487
терең рухани-адамгершілік дағдарысқа әкелгенін дүниежүзілік зайырлы
қауым көріп отыр. Алайда бұл өмірлік жолдың адамзатты тұйықтыққа,
я болмаса ядролық соғыс арқылы өзін-өзі өлтіруіне әкелетінін болжау
қиын емес. Расында да, материалдық игіліктер әрқашанда шектел-
ген. Егер адамзаттың дамыған елдердегі «алтын миллиард» аталған
бөлігі өлшемнен жоғары тұтынуды өмірлік мақсат-мұратқа айналды-
рып, ал келесі артта қалған елдердегі миллиардқа жуығы күнбе-күн
аштықтың зардабын көріп, жыл сайын 70 миллионға жуығы өліп жатса,
жер бетіндегі шиеленіс, экстремизм мен терроризмнің өршімесіне кім
кепілдік бере алады?
Бірақ адамзаттың әртүрлі заманда өмір сүрген барлық кемеңгер-
лері –
Сократ пен Анарыстан бастап, Абай мен К.Ясперске дейін –
адамның рух екенін шаршамай айтып келген болатын. Өкінішке
қарай, бүгінгі таңға шейін рухани-адамгершілік жолында адамзат өте
қабілетті оқушы болып отырған жоқ. Алайда болашақта тек осы жолда
ғана адамзат өзін-өзі сақтап қалуы мүмкін.
К.Маркстің коммунистік теориясына бүгінгі таңда қандай баға
беруге болады? Бұрынғы Кеңес Одағындағы социалистік қоғамды
орнатудағы орасан зор жасампаздықпен қатар, қайғыға толы іс-әрекет-
тер тарихи тұйықтыққа әкелгенін жақсы білеміз. Алайда оның
кінәсін К.Маркстің теориясынан іздеу дұрыс болар ма екен? Мүмкін,
оған кінәлі «марксизмді жаңа дәуірде шығармашылық жолмен ары
қарай дамытқан» большевиктердің көсемі Ленин болар? Расында да,
капиталистік қатынастар әлі күшіне
кірмеген, тіпті кейбір жерлерде
тағылықтың іздері әлі өшпеген феодалдық елде социализм орнатамыз
деп лепірген революцияшыл топтардың тарихи кінәлілігін айтпай кет-
пеуге болмайтын сияқты. Екінші жағынан, қоғамдағы терең де жүйелі
дағдарыстың өршіп, халықтың шыдамының таусылғаны да оған себеп
болса керек. Алайда бүгінгі таңдағы әлеуметтік мемлекет орнатқан
кейбір елдерге көз жіберсек (Швеция, Финляндия; Голландия т.с.с.),
ол елдерді К.Маркстің заманындағы капиталистік қоғаммен толығы-
нан салыстыруға болмайды. Мемлекет
тарапынан жасалған көлемді
әлеуметтік бағдарламалар әлсіз топтарға біршама көмек көрсетіп,
олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Сөйтіп, дамыған
капиталистік елдер ешқандай революция, қантөгіс төңкерістерсіз-ақ
бірте-бірте әлеуметтілікке қарай жылжып бара жатыр. Ал социализм
дегеніміздің өзі әлеуметтілік деген мағына бермей ме? Олай болса,
К.Маркстің социалистік қоғам жөніндегі
тарихи болжамы бірте-бірте
іске асып келе жатқанға ұқсайды.
Енді маркстік коммунизм идеясына келер болсақ, оны «бітпейтін
ағыл-тегіл материалдық байлыққа» теңесек (осындай ғып оны
тұрпайыландырған бұрынғы Кеңес көсемдерінің бірі Н.С.Хрущев
488
болған-ды), онда ол ешқашанда болмайтын қиял ғана деп есептеу-
ге болады. Өйткені бұл дүниеде бәрі де шектелген. Ал, бірақ ол
болашақтағы әр адамның гүлденуі, жан-жақты дамып, шығармашылық
деңгейге көтерілуі десек, – оның іске асуы мүмкін.
Бұл теорияның тағы бір осал жері – тек қоғамдық меншіктің
ғана болашағын мойындау, басқа меншік формаларына қарсы шығу.
Диалектикалық дүниетануды
қаншалықты меңгергенмен, К.Маркс
саясатқа келгенде қиялға бой берген болса керек. Өткен Кеңес
қоғамындағы мемлекеттік меншік шаруашылықты монополизациялап,
ақырында іріп-шіріп кеткен жоқ па?
Сонымен қатар К.Маркстің теориясындағы тарихи үдерістегі
революцияның, зорлық-зомбылықтың рөлін асыра көрсетуі сол
кезде болған әлеуметтік-саяси ахуалдан, содан ашынудан шықса
керек. Қандай ұлы адам болғанымен,
бұл тұлға да өз заманының
перзенті екенін айтып кету қажет. Демек, ол да қателескен. Бүгінгі
заманның шыңынан тарихқа көз жіберсек, орын алған тарихта
болған бірде-бір революцияның алдына қойған мақсат-мұраттарына
жетпегенін, керісінше, миллиондаған адамдарды қайғы-қасіретке, адам
шошынарлық қантөгіске әкелгенін көреміз. Тарихи үдерістен шығатын
бүгінгі адамзаттың көзі жеткен тұжырымы – қоғамды күнбе-күнгі
қажымас еңбек, өзара келісімге келу, қайшылықтарды бейбіт жолмен
шешу арқылы өзгерту, даму болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: