Қиялға тән және бір ерекше белгі – оның бастау деректері толық әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжі жағдайларды болжастыруда қолданылуы.
2. Зейіннің басқа танымдық процестермен байланысы Ойлау мәліметтерді өңдеудің жоғары деңгейі ретінде.
Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді.Зейін -кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы.Сөйтіп ол адам іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуын жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз-сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамассыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт- объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Зейіннің физиологиялық механизімі өте күрделі.Оның негізі-жүйке-жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі.Сезгіш дегеніміз-ми қабының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функцияналдылық ерекшелік.Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрлі бар.Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозып, тежеліп) тұруы нәтижесінде әрқилы психикалық әрекет жүзеге асады.
Ойлау дегеніміз–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау–жаңа ой репрезентациясы қалыптасатын процесс; ол міндеттерді шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену, пікір айту тәрізді ой атрибуттарының күрделі өзара әрекетінде қол жеткізілеген ақпараттарды қайта жасау жолымен жасалады. Ойлау–ақыл–ой процесінен үш құрамдас бөлігінен құралған айтарлықтай мазмұнды элемент және ерекшелігінен гөрі бәрін қамти алатындығымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |