Семинар тақырыбы: Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі Мақсаты: Студенттерге педагогика ғылымының мәні, мазмұны, және тарихын меңгерту Педагогика ғылымы, оның маңызы
№1 семинар тақырыбы: Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі
Мақсаты: Студенттерге педагогика ғылымының мәні, мазмұны, және тарихын меңгерту
Педагогика ғылымы, оның маңызы.
Педагогиканың даму тарихы, дамуына үлес қосқан педагогтар.
Әдістемелік нұсқау:Берілген тақырыптың әдебиеттері бойынша 7-10 библиографиялық карточкалар жазыңыз, таңдалған әдебиеттерге өз аннотоцияларыңызды құрастырыңыз.
Өткізу формасы: жұптық жұмыс
Бағалау критерилері:Студент пәннің мазмұнын толық біледі, жауап беру кезінде кәсіби терминологияны қолданады.
Әдебиеттер: [1-3; 5; 9; 12 ]
Педагогика пәні , адам тану ғылымының ішіндегі жетекшілерінің бірі ретінде, өте көне ғылымдардың бірінен саналады.
Педагогиканың ғылым ретінде өз пәні, яғни ғылыми таным-білімнің белгілі бір саласы бар. Бұл қоғамның жас ұрпақты өмірге даярлау жөніндегі ерекше міндетті қызмет (функциясы)- тәрбие беру саласы болып табылады. Педагогика бала жайындағы ілім, олай болса, ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім.
Педагогика гректің “paidagogas” –баланы жетектеуші, ертіп жүруші сөзінен алынған. Ең алғашқыда бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбиенің негізгі мақсаты – жинақталған білім мен қоғамдық- тарихи тәжірибиені жеткіншек ұрпақтарға беру.
Педагогика пәні – адамның адамды тәрбиелеуі; педагогика пәні-тәрбиелік іс-әрекет; педагогика пәні-арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала . Ең негізгісі педагогика – тәрбие туралы ғылым .
Педагогика – тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекшк заңдылықтарын көрсету, қоғамның жеке тұлғаның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу .(Т.А. Ильина . Педагогика М. 1984).
Тәрбиелеу үрдісінде (процесінде) жаңа ұрпақтар білімді, белгілі еңбек машығын меңгеруге, қоғамдағы мінез – құлық нормаларын ұғып, өмірге деген көзқарастардың белгілі жүйесін қалыптастыруға тиіс .
Педагогиканың тәрбиелеудегі ролі қандай? Ғылым ретіндегі педагогика мен қоғам функциясы ретіндегі тәрбиенің арасындағы байланыс не ден көрінеді?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін тәрбиенің қоғамдық әнін ашып , адамзат қоғамы дамуының түрлі кезеңдерінде оны жүзеге асырудың ерекшеліктерін талдап қарау, сондай-ақ педагогика ғылымы қалай дамып, қалыптасқанымен танысу қажет.
Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірбиесін мегеру деген сөз. Адамзат есейген сайын , мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі .
Адамзат қоғамы үнемі дами келе адамдарды тәрбиелеумен білім беру ісіне жаңа талаптар қойды, тәрбиенің арнасы кеңейді, ересек адамдарға білім беріп, оларды бір мақсатқа тәрбиелеу үшін арнаулы оқу орындарына деген қажеттілік келіп шықты.
Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білім дерді жүйеге келтіреді.
Педагогика ғылымы ең көне ғылымдардың бірінен саналады . Қоғамдық өмірден бөліп альп қарауға болмайтын ғылым болып табылады .Педагогикалық білім жастарды өмірге әзірлеу, тәрбиелеуге байланысты пайда болған адамның өзіндік ерекше әрекетіне жатады .
Көне дәуірдің өзінде – ақ көптеген қоғам қайраткерлері , ойшылдар оқыту мен тәрбиенің рөлінің зор екенін, оның адам үшін қажет екенін білген .
Педагогика – жас ұрпақ пен ересектерге жан – жақты тәрбие , білім беру, оқыту заңдылықтарын айқындайтын ғылым. Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар .
Мысалы: философияда – мұндай ұғымдарды болмыс , материя , қозғалыс , экономикада – қоғамның өндіргіш күштері, өндірістік қатынастары, ол педагогикада – тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) дегеніміз- объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды ,олардың өзара байланысын танимыз.
ХIХ ғасырға дейінгі ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Педагогика да бірте-бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оқу- тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері бойынша ерекшілігі бар салалар айқындала түсті.
Педагогикалық ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшілік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика , жеке пәндер әдіснамасы және т.б. жатады.
Жалпы педагогика педагогикалық процесс білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшілік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анотомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшіліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.
Кәсіби –техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы –пәндері (дисциплины) ,олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылыққтары б.т
Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс- әрекетінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын құрастырады. Мұнда жас ерекшілігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.
Педагогика тарихы — адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы өзіндік ерекшіліктерін салыстыра , дамуын зерттейді.
Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды, онда жалпы — бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшілік берілетін сабақ пәнінің мазмұны