Тамыр және тамыр жүйесі
Тамыр – өсімдіктің жер асты мүшесі.
Тамыр қызметі
|
1.Су және минералды тұздарды сабаққа өткізеді.
2.Өсімдікті топыраққа орнықтырады.
3.Кейбірі қоректік затты жинайды(қызылша, сәбіз, шалқан, шомыр)
4.Көбеюге қатысады
|
Тамырдың шығу тегі
|
Тамыр шығу тегі бойынша үш топқа бөлінеді:
1.Негізгі тамыр – ұрық тамыршадан дамиды
2.Жанама тамыр – негізгі тамырдың жан-жағынан тарайды.
3.Қосалқы тамыр – сабақ пен жапырақтан дамиды.
|
Тамыр жүйесі
(бір өсімдіктегі әр түрлі тамырлар жиынтығы)
|
Тамыр жүйесі екі топқа бөлінеді:
1.Кіндік тамыр – негізгі тамыры жақсы жетіліп, жуан, айқын байқалады (қауын, асбқршақ, жоңышқа, күнбағыс, т.б.).
2.Шашақ тамыр - негізгі тамыры көптеген қосалқы тамырлар арасында жуандығы жағынан байқалмайды және жуандамайды(бидай, пияз, арпа, сұлы, жүгері, сарымсақ, күріш, тары, т.б.)
|
Тамыр бөлімдері
Өсімдік тамыры атқаратын қызметіне қарай тамыр оймақшасы, бөліну аймағы, өсу бөлімі, сору бөлімі, өткізу бөлімі болып ажыратылады.
Тамыр оймақшасы
|
Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді, жасушалары тірі, өсу нүктесін, бөліну аймағын қаптайды. Сыртқы қабат жасушалары шырышты зат бөліп, топыраққа терең, еркін өсуіне жағдай жаайды
|
Бөліну аймағы
|
Үш қабаттан тұрады – сыртқы, ортаңғы, ішкі.
Сыртқы қабат жасушалары өңді және оймақшаны түзеді.
Ортаңғы қабат алғашқы қабықты түзеді.
Ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі.
|
Өсу бөлімі
|
Жасушалары бөлінбейді, ұзынынан созылып ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсері бар.
|
Сору бөлімі
|
Сору бөлімінде қалың түктер болады. Түктер өң жасушаларының созылуынан пайда болған, 10 – 20 күннен соң жаңарып отырады. Әр түк жеке жасуша, ОЛ сору және тірек қызметін атқарады.
|
Өткізу бөлімі
|
Жанама тамырлар дамыған, түктері болмайды. Қызметі – суды, еріген минералды тұздарды жер үсті мүшелеріне өткізу.
|
Тамырдың өсуі
Тамыр үшынан өседі. Көктемде өсу қарқыны күшейеді. Тамырдың өсуі қазан, желтоқсан айларында тоқтайды. Өсуі аяқталған тамырдың біраз бөлігі қурайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |