Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет23/55
Дата29.08.2024
өлшемі212,97 Kb.
#203763
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
Кестелі биология

Органикалық тыңайтқыш

Түрлері - шымтезек, қи(көң), қарашірік, құс саңғырығы.
Қиды топыраққа көктемге дейін шіріп үлгеру үшін күзде шашады.



Минералды тыңайтқыш

Өсімдіктің топырақтан қоректенуі минералды қоректену деп аталады. Топырақ құрамында минералдар болу керек, оның маңызды түрлері - күл, калий, фосфор, азот тыңайтқыштары.
1.Азот бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің тамырында азаобактериялардың көмегімен жинақталады. Егер өсімдікке азот жетіспесе:
А.Өсімдік баяу өсіп, жапырақтары бозарады.
Ә.Ағаштың жанама бұтақтары дамымай қалады.
Б.Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғая қызарып қурап түседі.
2.Фосфор жасуша қабықшасын түзеді, егер жетіспесе:
А.Жеміс баяу түзіледі.
Ә.Жемістің салмағы кемиді.
3.Калий – тамыр мен түйнек жақсы жетіліп, қоректік затты қорға жинау үшін қажет. Калий жетіспесе:
А.Өсімдік өте аласа болып өседі.
Ә.Жапырақ пен сабақ нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді.
Б.Сабақ әлсіз болып, жатып қалады.



Фотосинтез



Фотосинтез (гр.«foton» - жарық, «synthesis» - қосылыс)

Фотосинтез - күн жарығы энергиясының қатысуымен бейорганикалық заттардан(көмірқышқыл газы мен су) органикалық заттардың(қант - глюкоза) түзілуі.
Фотосинтез кезінде оттегі бөлінеді, өсімдік салмағы артады.

Фотосинтез жүргізетін организмдерді автотрофтар дейді.



Фотосинтездің сызбанұсқасы

Күн сәулесі
Көмірқышқыл газы+су-------------→
Хлорофилл

→қант (глюкоза) + оттегі







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет