Сенің Қ амқор ағ АҢ Сенің ҚАМҚор ағАҢ Аслан Орақбаев



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата24.09.2024
өлшемі1,37 Mb.
#205035
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сенің Қамқор Ағаң

Құрметті нәзік жандылар!
Мен барлықтарыңызға 
үндеу тастаймын. Менің иманды және көркем қарын-
дастарым! Менің адал да намысшыл әпкелерім! Құрбан 
болмаңыздар! «Заманауилықты» бостандық, мәдениет, 
прогресс секілді ұрандардың астына жасырып, өміріңізді 
«сәндейтіндердің» сөздерін тыңдамаңыз. Ақыл айтып, 
өмір сүруді үйрететіндердің көпшілігінің жанұясы да, 
сенімді достары да жоқ, ал оларға қажет нәрсе – ақша 
табу, өнімін сату, өз қажеттілігін өтеу ғана.
Бұл айтқан адамдардың ешқайсысы қызға жоғалған 
тазалығын қайтармайды, ар-намысын тазартып, жоғал-
ған қадір-қасиетін қалпына келтіріп бермейді. Егер қыз 
сүрініп, құлап кетсе, бұл адамдардың ешқайсысы көмекке 
келмейді, оны батқан балшықтан шығармайды. Алайда, 
бәрі сені сұлулығың мен пайдаң таусылғанша ғана іздеп 
тұрады.
Саған осындай ескертуім бар, 
АЙҚЫЗЫМ
! Кез келген 
«жанашыр» болып көрінген адамды тыңдай берме. Есің-


Аслан Орақбаев
120
де болсын, бақыттың кілті ерлерде емес, сенің қолыңда. 
Қаласаң, сен өзіңді түзетесің, ал сенің адалдығың, тәр-
биең, инабатталығың бүкіл қоғамның жақсаруына әке-
леді. Саған амандық пен Алланың мейірімі болсын!
Бұл әлем біздің қыздарымызды «заманауи қоғамға» 
сай болу үшін дене-бітімі белгілі бір формада, ал еріндері 
әдемі болып көріну үшін «бір қалыпта болу керек» деп 
үйретеді. Шаштары мен кірпіктері жоғары деңгейде, сөм-
келері киімдеріне үйлесімді болу керек дейді. Қажет бол-
са, инъекция салып, операция жасауды қалыпты жағдай 
көреді. Әр айда мыңдаған ақшаны әшекей-бұйымдарға 
құртуды «өзіңді жақсы көру» деген лозунгпен әдемілеп 
ұсынады. 
Менің көкейімдегі сұрақ – осы нәрсеге осыншама уа-
қыт пен күш жұмсасақ та, неге айнадағы түріміз өзімізге 
әлі ұнамайды? Неге адамдар бізді қандай болсақ, сол қал-
пымызда қабылдамайды? Сонымен қатар неге адамдар 
еш нәрсеге қарамастан, өздерін бақытсыз сезінеді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет