332
К.Поппердiң идеялары
И.Лакатосқа
зор әсерiн тигiздi. Ғылымның
тарихи дамуын зерттей келе, ол
«ғылыми зерттеу бағдарламасы»
атты
танымдық әдістемені ұсынады. Қайсыбiр кемелiне келген ғылымда өне
бойы жаңа теориялар пайда болып, бiр-бiрiн ауыстырып жатады. Ал
оның өзi сол ғылымдағы қабылданған «зерттеу ережелерiмен» тығыз
байланысты. Олардың бiреуi (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жол-
дарына сiлтесе, келесiлерi (терiс эвристика) қай зерттеу жолдарынан
аулақ болу керек екенiн көрсетедi.
Қайсыбiр «ғылыми-зерттеу бағдарламасының» iшкi бұзылмайтын
«қатты өзегi»
болады, оған iргетасы терiске шығарылмайтын
қағидалар ғана кiредi. Ал оны қоршап тұрған
«қорғайтын шеңберге»
келер болсақ, ондағы гипотезалардың негiзгi функциясы бағдарламаның
өзегiн қорғау болып табылады. Бiрақ гипотезалар фальсификацияланып
жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкiн. Онда оның
орнына жаңа гипотеза келедi.
«Ғылыми-зерттеу бағдарламасының» ары қарай өрлеу мүмкiндiгiн
қалай анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның
теориялық өсуi оның эмпириялық өсуiнен алда жүрсе, яғни теориялық
түрде болашақта ашылатын кейбiр деректердi болжай алсақ, онда ол –
өрлеу үстiнде. Ал жаңа ашылған деректердi соңынан теориялық түрде
жалпылау, түсiну дегенiмiз – ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын
арада оның басқа «ғылыми-зерттеу бағдарламасына ауыстырылатынын
көрсетедi.
Ғылымның даму тарихы – неше түрлi зерттеу бағдарламаларының
бiр-бiрiмен сайысқа түсуi, олардың эвристикалық мүмкiндiктерiнiң
ашылуы. Ғылымның iшкi және сыртқы тарихы бар. Iшкi тарихқа идея-
лар мен әдістемелердің бiр-бiрiн ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына
ғылымды ұйымдастыру формалары мен ұлы тұлғалардың қызметi
жатады.
Постпозитивизмнiң келесi iрi өкiлi –
Достарыңызбен бөлісу: