Семинардың мақсаты: Мұғалімнің оқушылармен және өзін қоршаған адамдармен қарым – қатынасын, білім – тәрбие беру барысындағы өзіндік педагогикалық ұстаным түрлерін анықтау; психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету, алдын – алу жұмыстарын жүргізу; топтық қарым-қатынас арқылы ұйымшылдыққа, бірізділікке бағыттау; оқушылармен қарым-қатынасты нығайту.
Білім мен тәрбие беру жұмысы барысында әрқашанда ұстаздың алдында туындайтын сұрақ: шәкірттеріңіз қандай да бір жағдай болмасын «Адам» - деген атқа ие болып қалу үшін не істер едіңіз? Әрине, бұл сұраққа әр ұстаз жан-жақтылы өз ойларын білдіріп жатады. Сіз өзіңіздің мамандығыңыз мұғалім болғандықтан, басқалардың қатесін айтып дұрысын көрсетіп, талап қойып отыру керек десеңіз, әрине, егер бұл тек бақылау жұмысын тексерумен шектеліп жатса,ол үйреншікті жағдай. Ал егерде бұл жағдай басқа тұрғыдын көріне бастаса ше?... Сіз өзіңізге байқаусызда, өзіңізді сондай сенімділікпен ұстап, осы ұстанымды қоршаған адамдармен жүргізе бастайсыз. Сол қоршаған адамдарыңыздың ең біріншісі өзіңіздің «жанұяңыздың» болуы мүмкін...

Сіз міндетті түрде өз жанұяңызға өз шарттарыңыз бен талаптарыңызды қолдана бастайсыз, уақыт өте келе, тек сіздің айтуыңызбен ғана жүрген өз балаңызбен қиыншылықтар туындай бастағанда себебін түсінесіз. Өзіне деген сенімі мен жауапкершілігінің жоқтығын түсінесіз, өз ой пікірі, көзқарасының жоқтығы байқала бастайды. Ал бұның себебі, «қатаң талап пен үнемі шектеу» жасаудан туындайды. Бақылаушының іс-әрекеті жылдар өте үйреншікті жағдайға айналады.

Мұндай ұстанымдағы адамдарға тән қасиеттер:
Мұндай ұстанымдағы адамдарға тән қасиеттер:
Өзінің мамандығын қолдана отырып, өзін ерекше билік иесі ретінде сезіну және өмірдегі қандай да болмасын сұрақтарға тек жауабын таба білемін деушілер. Психолог мамандар бұны «Қызыл қалам» ойшылы деп атаған екен. Бұл іс әрекетті «тақтағы ұстаным» деп атаймыз. Мұндай ұстаным мұғалім мамандығындағы басқа адамдарға деген жасанды әрекет болып табылып, өз өмірін лайлауы да мүмкін деп көрсеткен. Адамдардың іс-әрекетіне, бақылау жұмысын тексергендей, тек қатесін ғана көріп, ескерту жасай беру беделділікке, үстемшілдікке тән.
Америкалық психотерапевт, зерттеуші - ғалым Вирджиния Сатир осындай ұстанымды «Тақтағы мұғалім» деп оны бес түрге бөліп көрсеткен.
Мұғалім бастық - оның беделі билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі озінің күшіне сенетін жендетке, рахымсыз, қатыгез адамға ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кінәлап қорқынышта ұстайды. Ол оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін тәжірбиелі мұғалім. Ол өзінің осы «білімін», өзінің беделін шебер қолданады.
Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез-келген сұраққа жауап беру керек және кез-келген жағдайда бір ғана өзіндік дұрыс көзқарас болу керек деп санайды. Мұғалім басшыға ортада қалыптасқан өзгерістер, кез-келген түсініксіз жағдаяттар азаппен тең болып келеді.
Мұндай мұғалімнің жұмыс қорытындысы: Шиеленіс жағдайлары, реніш, оқушылар серпілісі, шынайы қарым-қатынастың жоқтығын көрсетеді.
Мұғалім компьютер. Оның «беделі» белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Оның тағы нақтылық. Ол оқушылардан білім, жаңалық, нақты дәлелді талап етеді. Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды.Оның ойынша білімде ғана емес тәрбиеде де нақтылық керек. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды: «Бәрімізге белгілі ...», «Мынадай ой бар...», «Барлығы біледі...». Ол өте суық, қатыгез адам.

Қорытындысы: Оқушының өзіне деген сенімінің жоғалуы, сабақ үстіндегі жағымды көңіл – күйдің болмауы, тіпті сол пәнді жек көріп кетуі мүмкін.
Мұғалім қиналушы.
Мұғалім қиналушы.
Оның тағы қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбіне болмашы нәрсе үшін үлкен құрбандыққа барады және де әрқашанда «бейбітшілік орнатушы» ролінде жүреді. Ол өзін үнемі кінәлі, төмен сезінгендіктен, өзіне қатысты жұмыс болмасада, қақтығысқа түсіп қалмау үшін үнемі басқалардың да жұмысын орындайды. Бәрінен де ол қақтығыстан қорқады.
Жұмыс қорытындысы: Бұндай тақ – балалар үшін өте қиын. Бір оқушыларда мәселе туындауда қорқынышты қалыптастырса, енді біреулеріне оларды тек мұғалімге «бағынышты» болуға мәжбүрлейді.
Мұғалім таныс дос. Оның тағы «әйгілілік». Оқушылардан ол тек жақсы қарым - қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас, әрқашан бәрін кешіре алады (мүмкін болатын салдарына қарамастан). Мұндай мұғалім ешқандай мәселесіз жүреді, оқушылардың да мәселесіне немқұрайлы қарайды.

Жұмыс қорытындысы: Жауапкершілік сезімінің жоқтығы.
Бұл аталған «тақтың» төрт түрі де бір мұғалімнен ғана көрініс беруі мүмкін. Кейде ол «Мұғалім -компьютер, басшы, таныс дос және қиналушы» тағында болады. Бірақ бұл іс - әрекеті өзіне байқала бермейді.
«Тақсыз» мұғалім.
«Тақсыз» мұғалім.
Бұл ұстаным «серіктестік» ұстанымы деп аталады. Мұндай мұғалім үшін қандай да бір «тақтың» мүлде жоқ екендігін білдіреді. Егерде басқа «тақтағы» мұғалімдер «менікі дұрыс, өйткені мен басшымын, ақылдымын, дәрежелімін» деген түсінікті қолданса, «мұғалім - серіктес» тек «менікі дұрыс» деген сөздің орнына «Сіздікі дұрыс емес өйткені» деген ғана ұстанымды қолданады. Ол өзін «Дәрежелі жетекшіден» гөрі «Дем беруші» ретінде сезінеді. Олардың алдыға қойған мақсаты: оқушыларын қандай да бір өмірлік жағдай болмасын «Адам» болып қалуға үйрету. Олар шәкірттеріне жақсы мен жаманды бірдей жеткізе білетін, қуанышты да, қайғыны да бірге бөлісе алатын ұстаздар. Олардың іс – әрекеті сөзбен ғана аяқталмайды. Мұндай ұстаздар өмірдегі өзгерістерді, қиындықтарды тұрмыстың бөлінбейтін бір бөлшегі ретінде қабылдап оны өмірде тиімді қолдана білетін шебер адамдар.
Әрине, Сіз бұл белгілі психологтардың айтқан пікірлеріне қосылмауыңыз да мүмкін. Қазірғы кезде оқушылардың мінез - құлқының өзгеруі немесе білім мен тәрбие саласындағы қатаң талаптар мұғалімнің арнайы бір «тақты» қабылдауын талап етеді. Бірақ «Серіктестік» ұстанымын қолдап, сол ұстанымда қажымай еңбек етіп, нәтижелі көрсеткіштер беріп жүрген ұстаздар еңбегін жоққа шығара алмаймыз.

Қорытындылау сұрақтары:
Сіздер осындай «Тақ» үстінде болып көрдіңіздер ме?
Болсаңыздар қандай сезімде болдыңыздар, жұмысыңыз қандай нәтиже берді?
Осындай «Тақтағы» адамдар Сіздің өміріңізде кездесті ме?
Психодиагностика құралы - тест “Сіз қандай мұғалімсіз?”
1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз ?
А) жүрек қалауымен; ә) кездейсоқ; б) лажым жоқтықтан