234
Күнi бүгiнге дейiн қарапайым сананың
шеңберiнде бiз осындай
көзқарастың әлде де болса өмiр сүрiп жатқанын байқаймыз. «Кеңес
Одағы неге құрдымға кеттi?» – деген сұрақты талдағанда, қарапайым
адамдар оны Горбачевтiң, ия болмаса Ельциннiң, Кравчуктың т.с.с.
сол кездегi өкiмет басындағы адамдардың iс-әрекеттерiмен байла-
ныстырады. Тiптi кейбiреулер оның себебiн Раиса Максимовнаның
(Горбачевтың әйелi) мемлекеттiк саясатқа ықпал еткенiнен көредi.
Ақырында, бiз «әйелдi iздеңдерге» тағы да келемiз. Ал әңгiменiң
шынына келсек, Кеңес Одағының өмiрден кетуi –
оның заман тала-
бына сай жауап бере алмағанында, өндiргiш күштердiң даму қарқыны
төмендеп кетiп, соған байланысты орасан зор қайшылықтардың пайда
болуында т.с.с.
Әрине, маркстiк философия тарихтағы адамдардың сана туынды-
ларының рөлiн шетке шығармайды. Олардың ойынша, «адамдар – өз
драмаларының авторлары мен актерлерi». Бiрақ олар мәселенi тереңдете
қарайды – сол белгiлi бiр уақытта өмiр сүрiп жатқан қоғамдағы өзектi
идеялардың түп-тамыры қайда кетедi? Неге уақыт өткен сайын бiр
идеялардың орнына екiншi идеялар келедi? Осы сұрақтарға жауап
бере келiп, К.Маркс адамдардың сана-сезiмiнiң өзi олардың өмiр сүру
жағдайларымен тығыз байланысты, соларға тәуелдi екенiн ашады.
«Болмысты анықтайтын олардың санасы емес,
керiсiнше, қоғамдық
болмыс олардың санасын анықтайды», – деген тұжырымға келедi.
Әрине, қоғам өмiрiнде миллиондаған адамдар өмiр сүредi, олардың
әрбiреуi өзiнiң алдына өмiрлiк мақсаттар қойып, соларды iске асыруға
тырысады. Көбiнесе сол мақсат-мұраттар мен ұмтылыстар бiр-бiрiне
қайшы келiп, бiр-бiрiн тежеп, теңестiрiп жатады. Сол күштердiң парал-
лелелограмы тарихи үдерістi тудырады. Жалпы алғанда, қоғамның
дамуы – табиғи-тарихи үдеріс, ол өзiнiң
белгiлi бiр қажеттi саты-
ларынан аттап өте алмайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Кеңес
Одағының құруының тағы бiр себебi – Лениннiң әлi капиталистiк
сатыға толық жетпеген, соның шеңберiнде дамып кемелiне келмеген
қоғамға сол сатыдан аттап өтiп, социалистiк қоғамды озбырлық жол-
мен таңуында болса керек.
Нәтижесiнде, неше түрлi трагедиялардан
өтiп, бiз социализмнiң дүниеге ерте уақытсыз келген әлсiз бұрмаланған
түрiн орнаттық. Оған жету жолында миллиондаған адамдардың өмiрiн
құрбан еттiк. Ендi, мiне, «ұлы мәртебелi Тарих» бiздiң жағамыздан
ұстап, сендер қайда кеттiңдер деп, бiздi аттап өткен сатымызға қайта
оралтып жатыр.
Бүгiнгi таңдағы қиындықтардың түп-тамыры, мiне, тарихтағы сол-
шыл саясатқа барып тiреледi, оған Маркс кiнәлi емес. Қоғам өмiрiн-
дегi саяси,
құқықтық, моральдық, дiни т.с.с. көзқарастардың рөлi
235
қаншалықты үлкен болғанымен, олардың өзi белгiлi бiр сатыдағы
өндiрiс тәсiлiнiң нәтижесi ретiнде қаралуы керек.
Маркстiк философияда танымдық мәселелерге де жаңа сипат
берiледi. Бұрынғы материализмге келер болсақ, олар танымды
түйсiктер арқылы бейнеленетiн аңдау ретiнде түсiндi: сыртқы дүние
бiздiң сезiмдiк мүшелерiмiзге өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның дүниенi
қабылдауын
туғызады, яғни адам – енжар келетiн қабылдаушы ғана,
ал белсендiлiк сыртқы дүниедегi заттар мен құбылыстардан шығады.
Ал Маркстiң ойлауына қарағанда, қайсыбiр дүниетаным субъект (адам)
пен объектінің (сыртқы дүниедегi танылатын зат) өзара байланысы мен
iс-әрекетiнен тұрады. Адамның назарына, iс-әрекетiне түспеген таза
объект – ол табиғаттың шикiзаты ғана. Ф.Энгельстiң айтуына қарағанда,
«жаратылыстану мен философияда осы уақытқа дейiн адамның ойла-
уына тигiзетiн iс-әрекеттiң ықпалын зерттеудi есепке алмады. Олар,
бiр жағынан, табиғатты ғана, екiншi жағынан, ойлауды ғана бiлдi.
Бiрақ адамның ойлауының ең жақын да мәндi негiзi тек сол жалғыз
табиғаттың өзiнде ғана емес, сол
табиғатты адамның өзгертуiнде, тек
сол өзгерiстерге сәйкес адамның ақыл-ойы ары қарай дамиды». Тек
адамның белсендiлiгi арқылы зат танылып, оның iс-әрекетi арқылы
қайта құрылып, оның қажеттiктерiн өтейдi. Сонымен, танымды ескiше
аңдау ретiнде түсiну, шынына келгенде, барлықта жоқ абстракция
ғана. Шынайы өмiрдегi таным – ол
Достарыңызбен бөлісу: