Бүгінде «Прима қобызды» қазақша қобыз деп атап жүрміз. Себебі, оның беті жартылай тері, жартылай ағашпен жабылады. Ал, артқы шанағы қатты ағаштан, үйеңкі ағашынан шабылады. Мойнын да қатты ағаштан бөлек отырғызады. 1985 жылдардан бас тап елімізде қобыздың жаңаша «скрипкалық қобыз» деген түрі шығарыла бастады. Қобыздың бұл түрі скрипканың үнін бергенімен, кәдімгі қылқобыз сияқты тізеге қойып ойнайды. Шеберлер «скрипкалық қобыздың» ең алдымен екі шанағы жасап алып, артқы жағын ағаштан ойып шығарады. 8
Осылайша Ықыластың «Қасқыр» күйі дүниеге келіпті.
- Илья Жақанов. «Ықылас» кітабы 1990ж. (Жарасова Тұрсынай).
- Ендігі бөлімде «Графикалық диктант» - пен жұмыс жасаймыз.
Тақтада «Қобыз» аспабына қатысы бары да, қатысы жоқ та сөздер берілген. Қатысты сөз болса, қатысы жоқ сөз болса - таңбасымен белгілейміз.
1. Ысқыш
2. Тілшікті
3. Үрмелі
4. Имек мойынды
5. Бес ішекті
6. Төрт ішекті
7. Қорқыт
8. Кетбұға
- Жазған ойларын сұрап № 3 бағалауын айту.
- Бүгінгі сабағымызды «Бекіту тестімен» қорытындыласақ.
1, 2, 3, 4, 5 сұрақтарды белгілеу.
- Алған бағаларыңның қорытындысын есептейік.
- Қыл қобыз аспабында ойнау дәстүрі бүгінгі күнде де жалғасып келеді. Осы кластың өзінде Мадина қобыз класында оқып жүр. Ал жерлестерің Нығметова Раушан Чехия , Польша Республикаларында бас жүлдені жеңіп алған. Қазір халықаралық конкурстар лауреаты Раушан Нығметованың орындауындағы күйді тыңдап көрелік.
- « Өлмейтін өмір кілті – өнерде» деп Қорқыт бабамыз айтқандай қазақтың күй өнері өлмес мұра болып жалғаса берсін деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Галереяға шолу
№ 1 Сәйкестендір «Жез киік»
№ 2 Графикалық диктант
№ 3 Бекіту тест
№ 4 Қорытынды баға
Ашық сабақ
Ұлттық музыкалық өнеріміздегі қобыз дәстүрі
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық музыкалық өнеріміздегі қобыз дәстүрі.
Сабақтың эпиграфы: «Өлмейтін өмір кілті - өнерде»
Сабақтың міндеті : Ұлттық музыкалық өнеріміздегі қобыз аспабының маңызын оқушыларға түсіндіру,оқушылар шығармаларға талдау жасайды, алған білімдерін қорытындылай алады.
Сабақтың мақсаты: Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, музыкалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру. Оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамыту, белсенділігін ояту, шығармашылық ойларын өсіру, өмірге бейімділігін дамыту. Оқушылардың музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, олардың бойына эстетикалық және мәдениет құндылықтарын сіңіру.
25
- Аңшылар киік ауламақ болып аңға шығыпты. Олардың алдынан бір топ киік кездесіпті. Олжалы қайтатындарына қуанған аңшылар киіктерді шетінен ата бастапты. Сол киіктердің арасында жез киік те болыпты. Оның терісінің сарылығы күнмен шағылысып, аңшыларға дұрыс көздетпепті. Сонымен аңшылар жез киікті атып ала алмапты. Терісінің сарылығынан аңшылар ата алмаған жез киік осынау өмірге, тіршілікке риза болып, тастан - тасқа секіріп, кең далада көсіліп емін - еркін ойнақ салған екен. Осы бір әңгімені естіген Ықылас «Жез киік» күйін шығарған екен (күйді тыңдату).
- Тыңдаған күйден қандай әсер алдыңдар?
- Күйді минорлы күйге жатқыза аламыз ба?
- Неге минорлы күйге жатпайды деп ойлайсыңдар?
- Күй бір аспапта, мысалы тек қобызда ғана орындалды ма?
- Енді осы күйге байланысты тапсырма беремін. Күйдің көңіл - күйіне, өлшем - ырғағына сәйкес келетін сөздерді теріп жазамыз.
- Ендеше тапсырманы қалай орындағанымызды тексерейік.
- Бағалау. №2.
- Қазір сендердің кластастарың, музыка мектебінің қобыз класының оқушысы, облыстық, республикалық жарыстарға барып жүрген өнерпаз шәкіртіміз Нығметова Раушанның шығармашылық жұмысын көреміз. Раушан сендерге Ықыластың жаңа ғана тыңдаған «Жез киік» күйін тартып береді.
- Қазір Ықылас атамыздың тағы бір күйін тыңдаймыз. Бұл күй туралы әзір ештеңе айтпаймын, тек күйді өте мұқият тыңдап отыруды сұраймын.
(тыңдату).
- Күйден қандай әсер алдыңдар? Не елестеді?
- Күйдің сарын - сазы құлаққа қалай естіледі екен? (қорқыныш, үрей...)
- Осыған ұқсас күй Қорқыт атамызда бар ма еді?
- Көрген кино, оқыған әңгімелермен байланыстыру.
- Осы күйге қандай ат берер едіңдер?
- Күйдің шығу тарихын айтып беру:
Ықылас қобызына табиғаттағы сан алуан дыбыстарды, құстар мен жан - жануарлардың әр түрлі дауысын салып көп әуреге түседі. Сөйтіп жүріп бір күні қобызға қасқырдың ұлыған дауысын салады. Саусағын қобыздың ішегінің бойымен жоғарыдан төмен қарай жылжыта отырып қасқырдың дауысын дәл келтіреді. Әуелі бір қасқырдың ұлыған дауысын, одан соң екі қасқырдың, сәлден соң топ қасқырдың ұлыған дауысын айнытпай салады. Оның қобызының үніне ауыл иттері дүрлігіп, ауылды айнала шауып мазасызданыпты.Тіпті ауыл адамдары да әбігерге түсіпті.
24
Достарыңызбен бөлісу: |