Семинар тақырып. Орындаған;Қоңырбай Дана Қабылдаған: Оспанова Алуа Шакирқызы


Сөйлеу бойынша тұлғаны диагностикалау. Зейін теориясы және оның физиологиялық механизмдері



бет4/5
Дата15.01.2022
өлшемі90,82 Kb.
#111883
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 семинар тақырып.

3. Сөйлеу бойынша тұлғаны диагностикалау. Зейін теориясы және оның физиологиялық механизмдері

Диагностика - оқушының даму үрдісі мен нәтижесін талдау Психологиялық-педагогикалық диагностика – бұл оқу-тәрбие жұмысын оңтайландыру мақсатында оқушының жеке-психологиялық ерекшелігін және балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық мінездемесін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі. Адамды барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек. Мектептегі, сыныптағы тәрбие үрдісінің нақ осы кездегі даму ерекшеліктерін анықтау. Оқушы тұлғасының дамуына бәрінен аз әсер ететін тәрбие үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым тиімді педагогикалық құралын, формасы мен амалдарын анықтау. Тұлға мен ұжым дамуының мүмкін жолдарын болжау, тәрбие үрдісінің болашақта мүмкін күйі мен оның нәтижесін (балалар тәрбиелілігі тенденцияларын, ұжымның даму динамикасын) көре білу.Диагностикалық әдістемені таңдаған кезде мыналарды ескеру керек:



  • сынып оқушыларының жас ерекшелігін;

  • балалар ұжымының қалыптасу деңгейін;

  • сынып жетекшісі мен оқушылардың қарым-қатынас ерекшелігін;

  • балалар мен ересектердің бір-біріне деген сенім көрсету дәрежесін.

Диагностикалық әдістемелермен жұмыс істеу ережесі:

1. Диагностикалық әдістеменің мазмұны күтілетін нәтижеге бағытталуы керек.

2. Диагностиканың мазмұндық сипаты болуы шарт және зерттеушілік қызметке кең жол ашуы керек.

3. Диагностикалық зерттеудің нәтижесі сынып ісіне қатысы жоқ адамдардың талқысына салынбауы керек.

4. Кез келген нәтиже сынып оқушыларының игілігі үшін қызмет етуі керек.

5. Педагогикалық диагностиканың қажеттігі оқушыларға түсіндіріліп айтылуы керек.

Деректерді алудың негізгі әдістері:

Бақылау; Әңгіме ;Эксперимент ;Сауалнамалар ;Сұқбаттар ;Тесттер;

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды». Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

Адамдардьщ зейіні ырықты, ырықсызжәне үйреншікті болып үшке бөлінеді.Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздіңназарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т. б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу,еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу — ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу — ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды, өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет