Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет298/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
«эмпириокритицизм»
, яғни тәжiрибенi сынға алу деген 
мағына бередi. Негiзгi өкiлдерi – 
Эрнст Мах
(1838-1916 жж.), 
Рихард 
Авенариус
(1843-1896 жж.) т.с.с.
Жоғарыда көрсетiлген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда 
«тәжiрибе» деген ұғымды қайта қарауға әкеледi. Олардың ойынша, 
бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың 
қарама-қарсылығын жояды. Тәжiрибенiң құрамдас бөлiктерiн алып 
қарасақ, оның физикалық және психикалық элементтерден тұратынын 
байқаймыз. Егер бiрiншiсi – сыртқы тәжiрибенiң мазмұнын көрсететiн 
болса, екiншiсi iшкiнi көрсетедi. Ал элемент дегенiмiздiң өзi, нақтылай 
келгенде, адамның түйсiктерi болып шықты. Олай болса, олар 
субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъект жоқ
деген пiкiрге келедi. 
Мұны олар танымдағы 
«түбегейлі сәйкестiк»
деп атады. Әрине, субъ-
ект, яғни танымдық қабiлетi бар адам бар жерде – объект, яғни таны-
латын айнала қоршаған дүние бар. Нағыз ақиқаттың өзi адамның жан 
дүниесiнен өтiп, оның неше түрлi тебiренiстерiн туғызып, адамның 
осы дүниенi телегей-теңiз ретiнде қараса, соның бiр тамшысы ретiнде 
сезiнгенде ғана пайда болса керек. Сонымен қатар танымның бұл 
жақтарын абсолюттеп шегiне жеткiзсек, әрине, субъективтiк идеализм 
жолына түсiп кетуге әбден болады. Сондықтан марксизмде мұндай 
көзқарас уақытында сынға алынған болатын.
Эмпириокритицизмнiң негiзгi қағидаларының бiрi – 
«ойлаудың 
тиiмдiлiгi»
және ғылымда тек 
суреттеу идеалына
жету. «Ойлау 
тиiмдiлiгiн олар организмнiң өз-өзiн сақтау үшiн биологиялық 
қажеттiктердi өтеу жолындағы бейiмделуiнен шығарады. Ғылымдағы 
ойлау тиiмдiлiгi «субстанция», «себептiлiк», «алғашқы негiз» т.с.с. 
мазмұнсыз санаттардан бас тартуды қажет етедi», – дейдi олар. 
Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердiң өзара байланыс-
тарын суреттесе болғаны. Сол кездегi ғылымдағы ашылған күрделi 
жаңалықтарға философиялық-әдістемелік тұрғыдан түсiнiк бере 
алмаса да, олар ХХ ғ. басында басталған ғылыми төңкерiске ғылыми 
қауымдастықтың көңiлiн аударды.


330
Ендi, мiне, бiз ХХ ғ. 20 жылдарында пайда болған позитивизмнiң 
үшiншi сатысы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет