Т(5)К3+(2)А(9)-1Ж1
Тозаңдануы
|
Көпшілігі бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады (кейбірі өздігінен тозаңданады, мысалы егістік асбұршақ).
|
Жемісі
|
Құрғақ, бұршаққап, екі жақтауынан қақырайды.
|
Өкілдері
|
1.Тағамдық түрлері – соя, асбұршақ, жасымық, үрмебұршақ, нұт, жержаңғақ.
2.Мал азықтық түрі – сары бөрібұршақ, беде, ақбас түйежоңышқа, сиыржоңышқа, жантақ.
3.Сәндік түрлері – қараған.
4.Улы түрі – тентекмия.
|
Маңызы
|
Медицинада жалаң қызыл мия, кассия қолданылады.
|
Күрделігүлділер тұқымдасы
Табиғатта таралуы
|
Жарық жақсы түсетін, ылғалы мол аймақтарда кездеседі.
|
Жер шарындағы түр саны
|
20 000-нан астам түр.(Қазақстанда 700-ге жуық түрі) бар.
|
Сипаттамасы
|
Қосжарнақтылар класының ең көп тараған шөп текті, шала бұталы, бұталы, ағаштекті негізінен көпжылдық өсімдіктер тобы.
Ортақ белгілері:
Гүлінде тостағанша болмайды, кейде үлпекті айдаршаға өзгереді. Гүлтесі 5, оның 5 тісшесі бар. Жалған тілшегүлдің жоғарғы ұшында 3 тісшесі бар.
Аталығы 5, ол бітісіп өскен.
Жатыны төмен. Аналығы 1-еу ғана, аузы қос телімді.
|
Жапырағы
|
Бұл өсімдіктердің жапырағының құрылысы санының, түрінің көптігіне байланысты әр түрлі болады:
1.Мақсырда – жапырағы сопақ, қандауыр тәрізді, жиегінде тікенектері болады. Жапырақтары сабақта сағақсыз орналасады.
2.Өгейшөпте – жапырағы ірі, тақтасының үстіңгі беті түксіз, жылтыр, ал астыңғы беті жұмсақ түкті болады.
3.Күнбағыста – жапырағы ұзын сағақты, жүрек пішінді, ірі. Жапырағы сабақтың төменгі жағында қарама – қарсы орналасады, ал, жоғары қарай кезекті орналасады.
4.Бақ – бақта – жапырақтары тамырғ а жақын орналасады.
|
Гүлі
|
Гүлдері пішіні бойынша - тілше, түтікшелі, жалған тілшелі, қос ерінді, шұқырақ тәрізді болады.
Ерекшелігі:
1.Тілше гүл (бақ – бақ себетгүлінде тек тілше гүл болады)
2.Түймедақта тілше және түтікше гүлдер.
3.Гүлкекіреде шұқырақ тәрізді гүлдер.
4.Сары қалуен мен түйетікенде тек түтікше гүлдер.
|
Гүлшоғыры
|
Себетгүл.
|
Жемісі
|
Тұқымша (Айдарлы кейде айдарсыз)
|
Өкілдері
|
Бақ-бақ, күнбағыс, түймедақ, гүлкекіре, түйетікен, сарықалуен, мақсыр, ассүттіген, бөрігүл, дермене, итошаған, қырмызыгүл, жералмұрт, бақытгүл, нарғызгүл, ойраншөп, т.б.
|
Маңызы
|
1.Май алынады – күнбағыс, мақсыр.
2.Көкөністік дақыл – бөрігүл, ассүттіген.
3.Дәрілік өсімдік – дермене, түймедағы, бақ-бақ, итошаған, қырмызыгүл.
4.Малазықтық түрі - жералмұрт.
5.Сәндік түрі – бақытгүл, нарғызгүл.
6.Арамшөп – ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікен.
|
Достарыңызбен бөлісу: |