اللّهُـمَّ إِنِّـي أَسْأَلُـكَ عِلْمـاً نافِعـاً وَرِزْقـاً طَيِّـباً ، وَعَمَـلاً مُتَقَـبَّلاً
«Уа, Аллаһ, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе, және (Өз құзырыңда) қабыл болатын амал сұраймын».
7. Жетіншісі: бүліктер мен күмәндардан аулақ болуға және олардан сақтануға тырысу қажет. Және сонысымен адам өз жанын да, өзгелердің де жанын қауіпсіз етеді.
Әрі бұл тақырыпта да көп сөзді болмай, Ибн Батта өзінің «Ибана» кітабында келтірген мына сөздерімен ғана шектелемін: «Ақиқатында, өте көп түсініксіз нәрселер болады (яғни сен ақиқаттың қайда және жалғанның қайда екенін білмейсің). Сондықтан асықпа. Ақиқатында, адасушылықта имам болғаннан гөрі ізгілікте ілесуші болған жақсырақ».
Міне, сондықтан да егер сен ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болуды қаласаң, бүліктер мен күмәндардан аулақ бол да, бұл мәселелерге кіріспе, бұларға қатыспа, бұның саған не қажеті бар?! Асықпа, саған тура жол көрсететін үлкен ғалымдармен байланыс жаса, сонда түйінді мәселелердің барлығы да шешіледі.
Сондықтан да адамға асығыстық танытпау және бұл бүліктерден аулақ болу, ғалымдардан кеңес сұрау, Аллаһтың сені бүліктер мен күмәндардан шеттетуін көбірек сұрау міндетті болып табылады. Өйткені сен өзіңді осы бүліктерге салсаң, өз жаныңды да, өзгенің де жанын опат етесің.
8.Сегізінші: Адамдармен жұмсақ қарым-қатынас жасауда көрінетін көркем мінезділік. Өйткені бұл сенің ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болуыңа ең үлкен себеп. Және дөрекі мінезді әрі адамдарға жаман қарым-қатынастағы адамға адамдардың жүрегін ашу қиынға соғатынын да қосып айтып кетуге болады.
Өйткені Аллаһ адамзат баласының сұлтанына былай деп айтты:
Достарыңызбен бөлісу: |