قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ
«Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» - де» («Зумар» сүресі, 9).
Білім – бұл тақырыптағы (мәселедегі) ұлы негіз. Сондықтан да пенде, Жәннаттың кілті және жауыздықтың құлпы болуы үшін, білімге көңіл бөлуі қажет. Өйткені егер адамда білім болмаса, оның жүрегіне көптеген адасушылықтар, бидғаттар және құмарлықтар кіріп кетуі мүмкін. Ол өзі байқамастан, «жақсылық жасап жатырмын» деп ойлап, осы адасушылықтарға негізделіп амал жасауы мүмкін.
Мен уақытты бұл тақырыппен созбай-ақ, имам әд-Дарими өзінің «Сунна» атты кітабында хасан (жақсы) иснадпен келтірген мына оқиғамен шектелгім келеді. Бұл оқиға мешітте Аллаһты зікір ету мақсатымен жиналған адамдар туралы. Бұл адамдардың бірі өзгелеріне: «Жүз рет «Субханаллаһ» деп айтыңдар!» - дейтін, ал адамдар жүз рет «СубханаллаҺ» сөзін айта отырып, (жүз рет) тастарын шертетін. Бұл туралы Ибн Мас’уд естігенде, ол дереу мешітке жүгіріп барады да, ол адамдарды көріп: «Не сендердің істеп жатқандарың Мухаммадтың ұстанғанынан жақсырақ, не сендер адасудасыңдар!» - деп дауыстап жібереді. Олар: «Уа, Абу ‘Абдурахман, біз жақсылықтан басқа ешнәрсені қаламадық», - деп жауап береді. Сонда ол: «Жақсылықты қалайтын қаншама адамдар оған жете бермейді», - деді.
Міне сондықтан да ізгілікті таныған адамнан өзге ешкім ізгілікке жете алмайды. Әрі осы тармақты имам Ахмад «Муснадында» Ибн Мас’удтан жеткізген мына хадиспен аяқтағым келеді: «Ақиқатында, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ізгілікті ашатын нәрселерге де, оны жабатын нәрселерге де және оны толық қамтитын нәрселерге де үйретілген еді».
Сондықтан да, уа, Аллаһтың құлы, егер сен ізгіліктің кілті болғың келсе, онда ізгіліктің имамы және жаратылыстың ең жақсысы Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінде қамтылған ізгілікті ашатын және оны жабатын нәрселерді оқып үйрен.
4. Төртіншісі: Исламның бес тірегіне көңіл бөлу. Ақиқатында, егер сен Исламның тіректеріне шындап қарасаң және оларды күтіп-сақтасаң, онда Аллаһ саған қиялыңа кірмеген ізгілік жолдарын ашып береді.
Мысалы, Исламның намаз, ораза, қажылық секілді тіректеріне күтушілікпен қарау Аллаһтың саған ізгіліктің қақпасын ашуына және сені осы ізгіліктің кілті етуіне ең үлкен себеп болып табылады. Әрі бұған дәлелдер де өте көп, олардың тек кейбіреулерін атап кетумен шектелейін.
Имам әл-Бухаридің «Сахих» жинағында мүміндердің анасы Умм Салямадан оның былай деп айтқан хадисі келтіріледі: «Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнде тұрды да: «Лә иләһә иллә-Ллаһ (басқа бір риуаятта «Субханаллаһ»), бүгінгі түнде қаншама бүліктер түсірілді және Аллаһ қаншама ізгіліктің қазыналарын ашты!», - деп айтты».
Назар аударыңыздар, бауырлар, бүліктер түсті және ізгіліктің қазыналары ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |