№ | Ғылыми атауы |
Өмір сүрген кезі
| Табылған аймағы |
1
|
Рампитек
|
Б.з.д. 14-9 млн. жылдар
|
Индияда
|
2
|
Австралопитек
|
Б.з.б. 5-2 млн жылдар
|
Эфиопияда
|
3
|
Питекантроп
|
Б.з.б. 800-500 мың жылдар
|
Индонезиядағы Ява аралында
|
4
|
Синантроп
|
Б.з.б. 500-200 мың жылдар
|
Қытайда Пекин маңындағы Чжо-коу-дянь үңгірінен
|
5
|
Неандерталь адамы
|
Б.з.б. 150-140 мың жылдар
|
Германияда, Өзбекстанда
|
6
|
Кроманьон адамы (саналы адам)
|
Б.з.б. 20-10 мың жылдар
|
Францияда Кро-Маньон
|
1. Еңбекке бейімі бар адам-презинджантроп деген атпен белгілі. Оның қалдықтары Шығыс Африкадан табылған. Ол ғылымда епті адам (Homo habilis) деп аталып кеткен. Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін келесі өкілі - ғылымда тік жүретін адам (Homo erektus) деп аталады. Оның екі түрі бар-синантроп және питекантроп. Келесі даму сатысындағы адамның түрі-саналы адам (Homo sapiens).
2. Палеолит екі дәуірге-ежелгі дәуір және соңғы дәуірге(мустье мен соңғы палеолит арасына меже қойылады) бөлінеді. Ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.з.ж. 2,5 млн. жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі-шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) б.з.б. 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді. Бұл дәуірде адамдар иемденуші шаруашылық-аңдарды аулаумен және жабайы өсімдіктерді терумен айналысты. Ерте палеолитте адамдар аңдарды аулау үшін, олардан қорғану үшін тобыр болып өмір сүреді. Соңғы палеолитте адамдардың рулық қауымы қалыптасқан. Рулық қауым алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ананың төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік етті, мұның өзі матриархаттық дәуір деп аталды.
3. Орта тас дәуірінде мезолитте табиғи жағдай өзгерді. Ауа-райы жылып, мұздар ериді. Мезолит б.з.б. 12-5 мың жылдықтарды қамтиды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді ұсақ аңдар түрлері пайда болды. Бұл кезде адамдардың алғашқы механизмі-садақ пен жебе пайда болды және олар еңбек құралдарын жасауда микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент-тәрізді ұсақ қалақтар қолданған.
4. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 –3 мың жылдықтар арасын қамтыған неолит-тас құралдарын пайдаланған дәуір. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит кезеңі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал жабдықтарына ортақ меншік үстемдік етті. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағынан және шаруашылықтың түріне қарай негізделді. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен, егіншілікпен және кен өнеркәсібімен айналыса бастады.
5. Неолиттің ерекшеліктері: керамика жасау, тоқымашылық жүзеге асты. Аналық рулық қауым үстем етті.
6. «Неолиттік төңкеріс» дегеніміз иемденуші шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа көшу.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Алғаш рет ежелгі адамның қалдықтары қай жерден табылды?
2. Ең ежелгі адам қалай аталады?
3. “Тік жүретін” адамның неше өкілі бар?
4. Адамның алғаш еңбек құралдары қандай материалдан жасалды?
5. Ерте палеолит дәуірі қанша мың жылға созылды?
6. Орта палеолит (мустье) дәуірі қандай жыл аралықтарын қамтиды?
7. Кейінгі палеолит дәуірі қай жыл аралықтарын қамтиды?
8. Мезолит кезеңі қай жыл аралықтарын қамтиды?
9. Аналық рулық қоғамның белгілері қай дәуірде қалыптаса бастады?
10. Ең алғашқы механизм-садақ пен жебе қашан пайда болды?
11. Өнердің пайда қай дәуірге сәйкес келеді?
12. Неолит дәуірі қандай жыл аралықтарын қамтиды?
13. Неолит дәуірінде тас өңдеудің қандай әдістері қалыптасты?
14. Неолит дәуіріндегі керамика бұйымдарына қандай өрнектер тән болды?
15. “Неолит төңкерісі” дегеніміз не?
16. Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері?
Дәріс №9, 10
Тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге қола дәуірінің басты үш ерекшелігі, даму кезеңдері, «арийліктер» мәселесі, Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің даму барысы, ескерткіштері туралы, андроновтықтардың шығу тегі мәселесі жөнінде мәліметтер беру.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Қола дәуірінің ерекшеліктері мен даму кезеңдері. 2. «Арийліктер» мәселесі немесе андроновтықтардың шығу тегі мәселесі. 3.Қола дәуіріндегі шаруашылықтың даму бағыттары, мәдениеті, өнері мен діні. 4. Андроновтық тайпалардың қоғамдық құрылысы, әлеуметтік өмірде мүліктік теңсіздіктің пайда болуы.
Дәріс мазмұнын көрсететін сызбалар:
Дәуір
|
Тарихи шеңбері
|
Ауа-райы
|
Еңбек құралдары
|
Шаруа
шылығы
|
Қоғам
дық құрылысы
|
Мәдени ошақтары
|
Археологиялық
ескерткіштері
|
Қола дәуірі
|
Б.з.б. ІІ-І мың жылдық
тар
|
Б.з.б. І мың жылдықтың басында Қазақстан жері шөлейтті аймаққа айнала бастады
|
Тесе (басына тас немесе мүйіз орнатылған, жер өңдейтін құрал)
|
Ежелгі қола металлургиясы, бақташы
лық мал шаруашылығы, теселі егіншілік
|
Аталық отбасы
лық рулық қатынас
|
Андронов мәдениеті-Оңтүстік Сібірдегі Андронов қонысының атына байланысты
Беғазы-Дәндібай-Қарағанды маңындағы Дәндібай ауылы және Балқаш (б.з.б. 11-8ғғ.)
|
Батыс Қазақстандағы Алексеевка, Ұралысай, Тастыбұтақ, Қостанай мен Челябинск түйіскен жеріндегі Арқайым қалашығы, Сырдарияның төменгі ағысындағы Түгіскен кесенесі, Бұғылы, Мыңшұңқыр, Алакөл
|
Б.з.б. екінші мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасының қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылады. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында –1 мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі-көшпелі мал шаруашылығына ауысады.
Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп патриархат пайда болды.
Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекен етті. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде “Андронов мәдениеті” деп аталды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. және орта кезеңін б.з.б. ХҮ-Хғғ. түгелдей қамтиды. Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде б.з.б. Х-ҮІІІғғ. Дәндібай-Беғазы мәдениеті болған. Бұл мәдениет Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қола дәуірінің қай жылдықтар аралықтарын қамтиды?
2. Аналық рулық қатынас аталық отбасылық рулық қатынасқа қашан орын берді?
3. Қола дәуірінің ерте кезеңі?
4. Қола дәуірінің орта кезеңі?
5. Қола дәуірінің кейінгі кезеңі?
6. Қола дәуірінің мәдениетін атаңыз?
7. Қола дәуірі кезінде Қазақстанның шаруашылығында қандай өзгерістер болды?
8. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші қашан қай жерден табылды?
9. Киіз үйдің прототипі болып не саналады?
10. Ең алғашқы еңбек бөлінісі болып не есептеледі?
Дәріс №11, 12
Тақырыбы: Орталық Қазақстан тайпалары қола дәуірінде.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге Орталық Қазақстанның қола дәуірінде даму ерекшеліктері, қола дәуірінің ерекшеліктері, археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер беру.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Орталық Қазақстанның қола дәуірінде даму ерекшеліктері. 2. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері.
Дәрісте Қазақстанның орталық бөлігіндегі қола дәуірінің ерекшеліктері, археологиялық ескерткіштері сипатталынады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің үш кезеңі?
2. Жерлеу ғұрпы?
3. Жерлеу инвентары?
Дәріс № 13, 14
Тақырып: Ертедегі темір дәуіріндегі тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік құрылымдар.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге сақтар туралы парсы, грек-рим авторларының деректері негізінде сақтар тобы, олардың орналасу аймағы, азаттық үшін болған күрестерін баян ету.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Ерте темір дәуіріндегі тайпалар тіршілігі. 2. Сақтар туралы жазба деректер. 3. Сақтар тайпалық одағы – алғашқы қоғамның бірлігінің әлеуметтік ұйымдасу формасы. Сақтар тайпалық одақтары: массагеттер, дахтар (дайлар), аримаспылар, аргиппейлер және т.б. 4. Сарматтар бірлестігінің этногенезі мәселесінің тарихнамасы. 4. I Дарий, Кир әскерлері мен А.Македонскийдің жаулаушылық жорықтарына қарсы сақтардың күресі.
Біздің заманымыздан бұрынғы Ү ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың “Тарих” деп аталатын еңбегінде және басқа да қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы І мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Бұл одақ массагеттер, каспийлер, исседондар, кейініректе аландар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы І Дарийдің Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа:сақ-хаумаваргаларға(хаома сусынын дайындайтын сақтар), сақ-тиграхаудаларға(төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), сақ-парадарайандарға(теңіздің арғы бетіндегі сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері-еуропалық скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы бетіне орналасқан.
Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) болған деген деректер бар. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білсе де, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың аңдарды өрнектермен дүние жүзіне әйгілі болған даналық өнері жалпы даму процесіне елеулі әсерін тигізді.
Персия мемлекетінің патшасы Кир-Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529жж. соғысқан кезде – сақтармен одақ жасасып, олардан көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін Кирдің әскерлері сақтардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот жазбаларында мынадай аңыз бар: Парсыларды жеңгеннен кейін Сақтардың әйел патшасы Томирис: “Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын”, - деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдің басын салдырады.
Кирдің орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын І Дарий(б.з.б. 521-486жж.) жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер бөліп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының “өлмейтін он мың” деп аталатын ұланының құрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. ҮІ ғасырдың аяғы Ү ғасырдың басында (500-449жж.) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысына сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты.
Б.з.б. ІҮ ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, ІІІ Дарий Кодоманның әскерлерін талқандап, орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты(Самарқандты) алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кіші-гірім “Александр Крайный” немесе “Шеткі Александр” деген қала салдырды.
Гректер сақтардың біраз жерлерін басып алды. Бірақ Александр Македонскийдің әскерлері сақтардың жерінде көп тұра алмады. Ыстық күн, жолсыз шөл дала, ержүрек сақтардың тынымсыз шабуылы, Александр Македонскийдің сырқаттанып қалуы гректерді қашуға мәжбүр етті. Олар Сыр бойындағы “Шеткі Александрді” тастап, Самарқанд қаласына шегінді. Сөйтіп, Сырдария сыртындағы сақ тайпалары грек басқыншылығына қарсы күресте өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Александр Македонский б.з.б. 323 жылы сүзектен қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін, оның ұлан-байтақ империясы ыдырай бастады. Өйткені ол берік экономикалық және саяси байланыс бірлігі жоқ әр түрлі тайпалар мен халықтардан құрылған мемлекет еді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Б.з.б. ҮІІ-ІҮғғ. Қазақстан жеріндегі құдыретті тайпалық бірлестік қалай аталды?
2. Сақтарды “Азиялық скифтер” деп атаған кімдер?
3. Иранның алғашқы мәліметттерінде сақтарды қалай атаған?
4. Үнділер сақтарды қалай атаған?
5. Дарийдің Бехистун жазбаларында сақтардың неше түрі аталады?
6. Сақтарға қарсы соғыста жеңіліп, өлтірілген парсы патшасы кім?
7. Парсы патшасы Дарий қай жылы сақтарға қарсы жорық жасап, оларды өзіне бағындырды?
8. Қай ғасырда Александр Македонский сақтармен соғысты?
Дәріс №15, 16
Тақырыбы: Ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге Тасмола, Ұлыбай-Тасмола мәдениеттері, олардың тарихи шеңберлері, ескеркіштері, жерлеу ғұрпының, инвентарының ерекшеліктері туралы мәліметтер беру.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан. 2. Ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан.
Орталық Қазақстан ЕТД. Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің ескерткіштері негізінен обалы қорымдар түрінде сақталған. Олардың үлкендерінің диаметрі 20 метрден, биіктігі бір жарым метрден асады. Көпшілік обалардың ені 6 метрден 13 метрге дейін, ал биіктігі 25 сантиметрден 1 метрге дейін болып келеді. Сонымен қатар, Орталық Қазақстанның осы дәуіріне тән ескерткіштерге “мұртты” обалар жатады.
Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері тасмола мәдениеті деген атпен белгілі. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінен табылды. Сондықтан да Орталық Қазақстанның осы ескерткішке ұқсас басқа да жерлеу орындары кейін тасмола мәдениеті деп аталды.
Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің басты ерекшелігі-“мұртты” обалар екі жерлеу орнынан тұрады. Әдетте, бұл бір-бірінен 2-5 метр қашық жатқан тас пен топырақтан үйілген орташа обалар. Обалар не қатар, не бірінен кейін бірі тізбектеле орналасқан. Обалардан тура шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас доға тәрізді екі тас құрылыс тартылған. Тастан салынған “мұрт” сияқты құрылыстың ені 50 сантиметрден 2 метрге дейін, ал ұзындағы 10 метрден 30-40 метрге дейін созылады.
Орталық Қазақстанда “мұртты” обалардың төрт түрі кездеседі. Бірінші түрі-үлкендеу қорғанның шығыс жағынан тағы бір кішілеу қорған салынған обалар. Екінші түрінде –екі қорған оңтүстіктен солтүстікке қараған бағытта қатар салынады. Содан соң екі қорғанның оңтүстік және солтүстік шегінен шығысқа қарай мұрт сияқты тас құрылыс жүргізіледі. Үшінші түрінде, алдымен бір үлкендеу қорған салынып, соның үстінен тағы бір кіші қорған тұрғызылады. Төртінші түрі үшіншіге ұқсас, яғни бірінің үстінен бірі салынған екі қорғаннан тұрады.
Тасмола мәдениеті үш даму кезеңінен тұрады. Бірінші кезеңі б.з.б. ҮІІ-ҮІғғ. қамтиды. Екінші кезеңі б.з.б. Ү-ІІІғғ., үшінші кезеңі б.з.б. ІІІ-Іғғ. аралыған қамтиды.
Солтүстік Қазақстан ЕТД. Ерте темір дәуірінде Жайық-Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптаса бастады.
Ұлыбай-Тасмола мәдениеті өз дамуында үш хронологиялық кезеңнен өткен. Бірінші кезең-б.з.б. ҮІІІ-ҮІІғғ., екінші кезең-б.з.б. ҮІ-Үғғ., үшінші кезең-б.з.б. ІҮ-ІІғғ. қамтиды. Осы кезеңдердің ішінде ескерткіштері көп зерттелгені-бірінші кезең.
Сақтар заманының алғашқы кезеңінен бұл өңірде жақсы зерттелгендері мынандай обалар: Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз. Бұл ескерткіштерден садақ жебелері, жалпақ пышақтар, сыртында ілмешегі бар дөңгелек қола айналар, қыш ыдыстар т.б. заттар табылды.
Екінші кезеңге жататын жерлеу ескерткіштеріне Сарғара, Бектеңіз, Ақшиат обалары жатады. Бұл обаларға тән заттар мыналар:үш қырлы, ұнғылы жебе ұшы, сабының сағасында алқымы бар пышақтар, мүйіз тәріздес, алқымында көбелекке ұқсаған ойығы бар қанжарлар, сыртында ұстайтын тұтқасы бар қола айналар.
Үшінші хронологиялық кезеңді қамтитын ескерткіштерге Бірлік-6, Бағанаты, Өрнек обалар кешені, Бөркі, Ақтау қоныстары жатады. Бұл кезеңде кездесетін жебелер бұрынғыдай емес, темірден жасалған.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің ескерткіштерінің үлкендерінің диаметрі?
2. Орталық Қазақстанның дәуіріне тән ескерткіштер тобы?
Достарыңызбен бөлісу: |