Өркендер мен бүршіктер
Бүршік
Өсімдік бүршіктері сабақта кезектесіп және қарама - қарсы орналасады. Сыртын түрі өзгерген сыртқы жапырақтар – яғни тығыз қабыршақ қаптайды. Кейбір бүршік қабыршағыныңың жабысқақ болуы судың булануын азайтады. Ал, итшомырт бүршігінің қабыршағы болмайды. Бүршіктер құрылысы бойынша екі топқа бөлінеді – өсу бүршігі (вегетативті бүршік), гүл бүршігі(генеративті бүршік). Вегетативті бүршіктен жапырақ дамып жетіледі, гүл бүршігінен гүл жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |