Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет13/55
Дата29.08.2024
өлшемі212,97 Kb.
#203763
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
Кестелі биология

Жапырақтың құрылысы

Жапырақ тақтадан (алақан) және сағақтан тұрады. Құрылысы бойынша жай және күрделі жапырақ болып та 2-ге бөлінеді. Кейбірі сағақсыз, кейбір өсімдіктің сағағының түбінде болады, оны бөбешік жапырақ деп атайды. Мысалы, раушан, итмұрын, асбұршақ, беде, қарағанның бөбешік жапырақтары болады. Жапырағының түбі қынап түзетіндері бар, олар - жүгері, қамыс, бидай, балдырған, күріш, т.б.

Қызметі

1.Фотосинтез жасау.
2.Органикалық затты қорға жинау, 3.Газ алмастыру.
4.Көбеюге қатысу.

Жапырақтың 7 тобы (пішіні бойынша)

1.Ине тәрізді – қарағай, шырша, т.б.
2.Таспа тәрізді – арпа, жүгері, бидай, қарабидай,т.б.
3.Жебе тәрізді - шырмауық.
4.Бүйрек пішінді – құсықшөп.
5.Жүрек пішінді – жөке, гүлшетен.
6.Күрек тәрізді - иісті шөп.
7.Жұмыртқа тәрізді - бұрыш жалбыз.

Жай жапырақ

Бір ғана тақтасы бар жапырақ. Мысалы, терек, қарағаш, қайың, жөке,т.б.

Күрделі жапырақ

Бір сағақта 2 не одан да көп жапырақшалардың болуы. Түрлері – үш құлақ күрделі, саусақ салалы күрделі, қауырсын тәрізді күрделі. Үш құлақ күрделі - сағағында 3 жапырақша болады, мысалы, беде, соя,т.б.
Саусақ салалы күрделі – сағақта 5 – 7, одан да көп жапырақшалар бір жерден таралады, мысалы, қарасора, атбас талшын, бөрібұршақ.
Қауырсын тәрізді күрделі – жапырақшалар сағақтың екі жағында орналасады. Ол 2-ге бөлінеді – жұп қауырсын күрделі, тақ қауырсын күрделі.
А)жұп қауырсын күрделі жапырақты - чина, ас бұршақ, сары қараған, қоянбұршақ.
Ә)тақ қауырсын күрделі жапырақты – итмұрын, ақ мия, қызыл мия, ақ қараған, шаған, шетен, грек жаңғағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет