Өсімдіктердің негізгі 2 тобы
|
Төменгі саты және жоғарғы саты өсімдіктері.
Төменгі саты өсімдіктеріне тек балдырлар жатады.
|
Жасуша құрылымы бойынша өсімдіктер тобы
|
Бір жасушалы және көп жасушалы өсімдіктер
|
Жоғары саты өсімдіктерінің көбеюі бойынша 2 тобы
|
1.Спорасымен көбейетін түрлер: мүктер, қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтәрізділер
2.Тұқыммен көбейетін түрлер, олар ашық тұқымдылар және жабық тұқымдылар болып 2 топқа ажыратылады. Жабық тұқымдыларды гүлді өсімдіктер деп атайды.
|
Өсімдіктерді ң ортақ белгілері
|
1.Зат алмасу, қоректену, тынысалу, көбею, тітіркену үдерістері бар.
2.Жасушалардан тұрады.
3.Көпшілігінде ұлпа бар.
4.Тіршілігінің соңына дейін өседі.
5.Жоғары саты өсімдіктерінің сабағы, жапырағы, тамыры бар.
|
Өсімдіктердің көбею түрлері
|
Өсімді, жынысты, жыныссыз жолдармен көбейеді.
Өсімді көбею – дене бөліктері арқылы түрдің және санының артуы
Жынысты көбею – споралар немесе зооспоралар арқылы жүреді.
Жынысты көбею – гаметаларды ң қосылуынан зигота пайда болады, зиготадан өсімдік жетіледі.
|
Өсімдіктердің жіктелуі (жүйелеу)
|
Жүйелеудің сызбанұсқасы:
дүние→ бөлім→ класс→ қатар→ тұқымдас→туыс →түр
|
V Бөлім
Өсімдік дүниесінің негізгі бөлімдері
Төменгі саты өсімдіктері
Балдырлар
Тіршілік ортасы
|
Теңіз, көл, өзен, тоқтау сулар.
|
Дене құрылысы
|
Денесі (көпжасушалыларда - таллом (қатпаршақ) деп аталады. Талломында ұлпалар мен вегетативті мүшелер болмайды. Жасушасы сілемейлі қабықша, цитоплазма, ядро, вакуоль, хроматофордан тұрады. Фотосинтез хроматофорында жүреді. Хроматофор пішіндері, түстері әр түрлі болады.
|
Түрлері
|
Бір жасушалы, көп жасушалы, шоғырлы.
Түсі бойынша жасыл, қоңыр, қызыл балдыр болып бөлінеді.
|
Көбеюі
|
Көбеюі – өсімді, жыныссыз, жынысты.
Өсімді көбеюі – жасушасы екіге бөлінеді, жіп тәрізділер бөлшектерге бөлінеді.
Жыныссыз көбеюі – споралар мен зооспоралар арқылы жүзеге асады.
Жынысты көбеюі – гаметалар қосылып, зигота пайда болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |