344
отыратын iшкi механизм. Адам психикасының iргетасы ретiнде тым
терең жатқан және өте көне құрамдас бөлiгi – ол
«Libido»
(латын
сөзi, құштарлық, iңкәрлік, құмарлану деген мағына бередi), я
бол-
маса оны қысқаша
«Id»
деген екi әрiппен бередi. З.Фрейдтiң ойынша,
оған адамның барлық бисаналық түрде өтiп жататын психикалық
құбылыстарының бәрi де кiредi.
Оларға инстинктер, күңгiрт сезiмдер
мен түйсiктер, ындын-тiлектер т.с.с. жатады. Бисаналықтың өзегiне
З.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады. Ол бүкiл
адамның психикалық жан дүниесiне
өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның
«өздiгiн», ерекшелiгiн құрайды.
З.Фрейдтiң ойынша, егер адам психикасының ең терең қабаты ләззат
алуға тырысса, сана, керiсiнше, сыртқы дүниеге,
айнала қоршаған
ортаға бейiмделуге асығады. Осы себептi сана мен бисаналықтың
арасында әрдайым қайшылық пайда болады. Егер тәрбие барысында
адамның жан дүниесiне енгiзiлген әлеуметтiк
нормалардың талаптары
өте күштi болса (Super ego), онда ләззат алуға бағытталған жыныс күш-
қуаты сыртқа шыға алмай, бiр жағынан,
адамды невроз ауруларының
түрлерiне әкелсе, екiншi жағынан, ол белгiлi бiр жағдайда
сублима-
цияланып
(sublimatio –
латын сөзi, «биiкке көтеремiн» деген мағына
бередi), яғни жыныс энергиясы мәдени шығармашылыққа айналып,
тұлға үлкен рухани туындыларды дүниеге әкелуi мүмкiн.
Жүре келе, З.Фрейд бисаналықтың шеңберiнен екi негiзгi инстинктi
бөлiп алады. Олар – «өмiр инстинктi» –
Достарыңызбен бөлісу: