Аслан
Орақбаев
8
жас буын өкілдеріне өздері көрмеген, үйренбеген, ой-
шұқыры белгісіз әлемде бағдар боларлық дүние жасау
заман талабы.
Міне, қолыңыздағы «Сенің қамқор ағаң» кітабы сізге
бағдар, жаңа өмір белесінде бұлыңғыр жолыңызды
жарық, мақсатыңызды айқын қылатын шамшырақ. Мұн-
дағы жазылған дүние
сізді өмірде алданып қалмауға,
өткінші өтірікке берілмеуге үндеп, шынайылыққа тәр-
биелейді. Өмірдегі кез келген жағдай практикада болған
оқиғалармен өрбітіле баяндалып, одан арылудың, керек
жағдайда шығудың жолдары баяндалған.
Автор, еңбекті жазу барысында дәстүрлі
діни құнды-
лықтарды заманға сай талқылап, жетік жеткізе білген.
Мұндай әдіс дәстүрлі діни құндылықтарды жастар бойы-
на заманауи түрде сіңдіруге септігін тигізеді. Кітаптың
өмірде орын алған, автор басынан кешкен оқиғалармен
өрнектелуі оқырманға одан сайын әсер етпей қоймайды.
А.Орақбаев кітапсүйер
қауымға бұдан алдыңғы
«Мүмкіндік» кітабымен де танымал. Ал бұл жолғы еңбегі
шынайы жанашырлықтан, қазақ жастарына деген мейі-
рімінен туындаған туынды екені анық байқалады.
Кітап әрбір жастың жақын серігіне айналып, қазақ
қоғамына, соның ішінде жастар аудиториясына дәстүрлі
діни құндылықтарға
негізделген заманауи жаңа рух,
ерекше леп береріне сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: