Әпке-қарындастар!
Алла
мен Оның Елшісі сіздерден
тек бір ғана нәрсені әсемдеуді талап етеді. Ол – жүрек-
теріңіз. Сіз жүрегіңізді әсемдеген кезде өзіңізді еш нәр-
сеге қарамастан жақсы көре бастайсыз, адамдардың сіз
жайында не айтып жатқанын қызықсыз санайсыз. Алла
разы болу үшін сізге сыртыңызды сылап, бет-әлпетіңізге
ота жасатып өзгертудің керегі жоқ. Ол сізден тек шынайы
болғаныңызды қалайды.
121
Сенің қамқор ағаң
ӘЙЕЛ ДЕГЕН КІМ?
Ғаламторда өлең шумақтары ұнап, оқығаныммен бө-
ліскім келіп тұр:
Қалған
еді бір топ жігіт жиылып,
Ақырында кетті әңгіме сұйылып.
Шықты біреу мақтан қылып күнәсін,
Әйелдермен жасап жүрген ойнасын.
Деді былай:
«Әйел деген – аңқау халық білсеңіз,
Сене салар бетіне сәл күлсеңіз.
Айта берсең құлағына ертегін,
Ашып берер өзі-ақ саған етегін.
Осылайша
мен сияқты бұзығың,
Көріп жүр ғой талай әйел қызығын».
Осы кезде сөзді бұзып бір жігіт,
Күнәһарға ашуменен жүз бұрып.
Аслан Орақбаев
122
Деді былай:
«Шектен
шықты сөзің тым,
Айтшы, қане, әйел деген өзі кім?
Әйел деген – дәл өзіңдей адам,
Әйел деген – кеше сені мәпелеген анаң.
Әйел деген – намысың мен арың,
Әйел деген – қойныңдағы сүйдім деген жарың.
Бесігінде
жатқанда бөпелеген,
Тәй-тәй басса, мәз болып жетелеген.
Әйел деген – қызың ғой еркелеген,
Әйел деген – қызың ғой әке деген.
Әйел деген – қарындас «аға» деген,
Бір өзіңді қорғаныш, пана көрген.
Әйел деген – әпкең
ғой алдыңдағы
Сен қуансаң, қуанар алтын жаны.
Аталғандар – туыстық жақындарың,
Дәл осындай қатынаста елдің бәрі.
123
Сенің қамқор ағаң
Жоқ
олардың керексіз жаралғаны,
Ойын, күлкі, зинаға арналғаны.
Айтшы енді,
Зинасымен мақтанған қайран ерім,
Сол күнәні жақындарға қалар ма едің?
Қалар ма едің анаңның қор болғанын,
Зинақорға қызыңның қол болғанын.
Қалар ма
едің астында өгіздердің
Қарындас пен әпкеңнің егіз езілгенін?!
Жүрегінде дерті бар надандардың
Әйеліңнен дәм етіп көз ілгенін?!
Қаламасаң, өзіңе бұл істерді
Өзге үшін оны да қылмыс деп біл!»