осыдан кейін оны көлденеңнен кесіп (2,5-5 см дискідер) турайды. Дискілерді одан әрі жұқартып, олардағы өзектік паренхима тұсынан өте жұқа кесінділер алады. Алынған кесінділерді алып, құрамына 2,4 Д (2 мг/л, 4 мг/л) қосылған Мурасиге Скуг орталарына отырғызады. Экспланттардан каллус ұлпасы түзілгенге дейін температурасы 25±20С, қараңғы камераға орналастырады. Ауаның ылғалдылығы 55-60 % болуы тиіс.
Бақылау жұмысын жүргізу. Бақылау жұмысы аптасына 2 рет жүргізіледі, яғни экспланттардың каллусогенез белсенділігін анықтау, каллус ұлпасына морфологиялық сипаттама (түрі, түсі, ылғалдылығы, тығыздығы) беру, каллустың өсу қарқынын анықтау (ауданы, биомассасы) жұмыстары жүргізіледі. Тәжірибе соңында алынған мәліметтерді математикалық өңдеуден өткізеді.
Зерттеу нәтижесінде тиісті ғылыми-теориялық қорытындылар мен тұжырмар жасалады. Олардың негізінде есеп құрастырылады. Есепте өңдеуден өткізілген соңғы мәліметтерді кесте, сурет, қисық сызық , нұсқа т.б. түрінде көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет