إِنَّمَا نُطْعِمُكُمْ لِوَجْهِ اللَّهِ لَا نُرِيدُ مِنكُمْ جَزَاء وَلَا شُكُوراً
«...Шын мәнінде сендерді Аллаһтың жүзі үшін тамақтандырамыз, әрі сендерден сый да, алғыс та тілемейміз" ( «Инсан» сүресі, 9).
Яғни (мұндай) адамдар Аллаһ Тағаланың Өзінің ықыласты құлдарына уәде еткен Жәннаты мен сыйынан өзге ешнәрсені қаламастан, салиқалы амалдарды істейді.
3. Үшіншісі: Құран мен Сүннетке негізделген пайдалы білім. Әрі білім – бұл негіз, өйткені онсыз пенде ізгіліктің кілті бола алмайды.
Егер адамда білім болмаса, ол қалайша ізгілік пен жауыздықтың кілттерінің арасын, ақиқат пен жалғанның, сүннет пен бидғаттың (діндегі жаңалықтың), тура жол мен адасушылықтың арасын ажыратпақ?!
Әрі адамның білімі болмаса, ол қалайша адасушылыққа түсуден сақтанбақ? Немесе бүрыңғылар айтпақшы: «Адам білмеген нәрсесінен қалайша қорықпақ?»
Міне сондықтан да, кім ізгіліктің кілті болуға ұмтылса, пайдалы білімдерге назар бөлсін.
Имам әл-Байхақи өзінің «Сунна» кітабында Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім таңертең білім іздеп жолға шықса, соған Аллаһ Жәннаттың есіктерін ашады», - деп жеткізгеніндей. Бұл хадистің сенімділігіне қатысты келіспеушіліктер бар.
Бірақ бізге Абу әд-Дарда жеткізген Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі жетіп асады: «Кім білім іздеу жолына түссе, соған Аллаһ Жәннатқа барар жолды жеңілдетеді». Және бұл хадис алдыңғы хадистің де мағынасын қамтиды.
Және кім өзінің жаны үшін ізгіліктің кілті болуды қаласа, пайдалы білімге ұмтылсын, әрі бұл жолда барлық күш-жігерін салсын. Ал ілім-білімі жоқ адам туралы айтар болсақ, ол ақиқат пен жалғанның аражігін ажырата алмайды.
Аллаһ Тағала былай деп айтады:
Достарыңызбен бөлісу: |