Баланың музыкалық қабілетін ескере отырып , аспапта еркін ойнауға дағдыландыруға әбден болады. Тек мұның барлығы алғашқы сабақтан бастап сатылы түрде оңайдан қиынға көшу арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Қобыз аспабы шәкірттің жас шамасына, дене құрылымына сай болғаны дұрыс. Кейбір қобызшылардың саусақтары қысқа болса да салалы келеді. Кейде салалы саусақтардың созылу қасиетінің болмауы жиі кездеседі. Аспаптың қолайсыздығыннан отырыста көптеген қателіктер кездеседі, осыған байланысты дыбыс сапасы да бұзылады. Сондықтан ең тиімдісі – ыңғайлы орындық, өзіне ыңғайлы қобыз, зерделі зейін.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру
Бәрімізге белгілі, қобызда ойнауды үйренудің алғашқы кезеңі негізінен алғанда, шәкірт үшін қызығы аз, зеріктіретін процесс. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап қобызға баланың қолдарын дұрыс қоюдан басқа, музыка саласындағы басқа дағдыларды да таныстыра отыру керек. Мысалы ән айту, салатын әндерін іріктіру, ноталық сауатын ашу. Жаңа дағдыға қадам жасау шәкірттің ынтасын оятып қызықтырып отырады. Бір мезгілде екі шәкіртті үйрету де жақсы нәтиже береді. Бір шәкіртке қандай да бір жаңа тәсілді көрсете отырып, екіншісіне зер салуды, зейін салуды, зейін қоя тыңдауды тапсырады. Кезектесіп көрсетіп қайтатауды, ойнап беруді талап етеді. Осылайша екеуінің арасында шығармашылық сайыс көрініс табады. Екеуі де бірін-бірі қамшылай отырып, тапсырманы тез де жеке жеке меңгеруге құлшынады.
16
Ұстаз өзінің қатысуымен біріне екіншісінің қобызды дұрыс не бұрыс ұстағанын тексеруді, ал байқалған оқулықты түзетуге тапсырылады, жұмысының негізі болып саналады. Балаларға музыкалық білім беру және олардың өмірге көзқарастарын қалыптастыру ісінде жетекші пән оқытушы ғана емес, барлық педагогтар қауымының да атқарар жұмысы ерекше. Педагогикалық тәжірбиеге сүйенсек, білім алушылардың сабақ үлгерімі, қабілеттілігі, дарындылығы бірдей болуы мүмкін емес. Әр оқушының өзіндік ерекшелігі, мінез-құлқы,бейінділігі, шығармашылық шеберлігі болады және айтылған ескертулер, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдері де әр оқушыға әр түрлі әсер етеді. Білім алушылардың кейбірі тапсырманы жылдам орындаса, ал кейбіреулері сол тапсырманы орындап шығу үшін көп уақыт жұмсайды. Сондықтан да шәкіртті жүйелі түрде оқытып, үйрету үшін оның жас айырмашылықтарымен қатар өзіндік ерекшеліктерін де ескере отырған жөн. Оқытушы арнайы сабақтармен ғана шектеліп қоймай білім алушының жалпы сабақ үлгерімін жіті қадағалай отырып, жаңаша әдіс-тәсілдерді әрдайым қолдана отырып жан жақты музыкалық білім беруге тырысу керек. Оқушының үлгерімі, көбінесе оның үйдегі дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Егер оқушы сабаққа күнделікті жүйелі түрде дайындалмаса, онда оқытушының сәтті деген педагогикалық әдістері де жақсы нәтиже бермейді. Әрбір жаңа дағдыны үйрену көп еңбектенуді қажет етеді. Аспапты меңгертудің алғашқы сатысында оқытушының шығармаларды ойнап көрсетуі, яғни күй тыңдату арқылы қобыз аспабына деген қызығушылықты арттыруға болады. Алғашқы сабақтарда баланы жалықтырмас үшін оған үй тапсырмасын үйіп – төгіп берудің қажеті жоқ. Оқушы ноталардың бес сызықтың бойына орналасу тәртібін жаттаумен қатар, бес сызықтың бойына салып үйренуі де қажет. Алғашқы сабақ барысында түсінікті түрде қазақтың халық аспаптарының соның ішінде қобыз аспабының шығу тарихын айтумен қатар, фортепианоның сүйемелдеуімен шығармалар ойнап көрсеткен жөн. Шығарма туралы әңгімені тыңдаушыға түсінікті әрі қызғылықты етіп айту. Бұл тәсіл ежелден келе жатқан әдістемелік тәсіл, күйді үйреткенде оның шығу тарихы бірге айтылады. Шығарманы тыңдау арқылы үйрету. Бұл тәсілдің әдістемелік түрлері өте көп. Солардың бірі: өзі естіп, өзі үйрену, өз қатесін өзі түзету. Мұндай тәсіл үлкен нәтиже береді. Қобызда шығарманы тартып көрсету – ең негізгі көне тәсілдердің бірі. Мұның әдістемелік жүйесі сан ғасырлық тәжірибенің негізіне қалыптасқан. Бүгінде жасөспірімдерге ұлттық музыка өнерін дәріптеу , аспаптық музыкаға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық өнердің тәрбиелік негізіне терең көңіл бөлуді қажет етеді. Осыған байланысты қобыз үйретудің теориясы мен әдістемесін ғылыми тұрғыда зерттеу, жетекшілік ету мәселесі қолға алынуда.
17