Қол қойылымы
Ұстаз назары қолдың сыртқы сипатына емес, бұлшық еттердің еркін қимылына көңіл бөлуі керек. Бүкіл дене бұлшық еттерін еркін қозғалысы шәкірттің ешбір қиындық көрмей қолдарының дұрыс қойылуы үшін де, сондай-ақ ойын ырғағы үшін де тиімді табиғи қалып табуына көмектеседі. Аспапта ойнаған тұста балаға ең алдымен қолдарының, сондай-ақ тұлғасы және аяқтарының дұрыс бағыты аса қажет. Отырғанда тұлғасын дұрыс ұстау физиологиялық тұрғыдан да дұрыс екені түсінікті ғой. Ойнау барысында қолдар үздіксіз өзгеріс үстінде болады. Шәкірт аспапта ойнау шеберлігін меңгерген сайын өзінің қол қойылымын, отырысын өз ыңғайына қарай жетілдіре береді. Ұзақ уақыт бойына қобызда шаршамай ойнау үшін музыкант өзін еркін ұстаумен қатар денесін жинақы сақтауы, орындықтың жарты бөлігіне немесе үштің біріне жайғасып отыруы тиіс.
Оң қолдың қойылымы
14
Достарыңызбен бөлісу: |