Семинар Тақырыбы: «Музыкалық кәсіби білім беруде жаңа инновациялық тәжірибелермен бөлісу»


Ұстаздың оқушымен алғаш кездесуі және оның мәні



бет13/19
Дата28.01.2018
өлшемі5,64 Mb.
#34551
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

Ұстаздың оқушымен алғаш кездесуі және оның мәні

Ұстаз бірінші кездесуге мұқият дайындалады. Өйткені, оқушы үшін елеулі оқиға. Шәкірт музыка мектебіне алғашқы сабаққа келгенде қызықты да ғажайып құбылыспен жүздесетіндей жұмбақ көңілімен табалдырықты аттайды. Бірінші сабақтың әсері баланың жанында ұмытылмастай терең із қалдырады, тағылымы есте берік сақталады. Ол заңды құбылыс. Қабылдау мүмкіндігіне қарай баланың ойында өзінің ұстазына және оның алғашқы сабағына деген оң немесе теріс пікірі қалуы сөзсіз. Сондықтан ұстаз алғашқы кездесуде балаға жақсы әсер қалдыруға ұмтылады. Ол шәкірттің тек қана игі әсер алуыңа, сыныпта оның өзін еркін ұстауына, сабақта белсенді де ынталы отыруына, берілген музыкалық тақырыпты жете игреуіне көмектесуге міндетті. Балалар жаңа жағдайда бір-біріне тез үйренеді. Бір мезгілде сабақты екі-үш рет оқушымен жүргізуге болады, музыка әуенімен салтанатты жүру, музыкалық ойын, музыка әуенімен салтанатты жүру, музыкалық ойын, музыка суйемелдеуімен ән салу, сонан соң әр баланың ол әуенді күйсандықта теруі. Сол сияқты, есту қабілетін дамыту және нота бойынша сауаттандыру-жетілдіру жағы да ұмыт қалмайды.



Ұстаз өзі қобызда ойнап балаға көрсетсе, тіпті жақсы болар еді. Оқытушы шеберлігінің құпиясы - оның зерттеу ісінде ғана емес, жинақтаған мұраға және оқыту әдістеріне шығармашылық шабытпен келуі, кездескен қиыншылықтарға өзбетінше даяр бола білу мен оларды шешу, оқушыны өзбетінше ізденуге, талдау жасауға және ойлау қабілетін қалыптастыруды үйрету. Бәрінен бұрын - әр түрлі жастағы мектеп оқушылары мен қабілеті әр түрлі балалармен байланысты табу қасиеті.

10

Ықылас Дүкенұлы ХIХ ғасырдың 2 - ші жартысындағы белгілі күйшілердің арасындағы ең ірі қобызшы. Ықыластың атасы Алтынбек те, өз әкесі Дүкен де қобызшылар болған. Атасы Алтынбек қобызшылығымен қоса он саусағынан өнері тамған ұста, зергер болған. Алтыннан алқа, күмістен шолпы, сақина,


білезік соққан, жас сәбилерге бесік, күмістеп ер - тұрман жаса -
ған ұсталық дүкені болған. Кейін ол қобыз аспабын жасауды да меңгеріп алады. Ықыластың әкесі дүниеге келгенде Алтынбек «Менің бар ырысым осы ұсталық дүкенімде ғой» деп ұлының атын Дүкен қояды. Дүкен де қобызшылығымен атағы жайылады. Бірақ жоқшылық, тірліктің тауқыметі оның қолын байлайды,
ол өнер жолына түсіп жүре алмайды. Ал, Ықылас 1843 жылы Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келеді. Ы.Дүкенұлы - қазақтың белгілі күйші композиторы, қылқобызда ойнаудың асқан шебері. Ықыласқа алғаш қобыз үнін үйретуші әрі оның күй шығаруға бейімінің барын біліп, қуана қоштаған әкесі Дүкен болды. Ықылас қазақтың көне аспабы қылқобызда ойнаумен қатар ол қобыздың дыбыстық көлемін байытты, өлшем - ырғағына өзгерістер әкелді.
Яғни Қорқыттан соң қылқобызға тіл бітірген Ықылас болды. Қорқыттан Ықыласқа дейінгі ғасырлар бойы бақсы - балгерлердің аспабы болып келген қобызды Ықылас халықтың арман - мақсатын, тіршілік - тынысын жырлайтын аспапқа айналдырды. Ол кейіннен өз жанынан күй шығара бастады. Ықыластың алғашқы күйлері - «Ықылас» күйі және «Қоңыр» күйі. Ол белгілі бір оқиғаны қобыз үнімен айтуға мән беріп отырды. Оның «Кертолғау», «Ерден күй», «Жалғыз аяқ», «Жез киік», «Айрауықтың ащы күйі», «Аққу», «Шыңырау», «Бозторғай», «Қорқыт» т. б. көптеген күйлері бар. Ықыластың дарынын көзі тірісінде - ақ халқы қадір тұтқан, ел ішінде сөзі өтімді, беделді болған. Ықыластың өзінен тікелей тәрбие алып, өнерін үйренген шәкірттері: баласы Түсіпбек, Әбікей Тоқтамысұлы және өзімізге таныс Сүгір Әлиұлы. Ал Әбікей мен Сүгірден тәлім алып, Ықыластың ғажайып күйлерін бүгінгі күнге жеткізген күйші - қобызшылар Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаев.
Ықылас 1916 жылы Жамбыл облысында дүниеден өтті.

- Қазір Ықылас Дүкенұлының күйлерінің бірі – « Жез киік» күйін тыңдап, талдаймыз. Алдымен мен сендерге осы күйдің шығу тарихын айтып берейін.

23



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет