Сен ќалай игіліктіѕ кілті бола аласыѕ немесеКаким образом ты можешь стать ключом к добру или как добиться успеха


اللّهُـمَّ افْتَـحْ لي أَبْوابَ رَحْمَتـِك



бет9/16
Дата09.06.2020
өлшемі204,5 Kb.
#63237
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
اللّهُـمَّ افْتَـحْ لي أَبْوابَ رَحْمَتـِك

«Уа, Аллаһ, маған рахметіңнің есігін аша гөр!» - деп айтатыны.

Демек намаз – бұл рахметтің есігі, әрі оның қамын ойлау (яғни оны сақтап- қорғау) – сен білетін және сен білмейтін игіліктердің кілті. Және намазда ұйықтап қалған және басы жастықтан намаз оқу үшін көтеріле алмайтындай ісіп кеткен адамды қандай жақсылық күтпек? Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітке кірерде:



اللّهُـمَّ افْتَـحْ لي أَبْوابَ رَحْمَتـِك

«Уа, Аллаһ, маған рахметіңнің есігін аша гөр!» - деп, ал шығарда:

اللّهُـمَّ إِنّـي أَسْأَلُكَ مِـنْ فَضْـلِك

«Уа, Аллаһ, ақиқатында, Сенен рахметіңді тілеймін», немесе басқа бір риуаятта:

اللّهُـمَّ افْتَـحْ لي أَبْوابَ فَضْـلِك

«Уа, Аллаһ, маған игіліктеріңнің қақпаларын аша гөр!» - деп айтатын.

Намаз оқу, оған ұмтылу рахмет қақпаларын ашады, ал оны үзбей орындау ризықтың есігін ашады.

Әрі сондықтан да біз үшін шариғатта мешітке кіретін кезімізде: «Уа, Аллаһ, маған рахметіңнің есігін аша гөр!» - деп, ал одан шығарда: «Уа, Аллаһ, маған игіліктеріңнің қақпаларын аша гөр!» - деп айту заңдастырылған.

Бұл тақырыпқа көптеген хадистер келтіріледі. Әт-Тирмизи «Муснадта» келтірген құдси хадисті айтып кетейін, әрі ол Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахих түрде жеткен: «Аллаһ: «Уа, Адам баласы, Мен үшін күннің бірінші бөлігінде төрт ракағат (рукуғ) жаса, және Мен сені күннің қалған бөлігінде марапаттаймын», - деді».

Аллаһ төрт ракағат жасауды бұйырып тұр. Аллаһ бұл ракағаттарға мұқтаж емес, шақыруда.

Шейхуль-ислам Ибн Таймия былай деген: «Осы төрт ракағатта таң намазының парыз екі ракағаты және оған дейінгі нәпіл (сүннет) намазының екі ракағаты меңзелуде (айтылуда)».

Уа, менің қадірменді бауырларым, таң намазынан ұйықтап қалушы өзін қандай сый-сауаптан жұрдай етуде?! Бұл хадисте: «Жауыз нәпсімен, жалқау күйде оянады. Оған ізгіліктің есіктері жабылды және оған ризықтың есіктері де жабылды», - деп айтылғандай.

Өйткені күннің бірінші бөлігі – бұл оның негізі. Өйткені дәл осы уақытта береке мен ризық жіберіледі.

Абу Зарр былай деп айтқанындай: «Күннің бірінші бөлігі түйе секілді, егер оны бас жағынан ұстасаң (тартсаң), қалған жағы саған ілесіп кетеді. Және кім күннің бірінші бөлігін намазды орындаумен ұстап қалмаса, оның қалған бөлігінен не күтпек?»

Міне сондықтан сен үшін және өзгелер үшін ізгіліктің ашылуындағы ұлы негіздің бірі – Исламдағы парыз болған тіректерді орындау, ал оның басында намаз тұр.

Сондай-ақ оразада, қажылықта және басқа ғибадаттарда да ізгіліктің көптеген есіктері бар.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Рамазанның бірінші түні кіргенде, Тозақтың есіктері жабылады және шайтандар кісенделеді, және шақырушы: «Уа, ізгілікті қалаушы, ұмтыл! Уа, жауыздықты қалаушы, тосыл!» - деп айтады.

Сондықтан да Исламдағы міндеттерге назар бұру, олар туралы қам жеу (яғни оларды бұлжытпастан орындау) саған деген үлкен көмек болады, яғни сен өзің үшін де, өзгелер үшін де ізгіліктің кілті бола білуің үшін.

5. Бесіншісі: Күнәлар мен Аллаһқа мойынсұнбаудан аулақ болуда өз нәпсіңмен күресу. Әрі тағы да бұл тақырыптағы әңгіме көпке созылып кетуі мүмкін, бір-ақ хадисті ескертіп кетумен шектелейін.

Имам Ахмад «Муснадта» Ибн Сам’аннан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі жағасында қабырғалар, ал әрбір қабырғада бір-бір есіктен, ал әр есікте перде, ал бұл жолдың бас жағында шақырушысы бар тура жолдың мысалын келтіргенін жеткізген. Сол шақырушы: «Уа, Аллаһтың құлы, тура жолмен жүр де, одан бұрылма!» - деп айтады. Ал осы жолдың үстіндегі шақырушы: «Есікті ашпа. Ақиқатында егер сен оны ашсаң, ішіне кіріп кетесің», - деп шақырады. Содан соң Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тура жолдың Ислам, қабырғалар – Аллаһтың шекаралары, есіктер – бұл Аллаһтың тыйымдары мен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті, жоғарыдан шақырушы – әрбір мұсылманның жүрегіндегі Аллаһтың насихатшысы екенін түсіндірді. Және бұл – Аллаһтың Өз құлының жүрегіне үгіт-насихатшы қылып, танытқан мейірімінен. Нәпсі оны харам есіктерінің бірін ашуға шақырған кезде, бұл насихатшы: «Уа, Аллаһтың құлы, есікті ашпа, өйткені егер есікті ашсаң, ішіне кіріп кетесің!» - деп, оны бұдан кері тартады.

Міне, сондықтан да кім ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болуды қаласа, бұл хадис оның Жәннатқа апарар тура жолда екеніне нұсқайтынын білсін. Сондай-ақ ол жолдың оң жағында да, сол жағында да көптеген есіктер бар екендігін және ол есіктерде перделерден басқа кіруге кедергі жасап тұрған ешнәрсе жоқ екендігін, әрі бұл есіктер харамға алып баратынын да білсін. Және, уа, бауырым, сол пердеден өзге ешбір бөгеті жоқ есікті ашу, құлпы бар есіктен айырықша, еш қиындық туғызбайтыны баршаға жақсы белгілі. Өйткені құлпы бар есікті ашу үшін сен кілтке мұқтаж боласың ғой. Ал егер есікте тек перде ғана болса, онда сен оған тез арада кіріп үлгересің, яғни сен осы жолмен бара жатып, харамға кіресің және тыйым салынғанның арасында пердеден өзге ешбір бөгет жоқ. Дәл сондықтан да ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болғысы келген адам бар жігер-ынтасымен оңды-солды орналасқан харамға апарар есіктерден сақ болуы қажет.

Және егер де ол оған кірсе, онда өзі үшін де, өзгелер үшін де жауыздықтың есігін ашады, өйткені жамандықты жасаушы адам оны жасаушылардың жалғызы болғысы келмейді.

Әрі бұл адам жамандық жасаушыдан жамандықты таратушыға айналады. Және бұл – жамандыққа шақырушылардың барлық замандарда ұстанған нәрсесі. Кім харамға кірсе, уақыт өте келе сол харамға шақырушылардың біріне айналады.

Ізгі халифа ‘Усман ибн ‘Аффан былай деп айтқанындай: «Әрбір зинақор әйел әйелдердің барлығы зинақор болуын қалайды».

Әрі осынысымен мұндай адам жамандықтың кілтіне және жақсылықтың құлпына айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет