Семинардың тақырыбы : «Оқу үдерісіндегі танымдық жұмыстың дамуын сызу сабағындағы автокад сызбаларын технология сабақтарында қолдануды көрсету»



бет4/5
Дата25.08.2017
өлшемі2 Mb.
#27245
түріСеминар
1   2   3   4   5
Мәтінді оқығаннан және жалпы талдағаннан кейін 10-минуттық эссенің көмегімен өз ойларын ұйымдастыру ұсынылады . Әр геометриялық дененің қандай дене екенін, ұқсас қандай денелер бар екені, сипаттама беріп, өмірмен байланыстыра отырып өз ойларын еркін жеткізеді. Келесі орындалатын тапсырмамен танысып, өздеріне берілген топтық жұмысты техникалық жұмыста орындайды және өмірмен байланыстыра отырып өздерінің идеяларын қосады.

Әр топ өздерінің түйінді ойлары мен жаңалықтарын ортаға шығып қорғайды.Геометриялық денелерді карта жасауда пайдаланылады. Карталарды түрлі проекциялар арқылы жасайды. Цилиндрлік, конустық, азимуттық ( призма) түрлері бар. Геометриялық денелерді өмірде көп қолданылады. Геометриялық денелерді география пәнімен де байланыстырып өткізуге болады екен. Цилиндрлік проекция арқылы дүние жүзінің картасын жасайды. Конустық проекция арқылы орта ендіктегі мемлекеттердің карталары жасалынады. Азимуттық ( призма) проекциялар аймағының карталары жасалынады. Геометриялық денелер арқылы картадағы бұрмалануларды анықтауға болады. Тренинг сабақтан кейін кері байланыс алынды.Топтық жұмыстың қандай жағымды жақтарын байқадыңыз? Бірлесе жұмыс жасау тиімді болды ма? Осы сабақтан өзіңізге не алдыңыз? Нені ұсынар едіңіз? деген сұрақтарға қатысушы әріптестеріміздің барлығы да топтық тапсырманың тиімді екені, бірлесіп жұмыс орындаған тек оқушылар ғана емес өздерінің арасында көп көмегінің тигенін де атап кеткен.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет