335
бiр жағынан, дүниетануға бағытталған iс-әрекет –
ноэзис
бар, екiншi
жағынан, осы таным үдерісiнде ашылған мазмұн –
ноэма
бар.
Э.Гуссерльдiң ойынша, барлық ғылымның, жалпы дүниетанымның
негiзiнде
«өмiрлiк дүние»
жатыр. Ол – «барлық адамдарға мәлiм»,
«тiкелей анық», «адамның көзi жеткен», өмiрде кең қолданылатын,
ол жөнiнде адамдар көп ойланбайтын нәрселер. Сондықтан «өмiрлiк
дүние» бүкiл адамның дүниетанымы негiзiнде жатыр. Ол «алдын ала
берiлген көкжиек», адамның практикалық iс-әрекетiнiң шынайылығы
мен мүмкiндiктерiн көрсетедi. Ол қайсыбiр ғылым саласынан бұрын
пайда болған, сондықтан барлық адамның тәжiрибе мүмкiндiктерiнiң,
дүниетанымының алғышартын құрайды. ұғымдық сараптау арқылы
жүретiн ғылыми таным – әрқашанда шектелген, толық емес, ал «өмiрлiк
дүние» – әрқашанда айқын, сондықтан оның мәртебесi анағұрлым
жоғары.
«Өмiрлiк дүние» неше түрлi мән-мағынаға толы, солар арқылы
бiз заттарды танып, оларға мән-мағына беремiз. Бiрақ адамдардың
көпшiлiгi дүниедегi санадан тыс өмiр сүрiп жатқан заттарды танып-
бiлiп жатырмыз деп ойлайды. Ал, шынына келгенде, адам «өмiрлiк
дүниеден» шығатын мән-мағынаны заттарға таңады. Сондықтан фено-
менология осы неше түрлi мән-мағыналар санадан қалай пайда бола-
тынын зерттейдi. Ол үшiн сананың алғашқы негiзiнде жатқан таза
формаларын зерттеу қажет. Оған жету үшiн Э.Гуссерль «эпохе» әдiсiн
қолданады.
«Эпохе»
дегенiмiз – феноменологиялық редукция (қысқарту)
арқылы заттардың кеңiстiк пен уақыттың шеңберiндегi барлық өмiрдегi
байланыстарын «жақшаға алу», «сөндiру» құралы. Осының арқасында,
заттың «эйдосы», яғни таза идеясы, мәнi ғана қалады да, ол таза санаға
ашылады.
Сөйтіп, таза сананы ашқанда, бiз одан «Абсолюттiк Мендi» (субъ-
ективтiк ағымды) табамыз. Дүниедегi адамның iс-әрекетке түсетiн
барлық заттары мен құбылыстарына сана мән-мағына бередi екен. Олай
болса, санадан тыс өмiр сүрiп жатқан объективтiк шындық жоқ. Ал
сана өзiн-өзi арқылы түсiнiп, өзiн феномен ретiнде қарайды.
Э.Гуссерльдiң феноменологиясы ХХ ғ. көп ағымдарға өз ықпалын
тигiздi. Әсiресе герменевтика мен экзистенциализмге. Ендi сол бағыт-
тарды талдауға көшейiк.
Достарыңызбен бөлісу: