Сен ќалай игіліктіѕ кілті бола аласыѕ немесеКаким образом ты можешь стать ключом к добру или как добиться успеха


مَا يَفْتَحِ اللَّهُ لِلنَّاسِ مِن رَّحْمَةٍ فَلَا مُمْسِكَ لَهَا وَمَا يُمْسِكْ فَلَا مُرْسِلَ لَهُ مِن بَعْدِهِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ



бет5/16
Дата09.06.2020
өлшемі204,5 Kb.
#63237
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
مَا يَفْتَحِ اللَّهُ لِلنَّاسِ مِن رَّحْمَةٍ فَلَا مُمْسِكَ لَهَا وَمَا يُمْسِكْ فَلَا مُرْسِلَ لَهُ مِن بَعْدِهِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ

«Аллаһ Өзінің құлдары үшін қандай мәрхаметін ашса да, оны ешкім ұстап қала алмайды, ал қандай мархаметін ұстап қалса, оны ешкім Одан кейін аша алмайды. Өйткені Ол аса Құдыретті, Дана» («Фатыр» сүресі, 2).

Өйткені Ол - «Әл-Фаттах» — (жақсылық есіктерін) Ашушы.

Сондықтан да кім ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болғысы келсе, оның бұл мақсатқа жетудегі алғашқы қадамы ашушылардың ең Жақсысы болып табылатын Ашушыға ізгілік есіктерін өзіне ашып беруін сұрап жалбарыну болуға тиісті. Оның алдында мойынсұнған күйде, өз мақсатына қол жеткізуді қалап, Аллаһ Тағаламен шыншыл болған күйде. Өйткені Аллаһ Тағала Өз құлының Оған жалбарынған кезіндегі дұғасын қайтармайды.

Және бұл алғашқы қадам болып табылады.

Өйткені барлық игіліктерді ашу жалғыз Аллаһқа тән.

Сен үшін пайдалы білім мен салиқалы амалдардың, игі адамгершілік сипаттардың ашылуы да.

Біздің кейбір салиқалы саляфтарымыздың былай деп айтқандарындай: «Ақиқатында, көркем мінез Аллаһтың сыйы болып табылады және, ақиқатында, егер Аллаһ Өз құлын сүйсе, Ол оған осы сыйды нәсіп етеді. Және Пәк әрі Ұлы Аллаһ Өз құлдарының арасында мінездерді, ризықты, амалдарды бөліп үлестірді. Әрі мұның барлығы Аллаһтан».

Міне сондықтан да, бұл жолдағы ең бірінші нәрсе Аллаһ Тағалаға толығымен жүгіну болып табылады. Әрі Аллаһ саған ашып бермесе, білімге қол жеткізуге немесе дұрыс түсінікке ие болуға, немесе жақсы мінезге де қол жеткізуге, тағы басқалар да мүмкін болмайды.

Және табиғин ғалымдардың қатарынан болған Муттараф ибн ‘Абдуллаһ: «Егер менің жүрегімді алып сол қолыма қойса және барлық көркем мінездерді менің оң қолыма қойса, егер Аллаһтың Өзі оларды менің жүрегіме салмаса, мен осы игі мінездердің біреуін де өзімнің жүрегіме сала алмас едім», - деп, өте жақсы айтқан екен. Яғни барлығы Аллаһқа тәуелді.

Және сондықтан да адам насихат пен бұл дүниеде де, Ақыретте де өзіне пайда беретін көптеген нәрселерді, ізгіліктің, салиқалылықтың, бақыттың есігі туралы естіп жүруі мүмкін, бірақ жүрегі ғибрат алмай, жүрегі қап-қара болып қала беруі мүмкін.

Ал тауфиқ (ғибадаттағы Аллаһтан көмек) Аллаһтың қолында және Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ.

2. Адам соның себебінен ізгіліктің кілтіне және жамандықтың құлпына айналатын, ізгілікке жол ашатын үлкен кілт болып табылатын екінші тармақ – бұл таухид (бірқұдайшылық, яғни Аллаһты жалғыздау) және оған ықыласты түрде құлшылық ету.

Таухид – кез келген ізгілікке жол ашар кілт, сондай-ақ таухид Жәннаттың да кілті болып табылады.

Және имам Ахмад «Муснадта» Му’аз ибн Жабальдан жеткізген хадисте келтіргеніндей, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жәннаттың кілті - Лә иләһа иллә Лллаһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ)», - деген.

Бұл хадиске келер болсақ, оның сенімділігі (сахихтығы) жөнінде келіспеушіліктер бар, бірақ оның мағынасы, күмәнсіз, - ақиқат. Және бұған осы хадисті күшейтетін дәлелдер көпшілік. Мен олардың барлығын келтіріп отырмаймын, Бухари мен Муслим Умар ибн Хаттабтан (оған Аллаһ разы болсын) жеткізген хадиспен ғана шектелемін. Ол Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Дұрыстап дәрет алып болып: «Ешбір серігі жоқ Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мухаммад – Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік беремін (Әшһәду әл лә иләһә илләл-лаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу уә әшһәду әннә Мухаммадан ъабдуһу уә расулюһ)», - деп айтқан әрбіріңе міндетті түрде Жәннаттың сегіз қақпасы ашылады да, ол қалағанынан кіреді».

Демек таухид (бірқұдайшылық) — Жәннаттың кілті. Және кім Аллаһқа таухидпен келмесе, ол үшін Жәннаттың есіктері ашылмайды. Сондықтан да Аллаһ Тағала Құранда былай деді:

إِنَّ الَّذِينَ كَذَّبُواْ بِآيَاتِنَا وَاسْتَكْبَرُواْ عَنْهَا لاَ تُفَتَّحُ لَهُمْ أَبْوَابُ السَّمَاء وَلاَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ حَتَّى يَلِجَ الْجَمَلُ فِي سَمِّ الْخِيَاطِ وَكَذَلِكَ نَجْزِي الْمُجْرِمِينَ

«Күдіксіз, аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көргендерге көктің есіктері ашылмайды. Және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін Жәннатқа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз» ( «әл-Ағраф» сүресі, 40).

Яғни Жәннатқа бірқұдайшылықсыз кіру мүмкін емес. Және Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанындай: «Жәннатқа иман келтірген жаннан басқа ешкім кірмейді».

«Лә иләһа иллә Ллаһ» — бұл бірқұдайшылықтың сөзі және бұл, осы туралы жоғарыда айтқанымыздай, Жәннаттың кілті.

Бірақ пенде осы сөзге сәйкес амалдар жасағанда, яғни осы сөз талап ететін нәрселерді орындағанда ғана бұл сөздердің оған көмектесе алатынын ұмытпаған жөн. Имам әл-Бухари өзінің «Сахихында» Ухб ибн Мунаббихтан адамдар: «Ал „Лә иләһа иллә Ллаһ“ Жәннаттың кілті емес пе?» - деп сұрақ қойғанда, ол оларға: «Әрине, бірақ тіссіз кілт болмайды, және егер сен тістері бар кілтпен есікті ашсаң, ол саған ашылады, ал егер олар болмаса, ол ашылмайды», - деп жауап бергені туралы келтірген хадисте айтылғандай.

Ол бұл сөздерімен «Лә иләһә иллә Ллаһ» куәлігінің шарттарын айтқысы келген еді. Ал бұл шарттар орындалмайтын жағдайда, бұл куәлік оны айтушыға пайда бермейді. Бұл куәліктің, Аллаһтың Кітабында және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде келгеніндей, ғалымдар өздерінің таухид туралы кітаптарында атап айтатын және олардың әрқайсысының дәлелдерін таратып қарайтын жеті шарты бар. Мен бұл шарттардың әрбірінің егжей-тегжейліктеріне кіріспеймін, тек оларды тізбектеп атап өтумен ғана шектелемін:


  • 1. Надандыққа қарама-қайшы келетін білім;

  • 2. Күмәнға қарама-қайшы келетін сенушілік;

  • 3. Өтірікке қарама-қайшы келетін шыншылдық;

  • 4. Ширкке қарама-қайшы келетін ықылас;

  • 5. Жек көрушілікке қарама-қайшы келетін сүю;

  • 6. Тастауға (қалдыруға) қарама-қайшы келетін ілесу (еру);

  • 7. Теріске шығаруға қарама-қайшы келетін мойындау.

Бір ғалым бұл шарттардың барлығын «Сулләмуль-усуль» деп аталатын бір шумаққа біріктірген екен:

«Білім, сенушілік, мойындау және ілесу,

әрі мен айтатынды да білерсің,

олар: шыншылдық пен ықылас және сүю,

әрі Аллаһ саған Өзі сүйген нәрселерде көмектессін».

Демек, бұл сөздер – ұлы сөздер, өйткені бірқұдайшылықтың сөздері Жәннаттың кілті болып табылады. Әрі бұл Жәннатқа кілт болғысы келетін адамның барлығына да міндетті болып табылады, яғни Аллаһтың алдындағы өзінің ықыласын жетілдіру (яғни Онымен ықыласты болу).

Өзінің игі істерінің барлығында Аллаһтың Жүзін қалап, Одан өзінің құлшылығымен, адамдарға деген жақсы мінез-құлқымен пана тілей отырып.

Аллаһ былай деп айтқанындай:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет